Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеудің мүмкіндіктері -

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеудің мүмкіндіктері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1373 | Размер: | Автор: гость
. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеудің мүмкіндіктері
/баяндама/
Халық педагогикасына тән жалпы білім беретін мекемеде өнімді де өміршең сала - ойын. Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге,отан сүйгіштікке баулуда, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал. Балалар ойындарында жас ерекшелік, физиологиялық дамуына үйлесімді қимыл-қозғалыс, тіл ұстарту, сөздік қорды молайту жағынан өте бай және педагогикалық заңдылықтар тапқырлықпен үйлесімді қиыстырылған. Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар әкелуі жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар. Ежелден «Адам ақылымен сымбатты» деп санаған халқымыз тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала тәрбиесіне лайықтап, шебер пайдалана білген. Балалық кездегі ойындарды тәрбие мәселесінен бөліп қарауға болмайды . Екеуі бірлестікте қарастырылады.
Ұлттық ойын-халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол - балалық шақтың қайталанбас ескерткіші, әрбір тұлғаның, әр бір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға дарытудың алқашқы машығы.
Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойындарының ежелден қалыптасқан түрлерінде ресми жағынан жасалмағанымен де, ойынның мазмұндық сипаты мен түріне қарай ажыратуға боларлық із - соқпақтар, белгілі жүйе сайрап жатады. Халықтың ұлттық ойындарына тән ерекшелік бала ойыны деп жалпы аталғанымен, жеткіншектің жасына қарай ішінара топтастыруға боларлық сипаттар баршылық.
Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Балалықтың базары шағындағы ойынның қайсысында мазмұнына қарай, өлең, тақпақ, ән араласады. Оның тікелей мазмұнында болмағанмен жеңіліс тапқан топ немесе ән, болмаса би билеп, күлдіргі әңгіме айтып айыбын өтеуге тиіс. Бұл -қазақтың ұлттық ойындағы басты ерекшелік. «Кім бұрын?» «Қаздар мен қасқыр», «Доп орталығы», «Доп үшін күрес», «Тартыспақ», «Ортаны тап», «Қоян мен қасқыр», «Қуыспақ», «Жұмбақ шеш», «Мерген мен үйрек», «Көмбеге кім бұрын жетеді?» «Кім байқағыш», «Қапы қалмас», «Кім жылдам?», «Допты көршіңе бер», т.б ойындарды ойнатуға болады. Ұлттық ойын қазақтың халықтық шығармасы - ауыз әдебиетімен біте қайнасып, бірге өрістеп, бір тамырдан нәр алғандықтан бұларға ортақ құбылыстар көп.
Бала ойынында жеңуші бар да, жеңілуші бар. Әрине, жеңген топ немесе бала табысын жұбаныш етсе, жеңілушінің айыбын өтеуі үшін айтатын тақпағы, биі, мақал-мәтелі, жұмбағы болуы керек. Сонда бала ойынның қай түрінде болсын - іс -әрекет, ән, би, өлең, жұмбақ, нақыл сөз араласа жүретіндіктен деп танимыз. Мұның педагогикалық мәні - баланы жан-жақты дамуға, тәлім-тәрбиенің арнасын кенейтуге мүмкіндік беретін тиімді жол екендігінде. Мәселен, мақал-мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір түрі.
Он екі мүшең сау болса, сәулет емей немене,
Он саусағын сау болса, дәулет емей немене.
Денсаулық кепілі-тазалық.
Тәні саудың - жаңы сау.
Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық:
1. Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады
2. Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар пәндерден алған білімдерін толықтырады.
3. Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды.
4. Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді, т.б
Бала ойыны қоғамдық құрылыстың өзгеруіне, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңаруына, мазмұны мен сипаты жағынан тиісті өзгерістерге түсіп отырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.