Меню
Назад » » »
Ғажайып физика
загрузка...

загрузка...
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Байкенже ауылы
№193 қазақ орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі: Шынар Шайдарова
I.Сайыс сабақ
Тақырыбы: Ғажайып физика
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
7 ,8 сынып оқушыларынан құралған топты екі командаға бөліп бірінші командаға –«Зерде» деп, екінші командаға «Ғаламшар» деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
I – бөлім: Жұмбақтар
II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
IV. Қатесін тап!
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
VI - бөлім. «Кім тапқыр»
VII – бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы)
Бірінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».
I – бөлім: Жұмбақтар:
1. Етек – жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді. Жауабы: Бұлт. (1балл)
2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор (1 балл)
3. Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді. Жауабы: трансформатор (1балл)
4. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ (1 балл)
5. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) (1балл)
6. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді6
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

7. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай
8. Отқа жанбас,
Суға батпас. Жауабы: мұз (1балл)
9. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. Жауабы: шаңғы (1балл)
10. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді Жауабы: Су (1 балл)
II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар тебіледі.)
4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
5. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?(Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
6. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.
IV. Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға беріледі.
1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
VI.бөлім «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде екі топқа анаграмма беріледі. Артық сөзді табу керек және себебін түсіндіру қажет.
ИМАТМЕАТКА - МАТЕМАТИКА
БЛИОГОИЯ - БИОЛОГИЯ
РХИТА - ТАРИХ
ПӘРЕДТ - ДӘПТЕР
Артық сөз – Дәптер. (Себебі: ол оқу құралы болып табылады).
VII – бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып қағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері жазылған.
Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздерге әрқайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зияны жайлы сөз айтасыңдар.
{Мысалы}
пайдасы
зияны
Физика
Ғарышқа шықтық
бомба
информатика
интернет
радиация
VII. Қорытындылау бөлімі.
Сабақ қорытындыланып жақсы қатысқан оқушылар марапатталады.мыс жоспары Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ғажайып физика можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 366 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar