Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« ҚАЗАҒЫМНЫҢ  ҚЫЗДАРЫ  АЙ» -

« ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚЫЗДАРЫ АЙ»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1488 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ТАҚЫРЫБЫ: « ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚЫЗДАРЫ АЙ»

Мақсаты: қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет – ғұрып, салт – дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отан сүйгіштік сезімдерге баулу.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, тіл байлығын, таным білімділігін аттыру.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, плакаттар, слайд, шарлар.
Барысы: Үйымдастыру кезеңі: Музыкалық сәлемдесу.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы аналар, қадірменді ұстаздар, студенттер!
колледжіміздің сұлу да сымбатты қыздарын келе жатқан 8- наурыз мерекесімен құтықтай отырып, әр отбасыға береке шаттық тілеймін.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
2-жүргізуші:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата аналар мен патша көңіл көрермендер! Бүгін көктемнің шуақты күндерінде біздің елде үлкен мереке. Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өз бағын сынауға келіп тұр. Олай болса «Қазағымның қыздары - ай» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Сайысты бастамас бұрын колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Естаев Алмас ағайға сөз береміз.
1 -Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Алдымен сәлем беру – салтым менің
Шығады көркем ару, сұлуларың
Қарсы алып, құрметтейік, туған халқым.
Олай болса «Іске сәт» дей келе, аруларды ортаға шақырамыз,
- әділ қазылар алдынан өздерінің реттік нөмірлерін алады.
Ендеше ару қыздарымызды таныстырып өтейік.
Орынбасар Перизат
Нұрғали Толғанай
Утелиева Айдана
Сейдулла Айгерім
Көшкінбай Гүлнұр
Тәттібай Әсем
Қыз сынын жүргізуші: Исар Аружан, Аңалтай Бейбарыс.

Ару қыздарымызға қойылатын шарттарымен таныстырайық.
1. Мен қазақтың қызымын. ( Таныстыру)
2. Білім мен дәстүр ( сұрақ - жауап)
3. Өнерліге өріс кең (өнер байқауы)
4. Ас адамның арқауы (салат түрлерін дайындау) .
5. Үй тапсырмасы (қол өнер)
6. Қыздарға әсемдік жарасады (киім үлгісі)

Ендеше әділ қазыларымызды байқау талаптарымен таныстырып өтейік.
1. Өзін – өзі ұстауы;
2. Сөйлеу мәдениеті;
3. Жүріс тұрысы;
4. Киім үлгілері, эстетикалық талаптарға сай болу.
2-жүргізуші:
1-айналым. Мен қазақтың қызымын.(таныстыру)
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
Ортаға 1- нөмірлі аруымызды шақырамыз. (таныстыру)
7 қызымыз өздерін таныстырады, әділ қазылар өз бағаларын береді.
1-жүргізуші:
2-айналым. Білім мен дәстүр (сұрақ - жауап)
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
Ару қыздарымызды ортаға шақырайық. Әділ қазыларымыздың алдынан сұрақтарымызды алып, оқимыз сұрақтарға дайындаламыз.
Кәнекей арулар гүлде жасырылған сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бірінші аруымызды ортаға шақырайық:
Әділ қазылар бағаларыңызды беріңіздер.
Ән орындайтын 1 курс студенті Жамалбеков Амангелді.
2-жүргізуші:
3-айналым. Өнерліге өріс кең ( өнер байқауы)
Қазіргі тамашалайтындарыңыз өнер байқауы.
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер – білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшандасын деп,
Өнер – өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жаман тәлім алмайық,
8 колледж дәстүрін.
Жаңалайық жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық – дей келе ару да сымбатты қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.
1- аруымызды ортаға шақырамыз.
Аруларымыз ас мәзірін дайындап болғанша көрермендермен ойын.
8- наурызға тілек айтады.
1-жүргізуші:
4-айналым. Ас адамның арқауы: ( ас мәзірі)
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер – білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті.
Аруларымызды ортаға шақырамыз . Арулар әзірлеген жеміс – жидектер, көкеністерімен қолдан турап салат дайындайды.
Дайындаған салатының атын айтып, толық түсіндіріп береді.
Бұл жерде жылдамдық. « Іске сәт» арулар.
Аруларымыз салаттарын дайындап болғанша.
Сіздердің алдарыңызда: Ассорти КВН командасы.
1- Жүргізуші:
5-айналым. Үй тапсырмасы ( қол өнер).
«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» қол өнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы.
Өнер білім, өнерге тұнған дарын,
Өнерге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқаларын.
«Еңбек түбі береке» атты үй тапсырмасына берілген арулардың шебер қолдарынан не жасап келгенін көрсету. Түсіндіріп беру.
Аруларымызды ортаға шақырайық.
Ән орындайтын: Аңалтай Бейбарыс және Аңалтай Байдәулет.
Көрермендермен ойын - ойнап жіберейік.
1-жүргізуші:
6- айналым. Қыздарға әсемдік жарасады (киім үлгісі)
Қыздарға әсемдік жарасады
Талғамы таң нұрынан таласады
Қыпша бел, сұңғақ бойлы қара көзге
Жан біткен таңдай қағып қарасады,- қыздарымыздың күнделікті тұрмыста, салтанатты кештерде талғаммен киім киіу үлгілерін тамашалайық.
1 аруымызды ортаға шақырайық. Қошеметпен.
2-жүргізуші:Осымен арулар 6- кезеңнен өтіп, өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті.
Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ қазы әділ баға - дей келе,әділ қазыларға сөз береміз.
Әділ қазылар қортынды шығарғанша.
Ән Илиясов Нұрсұлтанның орындауында «Бәрін кештім» әнін қабыл алыңыздар.
Қортынды: Марапаттау.




1. Қыз үйден аттанарда қандай ырым сақтауы керек ?
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам?
3. Жұмбақ:
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың .
1. Қыз әкететін күйеу қандай жоралғы жасауы керек?
2. Үш арсызды ата?
3. Жұмбақ:
Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан.
1. Дәннен дайындалатын ұлттық тағамдарды атап берсеңіз?
2. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді?
3. Жұмбақ:
Қимылдаса қол шебер,
Қыруар – қыруар іс өнер.
1. Қос табақ кімдерге тартылады, оған қандай кәделі мүшелер салынады?
2. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер?
3. Жұмбақ:
Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
1. Қазақтың ұлттық ойындарын атап берсеңіз?
2. Ұлттық бас киімді ата?
3. Жұмбақ:
Бір сусын бар жұртымда , ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, ірімшік май құртыңда.
1. Адам дүниеге келгеннен бастап, қандай жиын - тойды бастан өткереді?
2. Киізге ою- өрнек басып жасалған кілемше?
3. Жұмбақ:
Дастарханға шуылдап, күніне үш жиылар.
Жарты сағат қимылдап, жарты сағат жуынар.
1. Қыз үйден аттанарда қандай ырым сақтауы керек ?
Жанашыр туыстары жұбату айтқан соң, сыңсуды қатар – құрбылары
құрметтеп әкеткенше табалдырықтан аттамайды, артына бұрылып
қарамайды.
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам? ( Құрт)
3.Жұмбақ:
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың . (Тұз)
Мақал-мәтел . Доссыз адам – тұзсыз ас.
1.Қыз әкететін күйеу қандай жоралғы жасауы керек?
Қол ұстар, шаш сипатар, бақан салар, күйеу табақтарға ырымын істейді.
Тәжім салады.
2.Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі , тамақ.)
3.Жұмбақ:
Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. ( Қасық)
Мақал – мәтел. Құрғақ қасық ауыз жыртар.
1.Дәннен дайындалатын ұлттық тағамдарды атап берсеңіз?
Тары, қуырылған бидай, қуырған жүгері, жент, құрғақ мәйсөк.
2. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді? ( 4) (жануар тектес, өсімдік тектес,
геометриялық, космогониялық ).
3.Жұмбақ:
Қимылдаса қол шебер,
Қыруар – қыруар іс өнер. ( Қол)
Мақал – мәтел. Көз қорқақ, қол батыр.
1.Жай табақ кімдерге тартылады, оған қандай кәделі мүшелер салынады?
Көпшілікке салынады, оған ортан жілік, жауырын, тоқпа жілік, қабырға, омыртқа салынады.
2.Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (Кілем тоқу, құрақ құрау,
киіз басу, сырмақ сыру).
3.Жұмбақ:
Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. ( Дастархан)
Мақал – мәтел. (Қоныс көркі –там, Дастархан көркі нан).
1.Қазақтың ұлттық ойындарын атап берсеңіз?
Ағаш аяқ, ақсүйек, жүзік, асық ойыны, бес тас.
2.Ұлттық бас киімді ата? ( Сәукеле, бөрік, тақия).
3.Жұмбақ:
Бір сусын бар жұртымда , ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, ірімшік май құртыңда. ( Сүт)
Мақал – мәтел. ( Жылқыда өт жоқ,құста сүт жоқ)
1.Адам дүниеге келгеннен бастап, қандай жиын - тойды бастан өткереді?
Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, үйлену тойы.
2.Киізге ою- өрнек басып жасалған кілемше? ( түскиіз)
3.Жұмбақ:
Дастарханға шуылдап, күніне үш жиылар.
Жарты сағат қимылдап, жарты сағат жуынар. ( Ыдыс - аяқ)
Мақал – мәтел. Шешесін көріп, қызын ал. Ыдысын көріп , асын іш.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.