Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Бәйтерек» монументінің макетін жасау -

«Бәйтерек» монументінің макетін жасау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3595 | Размер: | Автор: гость
. Сенбі Марат Бимаханұлы,
Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы, Қаратау ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Бәйтерек» монументінің макетін жасау

Сабақтың мақсаты: ұлттық қолөнерді игере отырып, оның маңызын, мағынасын және орындалу әдістерін меңгерту.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері.
Білімділік мақсаты: оқушыларға Астана-Бәйтерек туралы мағлұмат беру, Бәйтерек макетін жасау арқылы олардың көркемдік-шығармашылық ойын қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін ояту, эстетикалық талғамын ұштау, монументтің жасалу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушының икем-дағдылық қабілетіне, бейімділіктеріне қарай практикалық әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке, өзара көмек беруге тәрбиелеу,
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: дайындама шаблондар, қажетті құрал-саймандар, шар, төменгі және жоғарғы белдік, қанат сызбалары, технологиялық карта.
Қажетті құрал- саймандар: Ленталы ағаш кесетін «РР 312» станогы, электрбұрғысы , сүргі, бұрыштама, шар, зімпара, сызғыш, карандаш, ағаш материалы.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу.
Сабақтың түрі: сарамандық және теориялық.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

IІ. Өткенді қайталау
1. Ағаш бөлшектерінің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Араның түрлерін атаңдар ?
3. Балташының негізгі құралдарын атаңдар?

IIІ.Ой қозғау
-Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз «Бәйтерек» монументінің макетін жасау. Бәйтерек монументін жасамас бұрын Шаталовтың тірек сызба элементтерін пайдалана отырып сызбадағы сөздерге талдау жасап мәліметтер берсек.

-Бұл қандай атау ұғымын білдіреді?
-Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыз осы Бәйтерек сөзімен байланысты.
Макет сөзі (француз тілінен) масштаб моделі деген ұғымды білдіреді, яғни объектінің кішірейтілген масштаб моделі. Объектінің жобасымен таныстыру үшін қолданылады.

ІV.Мағынаны тану.
Бәйтерек сөзін естігенде көз алдымызға ең бірінші Қазақстан Республикасы келеді.
Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ. Аумағы-2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. Биыл тәуелсіздігімізді алғанымызға 23 жыл. Осы жыл ішінде еліміз көптеген жаңа бастауларға қол жеткізді. Соның бірі-астанамыздың төрінде орналасқан тәуелсіздіктің символы, алып кешені - «Бәйтерек».
«Бәйтеректің» пішіні ұлы даланың кеңдігін, еркіндікке ұмтылу идеясын білдіреді. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында «Бәйтерек» кешені идеясы қазақ халқының арманын білдіретін аңызға негізделгенін жазады. «Ежелгі аңызда былай дейді...көк теңіздің жағалауында өмір ағашы алып бәйтерек өседі екен. Жыл сайын бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар сол жұмыртқаны жеп қояды. Аңыз бойынша, Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады. Разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз-бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған Қазақстан мақсатының көрінісі».

V.Сарамандық жұмыс.
1. Жұмыс орнын даярлау.
2. Құрал-жабдықтар ловзик, ленталы ағаш кесетін стонок, сүргі, сызғыш, карандаш, бұрыштама, сүргілейтін тақтай, зімпара.
3. Ағашты сүргілегенде, ол жұмыс үстелінің үстінде тегіс жатуы тиіс.
4.Сүргілеу барысында өз денеңді, аспапты дұрыс ұстауды үйрен.
Оң аяғыңды сол аяқтан сәл алшақтатып (арасы 65- 70 см) тірек етіп ал. Сүргіленген бұйымның сапасын сызғышпен немесе арнайы бұрыштамамен тексеріп отыр. Егер бұйымның беті тегіс болса, оның барлық қабырғалары бір жазықтықта жатады.
Бүгінгі сабағымызда түрлі дайындамалаларды пайдаланып, астананың танымал белгісі «Бәйтерек» монументінің макетін жасап үйренеміз.
Жұмыс ағаш материалынан жасалады. Сынып оқушыларын үш топқа бөлініп,әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Орындап болғаннан кейін жұмыстарын қорғайды.
1-топ. «Бәйтерек» монументінің күн бейнелі жұмыртқасын жасау, жұмыртқаны зімпарамен тазалап, жұмыртқадағы орталық діңгектің тұратын орнын диаметрі
18 мм етіп тесу.
2-топ. «Бәйтерек» монументінің сегіз қанатын өлшем бойынша сызылған шаблонмен ағашты сызып алып, ленталы ағаш кесетін стонокпен немесе оны электрлобзик арасымен сызылған із бойымен кесіп аламыз да кесілген қанаттарды зімпара қағаздарымен тазалап тегістеу.
3-топ. Жоғарғы және төменгі белдіктерді өлшем бойынша сызылған дөңгелек белдіктердің шаблонымен ағаштарды сызып алып, ленталы ағаш кесетін стонокпен немесе электрлобзик арасымен сызылған із бойымен кеседі де жасалған белдіктерді зімпара қағазымен тазалап тегістеу.
Дайын болған «Бәйтерек» монументінің бөлшектерін үш топ бірігіп құрастыру.

Қауіпсіздік ережесі:
Электрлобзик арасымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.
Электрлобзик арасының жүзін өзіңнен әрі қарата ұстау.
Қолды кесіп кетуден сақтау.
Араны сабы жағымен беру.

Сарамандық жұмыс істеу кезеңдері
а) Оқушыларға өңдейтін дайындамаларын бөліп беру.
Оқушыны санына қарай 3топқа бөлу
ә)Ағаш материалының бетіне өлшемдерді мұқият түсіріп алу.
б)Түсірілген өлшемдерді электрлобзик арасымен немесе қыларамен кесіп дайындау
в)Дайындамаларды сүргімен жону арқылы тазалау.
г)Сүргімен тазаланған дайындамаларды зімпрара қағазымен тегістеу.
д)Дайындамалар тегістеліп әзір болған соң, макетті жинақтайды.
Оқушыларға Астана қаласы, Бәйтерек туралы оқып, зерттеп келу тапсырылған, олар интернеттен көптеген мәліметтер жинақтаған, сұрақ-жауап арқылы ойларын, білгендерін ортаға салды, өздерінің зерттеп, анықтап жазып келген рефераттарын қорғап түсініктеме берді. Түсініктеме рефераттан үзінді. «Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Астана қаласында орналасқан. Металдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағанасы жағынан да жасалуы жағынан да ерекше: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монумент-төбесіндегі алтын күн, 97 метр биіктігі және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен: оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған. Шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» Қазақстан символы ретінде орын алды. Бәйтерек-ғылыми тілде «өмір діңгегі» дегенді білдіреді.Ол даланың көркем дәстүрлерін, байырғы Қазақстан мәдениетін және ағаш жемісі өмірдің өзі болып табылатын идеяны меңзейді. Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына 1997 жылға сәйкес келеді.Салмағы 85 тонна жапқы материал Бәйтеректің оқпанын ылғалдан қорғайды. Астанадағы атақты Бәйтерек осындай ізгі идеялардан бастау алып, өмірге келген кешен.
Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз нобайы бойынша өмірге келді. «Бәйтерек» монументі бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

VІ.Сабақты қортындылау.
1. Әр оқушы өздері жасаған жұмысына талдау жасайды.
2. Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс-тәсіл меңгергенін, қандай құрал-сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын, рефератын қорғау.
3. Істеген жұмысына қарай бағалау.

–Балалар, өздерің жасаған «Бәйтерек»монументінің макеті сендердің бойларыңа ынтымақ пен келісім, отаншылдық сияқты сезімдерді ұялатты деген ойдамын.
Жасалынған «Бәйтерек» монументінің сызбалары, өлшемдері 1,2,3,4,5 -суреттерде көрсетілген.

VІІ.Үйге тапсырма: Бәйтерек монументі макетінің жалпы көрінісін А4 форматына түсіру.

VIIІ.Жұмыс орнын тазалау.


«Бәйтерек» монументінің макетін жасаудың нұсқау картасы


1-сурет
«Бәйтерек» монументінің бір бөлшегі – күн бейнелі шардың жалпы көрінісі.

2-сурет «Бәйтерек» монументінің орталық діңгегі 3-сурет «Бәйтерек» монументінің қанаты

4- сурет 5-суре
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.