Меню
Назад » » »
Бұйрықты орындау
загрузка...

загрузка...
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, №4 орта мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Байназаров Ердас Бахытович

Сабақтың тақырыбы: «Бұйрықты орындау»
Өткізілетін күні :
Сынып : 1
Өткізілетін орны : Спорт зал Уақыты : 45 мин.
Сабақтын мақсаты :
1.Бұйрықтарды үйрету.
2. Жинақылық қасиетін дамыту.
3.Жаттығуларды орындаудағы жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қолданатын спорт. құралдары: Уақыт өлшегіш,ысқырғыш.
Сабақтың түрі: Үйрету , қалыптастыру
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, жаттықтыру.
Күтілетін нәтиже:
Гимнастика жайы түсініктерің кеңейтеді;;
Оқушылар саптық тұрыстарды меңгереді;
Ойын арқылы саптық тұрысты, тез ойласып, есте сақтап бекітеді.
№ Сабақтың мазмұны Уақыт мөлшерлеу Әдістемелік нұсқаулар
I Дайындық бөлімі:

1.Сапқа тұрғызу.Түгендеу.
Сабақтың мақсатың түсіндіру.

2.Саптық жаттығулар.
-түзелу,
-тік тұру,
-оңға бұрылу,
-солға бұрылу,
-кері айналу.

3.Жүру жаттығулары.
-аяқтың ұшымен жүру
-өкшемен жүру

4.Жүгіру жаттығулары.
-Тізені көтеріп жүгіру
-Аяқты артқа лақтырып жүгіру
-Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру
-Оң жағымен жүгіру
-Сол жағымен жүгіру

5.Жалпы дамыту жаттығулары.
- Б.қ-Н.т :
аяқ иық деңгейінде, қол белде.
1-4 басты оң жаққа айналдыру
1-4 басты сол жаққа айналдыру
- Б.қ-Н.т:
аяқ иық деңгейінде, қол қол иықта
1,2: иықты алға айналдыру
3,4: иықты алға айналдыру
- Б.қ-Н.т:
аяқ иық деңгейінде,оң қолды жоғары көтеріп ұстау.
1,2: қолды артқа сермеу
3,4: қолды ауыстырып артқа сермеу
- Б.қ-Н.т: аяқ иық деңгейінде, қол белде.
1-4 денені он жаққа айналдыру
1-4 денені сол жаққа айналдыру
- Б.қ-Н.т: аяқ иық деңгейінде, қол белде.
1. он аяққа еңкею
2. екі аяқтың ортасына еңкею
3. сол аяққа еңкею
4. Б.қ
- Б.қ-Н.т: аяқ иық деңгейінде , қол тізеде
1-4 тізені ішке
1-4 тізені сыртқа айналдыру
8-10 мин
Спорттық киімдерін қадағалау

Жаттығулардың дұрыс жасауын қадағалау

Саппен жүруді және дене қалпын қадағалау

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау

Бастың толық айналуын қадағалау

Иықтың толық айналуын қадағалау

Белдің толық айналуын қадағалау
II Негізгі бөлім:

Саптық тәсілдер орындаудың қатал ережелері және тәртібі, яғни
орындау техникасы бар.
1. «Сапқа тұр!» .

2. «Тік тұр!»

3. «Түзел!», «Оңға(солға)»

4. «Тоқтат!»

5. «Еркін тұр!»

6. Саналу:«Ретімен – санал!»

7. «Орындарға тез» ойыны 25-30 мин

Осы команда бойынша
шұғылданушылар мұғалім көрсеткен сапқа саптық тұрысты ұстап тұрады.

Осы команда бойынша саптық(негізгі)тұрыс алу керек.
Осы команда бойынша шұғылданушылар бір сызық бойынша түзеліп, басты оң(сол)
жаққа бұрып саптық тұрыс қалыпына тұра қалады. Шеткі оң қанаттық (сол қанаттық) тұра қарап тұрады.

Осы команда бойынша алдында болған қалыпқа қайту керек

Осы команда бойынша шұғылданушылар бір аяқты босатып, еркін тұру керек
Саналу оң жақ қанаттан басталады. Команда бойынша әр
шұғылданушы басты солға бұрып өз нөмірін айтады( реттік ретімен
саналу кезінде). Саналу аяқталу соң сол қанаттағы алға бір қадам басып, « Саналу аяқталды!» деп айту керек.

III Қорытынды бөлім:
Сапқа тұрғызу
Демдерін бір қалыпқа келтіру
Сабақтың қорытындысын шығару
Сыныпқа қайту 3-5 мин

Сыныпқа ұйымшылдықпен қайтуын қадағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бұйрықты орындау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 252 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar