Меню
Назад » » »
АЗИАДА
загрузка...

загрузка...
АШЫҚ САБАҚ . «АЗИАДА»
Павлодар қаласы №6 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Смаилова Анар Амангелдіқызы

Қазақ тілі. 4-сынып
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға Азиада туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2.Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
б) оқушыларды түгендеу
в) психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1)жаңа сөздер,ереже;
2)4-тапсырма
ІІІ.Жыңа тақырып: «Азиада».
1 «Азиада» туралы мәлімет беру:
Бірнеше жылдан бері тағатсыздана күткен күніміз де келіп жетті. Астанадағы «Астана-Арена» жабық стадионында Азия ойындары салтанатты жағдайда ашылып, әл-Кувейт қаласынан бастау алған Азиада алауы алып аренада орнатылған ойынның бас қазандығында тұтанды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы атынан ҮІІ қысқы Азия ойындарына қатынасатын барша қауымды шын ықыласпен құттықтады. Әлем халқының тең жартысы мекендейтін Азия құрылығындағы бұл дүбірлі жарыс биылғы жылдың ең үлкен спорт мерекесі екендігін айтып, жанкүйерлерге қызықты көріністермен жақсы әсерлі сезім тіледі.
2. Жаңа сөздермен танысу
Тағатсыздана – с ожиданием
Қысқы ойындар – зимние игры
Бас қазандығына – в главный котел
Жанкүйерлер – болельшики
Азия құрылығында – на материке Азии
3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:
1.Азиада қысқы ойыны қайда өтті?
2.Азиада алауын қай жерден әкелді?
3.Азиадаға қатысқан спортшыларды кім құттықтады?
4.Жанкүйерлерге не тіледі?
4.Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып,қосымшаларын ажырат.
ІV.Үйге тапсырма беру.3-тапсырма,жаңа сөздерді жаттау,Азиада,Қазақстан сөздерін септе.
V.Рефлексия.Бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему АЗИАДА можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 257 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar