Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғажап ертегі әлемі -

Ғажап ертегі әлемі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4622 | Размер: | Автор: гость
. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Сарсенбаева Гульвира Балдановна

Білім беру саласы: «ҚШТӘ»
Тақырыбы:«Ғажап ертегі әлемі»
Тобы: ересек топ
Бөлімдері: Көркем әдебиет, құрастыру, музыка, математика, экология, би, ағылшын.
Мақсаты: Білімділік: жаңа технологияны пайдалана отырып, өлең, жұмбақ шешу ертегіні сахналауға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ертегі арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ертегі арқылы балаларды қайсарлыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әсемдік әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта,фитер материал, слайд құрастыру, ойыншық, үйшік, орман ағаштары, аңдардың киімі, таяқша
Сөздік жұмыс: себелеп, нөсерлеп
Билингвальді сыңары: күз-осень, ертегі-сказка, күзгі гүл шоғы-осений букет, түлкі-лиса, қоян-заяц.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

3 ағылшынша амандасу

Шаттық шеңбері
Қайырлы таң!
Қайырлы таң күн!
Қайырлы таң!
Қайырлы таң біз сіздерді,
Көргенімізге қуаныштымыз!

Доброе утро, доброе утро!
Доброе утро солнце!
Доброе утро!
Доброе утро, мы рады ва видеть!

Good morning, good morning!
Good morning to sun!
Good morning,
Good morning, we are glad to see you!

Балалар мен кеше мына қонақтармен қоса ертегідегі қызыл телпекті қонаққа шақырып едім, бірақ неліктен екенін білмеймін ол кешігіп жатыр. Осы кезде ұялы телефон шырылдайды.
-Балалар менің телефоныма хабарлап келіпті. Бұл қызыл телпек хабарлама жіберіпті,тездетіп теледидарды қосып, көрейікші. (теледидар қосылады)
Қызыл телпек: Саламатсыңдар ма балалар, мен кеше қонаққа Гульвира Балданқызы шақырып еді, сендердің білімділіктеріңді, ақылдылықтарыңды көрейін деп едім, біраққасқыр менің жолымды адастырып жіберді, мына тапсырмаларды берді. Маған көмектесіңдерші. Осы тапсырманы сендер орындасаңдар, менің жолым ашылар еді, көмектесеңдерші балалар, міне тапсырмалар: теледидар арқылы тапсырма беріледі.
Тәрбиеші: Балалар қызыл телпекке көмектесеміз ба?
І –тапсырма
Күз мезгілінің ерекшеліктері
1. Бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
Билингвальді сыңары: қыс-зима, күз-осень, жаз-лето, көктем-весна.
2. Қандай жыл мезгілдері атаңдаршы?
3. Қазір қандай жыл мезгілі?
4. Мына суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?
5. Билингвальді сыңары : күз-осень
6. Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
7. Жапырақтар неліктен сарғайып түседі?
8. Күз мезгілінде не жауады?
9. Жаңбыр қалай жауады?
Саусақ жаттығуы
10. Күз мезгілі туралы кім тақпақ біледі?

Амина: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Ағаштың жапырағын селдіретіп.
Бір тойдырып қамту үшін елімізді,
Сабырлап сары алтын күз де келді.

Айзере: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Баршамыз бір тойлайық,
Қол созып бір қоштасайық.

Аяжан: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сылдыр, сылдыр түседі.

Арман: Түсіп жатыр аулада,
Ағаштардан жапырақ.
Алтын күзім келді ме,
Сарғайып жапырақ.

Алижан: Листопад, листопад,
Листья кружатся, летят.
Мы букеты саберем,
И на праздник отнесем.
Даниял: Down, down
Yellow and brown
The leaves are falling
Over the town
Ангелина: Autumn is yellow
Winter is white
Spring is green
Summer is bright
-Балалар сендер күз мезгілінің ерекшеліктерінің барлығын біледі екенсіңдер. Ендеше бүгін біз күзгі жапырақтардан күзгі гүл шоғын мына құмыраға жинап көрейік. Фетер материалынан дайын жапырақтар арқылы күзгі гүл шоғын дайындау.
-Міне біздің күзгі гүл шоғы да дайын болды. Біз жинаған гүл шоғына ат қояйық.
-Қандай ат қойсақ екен?
-Өте дұрыс біз қызыл телпекке көмектесіп тілегіміз орындалды. Мнемо кесте берілген екен. Мына суреттер арқылы өлең жолдарын құраңдар депті. Кәне біз өлең құрап көреміз ба?
Қызыл, сары жасыл көк,
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

ІІ- тапсырма құрастыру.
Сергіту сәті
Ойнақтаған ор қоян,
Түлкіні көріп орманнан.
Ойлы қырлы жерлерден
Ытқып, ытқып секірді,
Бұтаға барып тығылды.

ІІІ-тапсырма
-Балалар бұл тапсырмада бірнеше ұйяшықтар беріліптіг Осы ұяшықтың тапсырмасын орындауымыз керек.

1141



Әр балаға ұяшықтардың бірін таңдатқызу. Мысалы: 1 ұяшық қызыл-деп бала таңдайды, ұяшық ашылады., ертегінің суреті көрінеді. Бала сол ертегіні атап айту керек. Тәрбиеші: ертегіні жұмбақтап айту.

1 ұяшық
Жұмбақ: Атам өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын,
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады.(Бұл қай ертегі?)

2 ұяшық:
Жұмбақ: Пи-пи-пи мен
Шиқылдауық тышқанмын.
Бақ-бақ бақылдауықпын (Бұл қай ертегі?)

3 ұяшық: көк
Жұмбақ: Ызылдап кеп баланы,
Шағып кетті қу маса,
Қуа кетті қарлығаш.

4 ұяшық: Жасыл
Жұмбақ: Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты,
Шақырыпты мысығын,
Мысығы оның келмепті,
Ол өкпелеп қалыпты

5 ұяшық:
Жұмбақ: Терезеге суытып,
Қойып еді апасы,
Қашып кетті ол енді,
Кездестіріп бір аңды.
Біраз жолдан асып кетті.

6 ұяшық:
Жұмбақ: Көріп бір үйді тұрғанын,
Маша қыз кіріп еді,
Тынығайын деп еді.
Кім тұрады екен деп,
Ойлады ол кенеттен.
Тұрады екен ол үйде.

7 ұяшық:
Жұмбақ: Шықты ешкі орманға,
Тамақ іздеп лақтарға.
Аңдып тұрған қасқырда,
Жетіп барды лақтарға.

8 ұяшық:
Жұмбақ: Алдау оның кәсібі,
Табады ол нәсібін.
Билингвальді сыңары: ертегі-сказка

Тіл ұстарту жаттығуы
Ойын: «Аюды ояту»
Ертегі ханшайымы келеді.
Саламатсыңдар ма балалар?
Мен ертегі ханшайымымын.
Сендер ертегін жақсы көресіңдер ме?
Бір орманда қоян мен түлкі өмір сүріпті. Қоян өзіне ағаштан жайлы әрі жылы үй соғыпты. Ал, түлкі өзіне үйді мұздан соғып алыпты. Күндердің күнінде кенеттен күн жылынып, түлкінің үйі еріп кетіпті. Түлкі сонда да сайран салып, би билеп, жүре беріпті. Түлкі би билеп жүргенде, бір күні қар да жауып кетіпті.
Түлкі: Ой, енді не істеймін, қар жауыпта кетті. Енді қайда барсам екен , жаурап кеттім. Мен қоянға барайын. Тук-тук қоян мені үйіңе кіргізші.
Қоян: Түлкі саған не болды? Жаурап кетіпсің ғой,кел кір үйге.
Автор:Сөйтіп қоян түлкіні үйіне кіргізіпті. Әбден жылынып алған түлкі .
Түлкі: Қоян енді бұл менің үйім болады.
Автор: деп қоянды өз үйінен қуып шығады. Шарасыз қоян не істерін білмей, талдың жанына барып жылап отырады. Осы кезде орманның ішінде барыс жүр еді, кенет қоянның жылағанын естіп, қоянның жанына келеді.
Барыс: Қоян саған не болды, неге жылап отырсың?
Қоян: Жыламай қайтейін, түлкі менің үйімді тартып алды, жаурадым деген соң кіргізіп едім.
Барыс: Жүр, мен сенің үйіңді алып беремін.
Автор: Сөйтіп, барыс пен қоян түлкіге келеді.
Барыс: Түлкі қоянның үйінен шық-дейді.
Түлкі: Қазір шықсам түте-түтеңді шығарамын.
Барыс: Қоян ренжімеші мен қорқамын.
Автор: Деп барыс өз жөнімен кете барады. Қоян болса қайтып жылап отырады. Осы кезде қасқыр келеді.
Автор: Қоян сен неге жылап отырсың?
Қоян:
Түлкі:
Автор: Сөйтіп қасқыр да қоянның үйіне алып бере алмапты.
Аю:
Қоян:
Аю:
Түлкі:
Автор: аюда өз жөнімен кетіпті.
Автор: Орманның ішінде шөп шауып жүрген әтеш те қоянның жылап отырғанын көред. Ол қоянның жанына келіп
Әтеш: Қоян неге жылап отырсың?
Қоян:
Әтеш:
Қоян: жоқ сен ала алмайсың, барыс келді ала алмады, қасқыр келді ала алмады, аю келді ала алмады, енді сен де ала алмайсың.
Әтеш: Мен саған үйіңді қайтарамын, маған сенші.
Автор: Әтеш пен қоян түлкіге келеді.
Әтеш: ку-ка-ре-кук мойнымда асылған шалғым бар, түлкіні шаппақ ойым бар.
Түлкі: кәзір, кәзір тоңымды киіп алайын.
Әтеш: ку-ка-ре-кук
Түлкі: етігімді киіп алайын.
Әтеш:
Түлкі: міне, міне, шықтым.
Автор: сөйтіп, батыр әтеш қоянның үйіне өзіне қайтарыпты.
-Балалар сендерге ертегім ұнады ма?
-Түлкінің бұл әрекеті дұрыс па?
Автор: сендер достарыңды ренжітесіңдер ме?
Түлкі келіп қояннан аңдардан кешірім сұрайды.
Осымен ертегіміз аяқталды.
Осы кезде қызыл телпек келеді.
-Балалар саламатсыңдар ма?
Міне менде келдім.
Мені таныдыңдар ма?
Мен қызыл телпекпін.
-Балалар сендерге рахмет тапсырманың бәрін орындадыңдар, менің жолым ашылып сендерге тез жеттім. Мына тәтті нанды апам сендерге беріп жіберді. Мен сендерге ризамын.
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Мен сендерге орыс халық ертегісі қысқы баспана ертегісін алып келдім. Ертегіні сахналаймыз ба?
Ертегі сахналау. Көрініс «Қысқы баспана»
Ертегіні сахналап болған соң тәрбиеші балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Түлкі дұрыс жасады ма?
Сендер достарыңа солай жасар ма едіңдер?
Осы кезде түлкі келіп, кешірім сұрайды.
Барлығымыз достасып, би билеп, көңіл көтерейік.
Би «Буги, буги»
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма сендерге?
Қызыл телпек келеді.
-Балалар сендерге рахмет сендер тапсырманың барлығын орындап едіңдер мен сендерге тез жеттім. Менің апам сендерге тәтті нан пісіріп беріп жіберді. Қызыл телпек қоштасады.
Ал, балалар біздің де оқу іс-әрекетіміз аяқталды, қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық. Балалар амандасады.

Көмектесеміз.

-Төрт мезгіл бар
Қыс, көктем, жаз күз мезгілдері бар

-Күз мезгілі бейнеленген
Жапырақтар сарғайып түсіп жатыр.
Ауа райы салқындағаннан жиі жіиі жаңбыр жауады, нөсерлеп, себелеп, тамшылап.

«Бақыт» деген ат қоямыз.

«Шалқан» ертегісі

«Үйшік» ертегісі

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі

«Мақта қыз бен мысық»
Ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

«Үш аю» ертегісі

«7 лақ жән қасқыр» ертегісә

Алдар көсе

Иә

Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Ертегі кейіпкерлердің рөлдерін сахналап көрсете білді.
Нені игереді: Сөздерді дұрыс айтып кейіпкердің рөлін ойнауды,дұрыс меңгерді.
Нені меңгерді: Орыс тілінде, ағылшын тілінде дұрыс айтуды меңгерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.