Меню
Назад » » »
Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс (1836-1838жж.)
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Суатова Фарида Болатовна

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні
Қазақстан тарихы Сыныбы: 11
Тақырыбы: §8-9 Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс (1836-1838жж.)
Мақсаты: Ішкі Орданың құрылуы, көтерілістің басталу себептері, әлеуметтік негізі, кезеңдері және барысы, көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңыздылығы жөнінде түсініктерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже: Тарихи білімі қалыптасады.
Сыни бағытта пікірін айта алады
Топтық және ұжымдық, жеке жұмыс түрлеріне тартылады
Көшбасшылық қасиеттерді өздеріне алады
АКТ-мен еркін жұмыс жасай алады.
Сабақтың міндеттері Тәуекелге бел буған көтеріліс басшыларының саяси қөзқарасын түсіне білуге,
Қосымша тарихи әденбиеттер, құжаттармен танысып талдай білуге дағдыландыру.
Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығы себептерін өз бетінше анықтай алуға үйрету.
Сілтеме Қазақстан тарихы оқулығы 10-сынып, ғаламтор материалдары
Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітабы 2009-2010 жж
Х.Ермұханова «Қазақстан тарихынан нақты деректер» А.2007 жыл
А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Оқу құралы А-2013 жыл
Дереккөздер А. Шамғонов «Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс және оны мектептерде оқыту» Атырау, 2010 жыл
Электрондық оқулық 10- сынып, ғаламтор материалдары
М.Қозыбаев «Жауға шаптым ту байлап»
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және Ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды, 2011жыл
«Белсенді 57 стратегия»
Ресурстар Маркер, А4 форматты қағаз, АКТ, смайлик, стикер, карта
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
топтық,жұптық, жеке жұмыстар, «Кім жылдам», «Ойлан .Жұптас. Бірік», «Даталар сөйлейді», «Деректерге тіл бітсе..» , Екі жақты күнделік, «Детальдарын қосу»
Бағалау критерийлері Топтық бағалау, Өзін-өзі бағалау, формативті бағалау
Кейінгі оқу §8-9 Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтерілісті оқу.
Тақырып бойынша қосымша құжаттарды іздестіру.
Мұғалім жазбалары
Сабақтың кезеңі Мұғалім
іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру
2 минут

Сынып оқушыларының сабаққа қатысы
Оқушыларды стикерлерді таңдату арқылы топқа бөлу
Бағалау бетшелерін үлестіреді.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Өздеріне ұнаған стикерлердің түсін таңдау арқылы топқа бөлінеді. Орталарынан топ басшысын сайлайды.

Үй тапсырмасы

6 минут «Кім жылдам» әдісі арқылы сұрақтарға шапшаң жауап беру
1.Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс Қазақстанның қай бөлігінде болды?
2.Жоламан Тіленшіұлының жеке қасиеттерін айтып бер?
3.Қозғалыстың басталуына түрткі болған жағдайлар?
4.Батырдың губернатор Эссенге жазған хатында не туралы айтты?
5.1837 жылы Жоламан Тіленшіұлы кімнің жасағына қосылып кетті?
6.Батырға қарсы жіберілген жазалау топтарын ата?
7. Батырды қолға түсіре алмаған кезде жазалау топтары қандай әрекетке барды? Қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек. Мұғалім сұрақтарды түйіндей келе, үй тапсырмасын оқушылардың пікірімен қорытады.

«Мағынаны таны»

7 минут Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, жоспары таныстырылады.
Тақырып электронды оқулықтан тыңдалады.Тақырып бойынша негізгі оқиғалар жайлы айтылады
Жоспар:
1.Ішкі Орданың құрылуы
2.Көтеріліске түрткі болған оқиға
3.Көтерілістің басты мақсаты
4.Кезеңдері
5.Тастөбе жеңілісінің салдары
6.Жеңілу себептері
7. Нәтижесі мен тарихи маңызы
Жаңа тақырыпқа қатысты негізгі маңызды оқиғаларды дәптерлеріне жазып алады. Көтеріліс туралы жазылған еңбектермен таныстырылады.
«Ойлан.Жұптас. Бірік»

8 минут Топтық жұмыстар
1-топ
«Көтеріліске түрткі болған оқиға, Көтерілістің басты мақсаты»
2-топ
«Көтеріліс кезеңдері»
3-топ
«Тастөбе жеңілісінің салдары», көтерілістің жеңілу себептері
4-топ
«Нәтижесі мен тарихи маңызы»
Топтарға жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі. Өзара ақылдаса келіп, ойларын постерге түсіреді. Тақтаға шығып жұмыстарын қорғайды. Қалған топтың жұмыстарын тыңдайды
Тақырыпқа байланысты қосымша құжаттар беріледі.
Картамен жұмыс жасайды.
Топтағы оқушылардың пікірінің құндылығын бағалайды.
Жеке жұмыстар

5 минут «Даталар сөйлейді»
1836-1838 жж
1812 жыл
1817-1823 жж
1791-1838 жж
1803/1804-1846жж
1829-1830жж
1836 жыл ақпан
1836 жыл қазан
1836 жыл 13 желтоқсан
1837 жыл 30 наурыз
1837 жыл 3 қазан
1837 жыл 15 қазан
1837 жыл 15 қараша
1837 жыл 13 желтоқсан
1838 жыл 12 шілде
Тақырыпқа байланысты көрсетілген даталарда қандай оқиға болғанын айтады
«Детальдарын қосу»

5 минут Тақырып бойынша бір сөйлемді қысқаша айтады

1. 1837 жылы 15 қарашада 60 сарбазынан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлініп кетті.
2. Исатайдың азаматтық көзқарасының қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалыұлы зор ықпал етті.
3. 1801 жылы 11 наурызда император I-Павелдің жарлығымен Бөкей (Ішкі Орда) хандығы құрылды.
4. I Павелдің мақсаты Оқушылар айтылған сөйлемді кең мағынасында қажетті тарихи оқиғалармен айтып толықтырады.


«Деректерге тіл бітсе......»
7 минут

1. М.Қозыбаев «Жауға шаптым ту байлап» еңбегінде ұлт-азаттық көтерілістер туралы қандай пікір білдірді? Өз пікіріңді де қос.
2. И.Кенжалиев «Исатай-Махамбет» атты кітабында қандай деректер келтірген?
3 А. Шамғонов «Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс»
Еңбекте қандай пікірлер келтірілгендігі туралы тоқталады және тақырыпқа қатысты өз пікірлерінде білдіреді.

Ой толғаныс

3 минут «Екі жақты күнделік»
Кітапта жазылғаны Менің пікірім


Өз ой толғаныстарын ақ қағазға түсіреді.
Бағалау
2 минут Формативті бағалайды. Смайликтер беріледі. Топ басшысы тобындағы мүшелерін әр сабақтың кезеңі бойынша алған ұпай сандарына тоқталып түсінік беріп кетеді.
Рефлексия «Сабақтағы сәтті шыққан әрекетім...» Стикерге өз әсерлерін жазып тақтаға іледі. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс (1836-1838жж.) можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 588 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar