Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақтың ұлттық аспаптары. -

Қазақтың ұлттық аспаптары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1187 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылы
Қойгелді атындағы орта мектеп
Музыка пәнінің мұғалімі М.Ақыбаева
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық аспаптары.
«Бөбегім» әнін үйрену.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының аспаптарының шығу тарихыннан мағлұмат беру, халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру,музыканы тыңдау, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету, музыкалық сауатын ашу.
Дамытушылық: Әнді әдемі сезіммен орындауға баулу, халық музыкасымен сусындату, көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту. Оқушыны сөйлеуге ойын тұжырымдауға үйрету.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, музыкалық аспапта, олардың суреттері.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: музыка тыңдау, әңгімелесу, ән үйрену, сұрақ жауап.
Пәнарарық байланыс: тарих, әдебиет, ана тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйтапсырмасын тексеру.
1. Халықтың рухани қазынасы кімдер?
2. Асанқайғы кімдердің замандасы болған?
3. Кетбұға қанша жас жасаған?
4. Байжігіттің күйлерін ата?
5. Дыбыстар қатарының тізбегін ата.
6. Боғданың күйлері қанша?
7. Октава дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық аспаптары: Домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген.
Жұмбақ
1.тиіп кетсе жылаған
даусы көпке ұнаған (домбыра)
2 .Бас, құлақ, мойны бар,
Үп үлкен шанағы бар
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар, әні бар. (қобыз)
3.Сазымнан жасалған,
Өрнектеп қашалған
Сырнайдың үніндей,
Бұлбұлдың біріндей.( сазсырнай)
4.Жеті ішектен түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар
Ойнап кетсең,түрлі жыр шығар,
Бұл қай аспап (жетіген)
«Күллі тәрбиенің кілті-отбасы, ошақ қасы» деп ата бабаларымыз дәл басып айтқандай, айналадағы табиғат пен жаратылыс сырларына мән бере білген адамдар дыбыстың құралдардың да небір түрлерін жасап ала білген. Ежелгі дәуір адамдары өз ой-танымын түсінігін, тұрмыс қарекетін сол дәурдегі құбылыстарды жартас беттеріне қашап, қырнап түсіріп отырған. Солардың ішінде түйелер, жылқылар, қару-жарақтар, ыдыс-аяқ, адам сұлбаларымен қоса дыбыстық құралдар түсірілген ескерткіштер қазақ даласымен әр өңірінде кездеседі.
Қазіргі таңда бұл үлгілердің аспаптану ғылымына да қатыстылығы анықтала түсіп бірқатар елдердегі ғалымдардың еңбектері де көрініс тапқан. Мәселең Ақсу жабағысы, Қарабулау тау жоталары жартас бетттерінде қашалған. (суреттер көрсетіледі)
Шертпелі және көпшекті аспаптар.
Қазақтың шерпелі аспаптарының ішіндегі ең көп қолданылатыны және көптеген үлгі-нұсқаулары бары домбыра. Домбыра негізгі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, кеуде. Шанақ, қақпақ.
Шертер. Оның көне нұсқасына перне тағылмайтын болған. Ішегі жылқы қылынан тағылғандықтан, ертеде шерпе қыл деп атаған. Ол қылқобызға ұқсас, ыспалы емес, шерпелі асапап.
Керуіш. Керуіш негізі тұрқы бұрышты, доға кейде садақ тәрізді иіп шеңберлі етіп шырша, долана. Емен секілді қатты ағаштан жасалған.
Ыспалы аспаптар.
Қылқобыз-абыз жыраулар , бақсылық әрекеттерімен байланысты дамыған. Сазген, қобыз, нарқобыз, егек, бозаншы секілді бірнеше үлгі-нұсқаулары қалыптасқан. Ертеде шеберлер мен қобызшылар табында жүрген жылқылардың қылын көктемнің соңына қарай күзеп алған. Себебі тірі жылқы қылының тартылыс күші, энергиясы мол болып келеді екен. Сондықтан өлген жылқының қылын пайдаланбаған.
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Оңға басты бұрайық
Солға басты бұрайық
Бір отырып ,бір тұрып
Орнымызға қонайық.
Музыка тыңдау:
М.Мақатаевтың сөзіне жазылған
«Бөбегім» әні.
Жаутаңдайтын жанарың
Жаным бөпем, жан балам.
Мен елжіреп барамын,
Сенің даусың ән маған.
Қайырмасы:
Әлди, әлди, бөбегім,
Айналайын бөбегім.
Жүзіңдегі ақ шуақ
Кеудемдегі самалым
Шырылдамай түндерде
Ұйықтап алшы, бөбегім.
Сабақты бекіту:(дидактикалық ойын)
Асатаяқ үрлеп
Дауылпаз сілкіп
Сыбызғы ұрып
Домбыра ысып
Қобыз шертіп
Сабақты бағалау:
Үйге тапсырма:1.Әнді жаттап, орындай білу.
2. Ережені жатқа айту.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.