Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азық-түлік -

Азық-түлік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1503 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: «Азық-түлік» (13 сағат берілген, 10-шы сағаты)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды заттың атын білдіретін сөздермен таныстыру. Сөздерді жахандық (глобальное) оқуға үйрету. Тапсырманы еліктеу арқылы , заттың атын атауға, естіп-көру арқылы заттардың айырмашылығын таба білуге үйрету. Көрсеткішті суретпен дұрыс сәйкестендіре білуге , сөздерді дұрыс ажыратып, керек суретті дұрыс көрсетуге үйрету.
Дамытушылық: Қарапайым тапсырмалар арқылы, балалардың сөздік қорын молайту. Логикалық ойлау қабілеттерін , білімге қызығушылықтарын арттыру. Дактиль тілін меңгеруін дамыту.
Түзету: Дұрыс тыныс алып, дауысын шығарып сөйлеуін қадағалау.Дыбыс кемшіліктерін түзету. .
Тәрбиелік: Балаларды затты ұқыпты ұстауға, тәртіпті отыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, көрсеткіштер, заттар.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Тұрыңдар.Сәлемдесіңдер!
Бала: Сәлем

II. Фонетикалық жаттығу
Мұғалім: Біз сөйлейміз
А________ О________У_______
ПА_______ПО_______ПУ______(созып айтамыз)
ПА ПО ПУ (қысқа айтамыз)
. . .
Мұғалім: Біз сөйледік.
Отырыңдар

III. Ойын «Дұрыс ата»
Шарты: Көрсеткішті дұрыс атап, суретке сәйкестендіріп қою
Мұғалім: -Біз ойнаймыз
-.... тақтаға шық
- Бұл не?
- Дұрыс ата.
Бала: -нан, қант
Мұғалім: -Дұрыс, бірге айтамыз
Мұғалім:- .... тақтаға шық
- Бұл не?
- Дұрыс ата.
Бала: -май, шай
Мұғалім: -Дұрыс, бірге айтамыз
Мұғалім:- .... тақтаға шық
- Бұл не?
- Дұрыс ата.
Бала: -сүт, тұз
Мұғалім: -Дұрыс, бірге айтамыз
Мұғалім:- .... тақтаға шық
- Бұл не?
- Дұрыс ата.
Бала: -сорпа, ботқа
Мұғалім: -Дұрыс, бірге айтамыз
Мұғалім: -Біз істедік?
Бала:-Біз ойнадық

IY.Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боолып өседі.
Y. Ойын «Не жоқ?»
Шарты: Азық-түліктің дәмін татып, жоқ азық-түлікті көріп, сезіп атай
білу.
Мұғалім: -Біз ойнаймыз
-.... тақтаға шық
- Бұл не?
Бала: -нан
Мұғалім: -Дұрыс
Мұғалім:- (нанда) не жоқ?
Бала: -май
Мұғалім: -Дұрыс (бала нанға май жағады)
-.... тақтаға шық
- Бұл не?
Бала: -шәй
Мұғалім: -Дұрыс, дәмін тат
Мұғалім:-(шәйда ) не жоқ?
Бала: -қант
Мұғалім: -Дұрыс (қантты бала шәйға салады)
-.... тақтаға шық
- Тағыда (шәйда) не жоқ?
Бала: -сүт
Мұғалім: -Дұрыс (сүтті бала шәйға қосады)
Мұғалім: -... тақтаға шық
- Бұл не?
Бала: -сорпа
Мұғалім: -Дұрыс, дәмін тат
Мұғалім:-(сорпада) не жоқ?
Бала: -тұз
Мұғалім: -Дұрыс (бала тұзды сорпаға салады)
Мұғалім: -Дұрыс, бірге айтамыз
Мұғалім: -Біз істедік?
Бала:-Біз ойнадық
YI.Сабақты қорыту кезеңі

Мұғалім: -Біз істедік?
Бала:-Біз ойнадық
- Біз сөйледік.
(Балаларды бағалау)
-Тұрыңдар
- Қоштасыңдар!
- Сау бол !
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.