Меню
Назад » » »
Бұл өзгерістерді қалай енгізетін боламын?
загрузка...

загрузка...
Бұл өзгерістерді қалай енгізетін боламын?
Бірінші деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтижелер мұғалімдердің оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде өз ойын еркін, батыл жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарасы жүйелі дамыған, сандық технологияларды меңгерген оқушыларды және осы қабілеттерді оқушы бойына сіңірте алатын жан жақты,қандайда болмасын проблеманы өздіңінен шеше алатын мұғалімдерді қалыптастыру болып табылады. Осындай оқушылар мен мұғалімдерді өз мектебімде даярлау үшін мектепке қандай өзгерістер енгізетіндігімді,қандай саланы дамытатынымды,бұл жұмыстарды атқарудағы алға қойған мақсаттарымды және осы жұмыстардан күтілетін нәтижелер туралы өзімінің С рефлексивтік есебімде нақты атап көрсеттім. Ал ендігі Д рефлексивтік есебімде сол өзгерістерді нақты қалай іске асырамын деген сұрақтар төңірегінде,ол үшін қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануды жоспарлаудамын және нақты жасаған іс-әрекеттерім туралы айтамын. Бірінші деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулықта «Білімнің дәрежесіне , кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды , осы ретте Бірінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа әдіс тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге » деп атап көрсетеді. Осы аталған көшбасшы мұғалімнің міндеттерін іске асыру мақсатында өзім мектепке енгізбекші болып отырған өзгерістерді коучингтерде және тәлімгерлік ету арқылы жетуді жоспарладым.Тәлімгерлік пен коучинг арқылы жаңа әрі тиімді әдіс- тәсілдерді әріптестеріме үйретемін деп шешім қабылдадым. Іс-тәжірибемдегі міндеттерім мен мақсаттарым туралы мектеп ұжымын таныстыру мақсатында мен ең алғаш «Шебер сынып» өттім. «Шебер сынып» барысында мен мұғалімдерді мектепте оқушылар,мұғалімдер мен ата аналардан алынған сауалнамалар нәтижесінде аныұталған проблема мен болашақтағы іс тәжірибе барысындағы жоспарыммен , таңдаған стратегияларыммен таныстырдым.Және де осы «Шебер сыныпта» мен өзіме осы өзгерістерді бірлесе жүзеге асыруда жәрдем беретін коуч мұғалімді таңдап алуым керек болды.Мен мұндай жұмыстарды бірлесе атқаруда маған тәлім алушы болатын мұғалімнің бойында жаңашылдық пен өзгерістерге талпыныс пен ізденіс болуы керек екенін мұғалімдер алдына салдым. «Шебер сынып» өтілуі барысында мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігімен кеңесе отырып, мен тәлім алушы ретінде мектептегі тәжірибелі ұстаздардың бірі Шымкент қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығының ОҚО филиалында үшінші деңгейлік курстан өтіп келген тарих пәнінің мұғалімі Г - ны алуды дұрыс деп тауып,тәлім алушы болуды оған ұсындым. Бұл мұғалімді таңдауым, себебі ол жеті модульді жеткілікті меңгерген, үйренгенін әріптестеріне үйретуге ынталы,тәжірибелі ұстаз.Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер бұл ұсынысымды бір ауыздан қолдады.Г тәлім алушы болуға келісімін берді. «Шебер сынып» біткен соң тәлім алушы екеуіміз жеке кеңес құру барысында мен оны тәлімгерлік жоспары мен мектепті дамыту жоспарымен , алдағы іс тәжірибе барысына қойылып отырған мақсаттар мен міндеттермен таныстырып , алдағы жұмыстарды жоспарладық.Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылғандай «Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым қатынасын құруға негіделген және түйінді дағдыларды:белсенді тыңдай білу , тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған.Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп , қолдау көрсетуге :соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді:сенімділік , ортақтастық,шынайылық,адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey,2005)» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. І деңгей. 2014ж 41бет) проблемаларды бірігіп шешуді кеңестік.Кеңес барысында алдағы уақытта қандай әдіс тәсілдерді қолданған дұрыс болатынын кеңесе келе ҚОКҮ модуліне тән әдіс тәсілдерді қолданған тиімді болатынына тоқтадық.Екеуіміз кеңесе келе бірінші коучинг тақырыбын «Сыныпта әлеуметтік байланысты орнатудың маңызы» деп алғанды дұрыс санадығ.Коучинг өтудегі мақсатымыз:мұғалімдерге сабақ кезінде , оқушыларға білім беру барысында сыныпта әлуметтік байланысты орнатудың тиімділігін түсіндіру және ол байланысты оқу үдерісінде тиімді пайдалануды үйретуболды.Мұғaлiмдерге кoyчинг caбaқтaрын жүргізyде caбaқтaрымның бaрыншa қaрaпaйым түрде, қызғылықты, түciнiктi және мaзмұнды өтуіне, кoyчингке қaтыcқaн мұғалімдердің менiмен және өзaрa жaқын aтмocферaдa қарым-қатынас жасауына баса көңіл бөле отырып , түрлі әдіс тәсілдердің тиімділігі туралы кеңесіп , оларды сараладық.Тәлім алушыға кoyчинг өткiзy aрқылы кoyчтың aтқaрaтын қызметiн, oның бoйындa болуы тиіс қacиеттер туралы егжей тегжейлі түсінік бердім. Кoyчтың рyхaни жетекшi, шынaйы дoc екендігін, aдaмдaрдың мәселелерін, тереңде жaтқaн oйлaрын сезіне aлaтын және oны шешy жoлдaрын тaбa білетін жан екендігі туралы толық мағлұмат бердім. Мұғалімге арналған нұсқаулықта тәлімгерлік пен коучинг үдерістері туралы кестені пайдаланып екі ұғымның бір-бірінен айырмашылығын талдап түсіндірдім.Тәлім алушымен кеңесе келе коучингтар барысында «Аяқталмаған әңгіме», «Бірге ойлаймыз», «Жүгіртпе шынжыр» , «Топтық тергеу» , «Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер» , «Үлкен шеңбер» , «Айналмалы бекеттер» , «Ромб» , «Сөздер банкісі» , «Ақылдың алты қалпағы» тәсілдерін және бейнекөрсетілім көрсетіп сол бойынша мұғалімдерден пікір білу стратегияларын пайдалануды ұйғардық.Бұл тәсілдерді таңдап алуымыздың себебін былай түсіндірер едім:сыныпта , білім беруде, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту үшін, жалпы оқыту үдерісінде әлеуметтік байланыс орнатудың маңызы зор. Біз таңдап алған тәсілдерін қолданғанда топ біріге жұмыс істеуге мәжбүр болады,топ мүшелерінің әрбірінің ой пікірімен санасу қажет болады.Тәлім алушыға коучинг барысында пайдаланатын негізгі дағдылар «Тыңдалым , сұрақтар мен қарым қатынас дағдыларын» пайдалану жолдарын үйрету арқылы жетістікке жететінімізді түсінген мен , оны коучинг алдында теория жағынан біраз дайындадым.Коучинг барысында терең тыңдалымды орнату үшін біз мұғалімдерге ашық сұрақтарды көп қоюды ұйғардық.Коучинг барысында мұғалімдерге жетістікке жету үшін сыныпта жағымды оқу ортасын құру міндетті екенін түсіндіру үшін біз жұмысымызды мұқият жоспарладық.Жоспарлау мен дайындық барысы аяқталған соң өтізетін коучинг туралы жарнама бердік.Жаранама бойынша коучингке қатысуға он екі мұғалім ниет білдірді. Ниет білдірген мұғалімдермен коучингті бастамас бұрын мен өзім кіріспе сөз сөйлеп, тәлім алушы екеуіміздің , жалпы іс тәжірибе мақсатымен , өзіміздің таңдаған статегияларымыз туралы күтетін нәтижелеріміз туралы түсіндірме сөз сөйледім.Коучинг барысында мұғалімдер қозғалған тақырыптарға қызығушылық танытты.Коучинг кезінде пайдаланған әдіс тәсілдер орындауда алғашында қиналғанымен , коучинг аяғына қарай тәсіл мақсатын , негізгі қолдану аймағын түсінді.Мысалы №1 коучинг барысында «Арбаны бірге сүйреу» бейне ролигінен кейін мұғалімдерден осы бейне роликті мектеппен салыстыру туралы пікір сұралды.Пікір айту барысында мұғалімдер өз ойларын ашық айта алатынын көрсетті.Мектеп өмірімен яғни сыныптағы ахуалды бейне роликпен салыстыра отырып барлық мұғалім бір ортақ ойға «сыныпта әлеуметтік орта қалыптастыру керек» деген тұжырымдама жасады. «Аяқталмаған әңгіме» тәсілін қолдану барысында тапсырма топтарға бірдей болмасын деген мақсатта , мұғалімдер зерікпесін деп түрлендіріліп берілді.Барлық топтардағы мұғалімдер тапсырманы орындады, бірақ регламент бойынша берілген уақыт ішінде орындаған жоқ.Тапсырманы топ арасындағы белсенді мұғалімдер жалғыз орындауға тырысқанымен , орындау барысында қиналғандықтан топтың басқа да мүшелерін іс әрекетке тартуға мәжбүр болды.Нәтижесінде барлық тапсырмалар топ мүшелерінің барлығының қатысуымен орындалуы , тапсырманың күрделілігін жеңілдететінін мұғалімдер түсінді. «Бірге ойлаймыз» әдісімен мұғалімдерге сыныпта оқу ортасын құру үшін не істеу керек ? деген тапсырма берілді.Тапсырманы орындау барысында барлық мұғалім сыныпта оқу ортасын құру үшін ең алдымен сыныпта оқушылар арасында және мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым қатынас құру керек деген қорытындыға келді.Мұғалімдерден кері байланыс сыныпта оқу ортасын қалай құратыны туралы сұрақ беріліп сұралды.Кері байланыста мұғалімдер сыныпта оқу ортасын құру үшін оқушылар арасында тәртіпті орнату ,яғни сынып ережесін ұстануды қалыптастыру , бір бірінің ой пікірін айтқанда қалғандарға тыңдай білуді үйрету арқылы және ең бастысы сыныпта бірліктің болуын қадағалаймын деп жауап жазды. Тәлім алушымен коучинг біткен соң сұхбаттасу барысында мұғалімдердің жеткен жетістіктері мен ойларын және жіберілген кемшіліктерді саралай отырып келесі коучинг тақырыбын «Сыныпта өздігінен білім алатын ортаны құру жолдары» деп алуды ұйғардық.№2 коучинг барысында мұғалімдерге оқудың қозғаушы күші метатану туралы терең түсінік беру және мұғалімдерге оқушылар бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруды үйрету мақсат етіп алынды. Коучинг барысында мұғалімдерге метатану туралы түсінік беріліп , соңынан «Ромб» әдісі бойынша маңыздылығына қарай орнатылу тапсырылды.Тапсырма орындауда мұғалімдер жоғарғы бағанға алған білімдерін толықтыра отырып ары қарай білім алу , алған білімдерін өмірде қолдана білу деп жазды. «Сөздер банкісі» әдісін қолдану барысында мұғалімдерден осы тәсілді сабақта қолдану туралы ой пікірлері сұралды.Мұғалімдер әрқайсысы өз пәндеріне қолдану жолдарын түсіндіріп бере алды.Мұғалімдер өз сабақтарында коучингте меңгерген әдістерді қолдана отырып жетістікке жете алатыны айтылды.Коучинг соңында мұғалімдерге «Үш банка күріш» бейнеролигі көрсетіліп , үш топқа келесі тапсырмалар берілді бірінші топ баяндап берушілер , екінші топ зерттеушілер , үшінші топ сұрақ берушілер ретінде орындау тапсырылған болатын, мұғалімдер тапсырманы орындап , өз ойларын дұрыс жеткізе білді.Коучинг соңында берілген кері байланыста мұғалімдер метатану және оқушылар бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары туралы түсінік ала алғаны және қолдану жолдарын түсінгенін айтты.Кері байланыста мұғалімдер сыныпта оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үшін тапсырмаларды түрлендіріп беру керек және оқулықпен ғана шектеліп қалуға болмайды деп өз тұжырымдамаларын айтты.Коучинг біткен соң тәлім алушымен сұхбаттасу барысында кездескен қиындықтар мен жіберілген кемшіліктерді саралау жүргізілді.Тәлім алушы өзіне кездескен басты қиындық ретінде оқушылар мен ересектерді оқыту айырмашылығы көп екенін және ересектерді оқыту оқушыларды оқытқаннан әлде қайда қиын екенін айтты. Сонымен бірге жеткен жетістіктері де жоқ емес екені анықталы.Атап айтқанда тәлім алушы өзі қолданған әдіс тәсілдер тиімділігін , оларды оқыту барысында қолдану өте тиімді екенін жақсы түсінгенін айтты.Жүргізген жұмыстарымызды саралай келе біз келесі коучинг тақырыбын «Оқу үдерісінде Қалай оқу керектігін үйретудің маңызы» деп алуды ұйғардық.Алдыңғы коучингтердегі жеткен жетістіктерді ары қарай дамыту үшін коучинг мақсатын оқыту мен оқу үдерісінде қалай оқу керектігін үйрену модулінің тиімділігін жете түсіндіру , оқушылар бойында ынталану қабілеттерін ояту жолдары мен оқу ортасын құру деп қойдық.Коучинг барысында мұғалімдерге оқушыларға кездескен проблемаларды жеңу үшін ересек немесе ықпалды адамның көмегі арқылы жеңе алатыны туралы , яғни «Жақын арадағы даму аймағы» туралы түсінік берілді.Осы коучингта «Үлкен шеңбер» тәсілін қолдану барысында мұғалімдерге мектепте ЖАДА қолданыста бар ма? Жоқ болса қалай орнатуға болады? деген сұрақтар беріліп,жауабына құнды ой пікірлер мұғалімдер тарапынан айтылып , талқыланды.Атап айтсақ математика пәнінің Х есімді мұғалімі коучингтерде үйренген тәсілдерін сабақ барысында қолданғанда оқушылар үлгерімінің күрт өсуін байқағанын айтты.Б есімді орыс тілі пәнінің мұғалімі қазіргі кезде біз үйреніп жүрген педагогиканың жаңа әрі тиімді әдіс тәсілдерінің арқасында білім беру ісінде зор жетістіктерге жетуге мүмкіншілік болып отыр деген ой пікірін айтты.Сонымен бірге кездескен қиындықтары туралы да айтып өтті.Мысалы мұғалімдер оқушыларды бағалауда қиындыққа кездесетінін айтты.Бұл сауалдарына Коуч критериалды бағалау туралы түсінік беріп өтті,мұғалімдер түсінгендерін айтты.Мектептегі оқу мен оқыту үдерісінде Жақын арадағы даму аймағын құру жұмыстары, мұғалім мен оқушы арасындағы көпірше біздің мектепте бар , бірақ әлі де жетілдіруді қажет етеді деген тұжырымға тоқталды . Келесі кезекте «Ақылдың алты қалпағы» тәсілін қолдану барысында , қалпақтың барлығы қолданылған жоқ.Тек ақ,қызыл,қара,сары түсті қалпақтар ғана қолданылды.Мұғалімдер мұл тапсырманы орындау барысында да тапқырлық пен ой үшкірліктерін , тіл байлықтарын білдіре алды.Талқылауға ЖАДА орнату арқылы оқушылардың білімділігін , тәрбиелілігін дамытуға болады ма? деген сұрақ берілген болатын.Мұғалімдер өз топтарына берілген қалпақ тапсырмасын дұрыс орындап , өз көзқарастарын дәлелдеп шықты.Коучинг соңында ЖАДА туралы сұралған кері байланысқа мұғалімдер мектепте орнату және бұл жұмысты атқару арқылы жетістіктерге жетуге болатыны туралы жазды.Тәлім алушы мен бірге өткізілген коучингты саралау барысында мұғалімдердің теория жағынан әжептеуір білімді болып қалғанын байқадық.Осы мәселені және мұғалімдерді тереңірақ жаттықтыру мақсатында келесі коучингінің тақырыбын «Оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары» деп алуды ұйғардық.Коучинг мақсаты ретінде оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыруды үйрету арқылы оқушылардың оқу ептілігін дамыту деп алдық.Коучинг барысында белсенді әдіс тәсіл ретінде «Жүгіртпе шынжыр» , «Топтық тергеу» , «Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер» тәсілдері қолданылды.Бұл тәсілдерді орындау барысында мұғалімдер тәсілдің жадыны дамытуға , ойды жинақтауға және тіл байлығын дамытуға әсері үлкен екенін орындау барысында айтып өтті.Мектепте кәсіби қоғамдастықтың ұйымдастырған жұмыстарының арқасында мұғалімдер деңгейлік бағдарламаның негізгі идеяларымен таныс болғандықтан тапсырма орындауда қиыншылықтарға кездесе қоймады,тек практикасында кездеспеген тәсілдерді қолдану барысында алғашқы кезеңде мүдіргенмен , ары қарай алып кетуі мінсіз орындалып отырды.Коучингтар барысында мұғалімдер әр тәсілге мінездеме беруі , оның қолдану аймағы қандай нәтиже бере алатынын талдау бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан көп байқалды.Орта және жоғары буын мұғалімдері тарапынан бұл тәсілдерге мінездеме беру салмақтырақ , орындалу барысы , күтілетін нәтижеге жету барысында кездесетін қиындықтарды талдаумен оларды қалай жеңуге болатыны туралы ойлар айтылумен ерекшеленді.Барлық коучингтар барысында мұғалімдер практикалық тапсырмаларды орындағанда өз топтпрындағы тәжірибесі көптеу мұғалім көмегіне , оның ойын алғашқы болып күтуімен ерекшеленді.Ол мұғалім ойы айтылған соң ғана өз ойларын қосу , толықтырулар болды.Тапсырманың күрделілігіне қарамастан мұғалімдер оны орындауда тиянақтылықты танытты.Бірінші , екінші коучинг нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктердің бірі уақытты дұрыс қолданбау,регламент шегінен асып кету үшінші , төртінші коучингте біршама реттелді.Бұл кемшілік жойылмағанмен мұғалімдер үйренген тәсілдерін сабақ уақытында қолдану барысында уақытты тиімді қолдану басты факторлардың бірі екенін түсінді.Осы әдіс тәсілдерді сабақ барысында яғни оқу мен оқыту үдерісінде қалай қолдануға болатыны туралы кері байланыстар сұралғанда мұғалімдер үйренген тәсілдердің нақты аумағын , оларды орындаудан оқушылардан күтуге болатын нәтижелер анықтап айтып бере алды. Алынған кері байланыс нақтылығын бақылау мақсатында коучингке қатысқан бірнеше мұғалімнің сабақтарына қатыстым.Сол сабақтарға тоқталатын болсам бастауыш сынып мұғалімі Г ана тілі сабағында «Жүгіртпе шынжыр» тәсілін қолдану барысында оқушыларды төрт топқа бөліп , әр топқа бөлек мәтін тақтаға іліп орындатты.Орындау барысында уақытты дұрыс пайдаланбау байқалғанмен , оқушылар тарапынан тапсырманы орындауда аса үлкен қызығушылық байқалды.Тапсырма сқңында барлық оқушы мәтін мазмұнымен таныс болғаны анықталды.Тарих пәнінің Р есімді мұғалімі сабақтарында «Аяқталмаған әңгіме» , «Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер» тәсілдерін тиімді қолдана білді.Бірінші тапсырма көмегімен сабақтың жаңа тақырыбын игеруде оқулықтан басқа көздерді іздеуге мәжбүрлесе , екінші тәсіл арқылы сабақ қорытындылау мен тақырыпты пысықтауды тиімді жүргізді.Ал «сөздер банкісі» тәсілін барлық мұғалімдер сабақ барысында үй тапсырмасын сұрау кезінде қолданды. «Топтық тергеу» тәсілі мектеп мұғалімдеріне бұрыннан таныс болғандықтан коучингке қатысқан барлық мұғалімдер сабақ пысықтау барысында шебер қолдана білді.1 және 2 коучинг барысында үйренген тәсілдерді мұғалімдер сабақта қолдануға қиналғанымен , 3 және 4 коучинг барысында сабақтағы тиімділігі туралы толық түсінік алды.Ол мұғалімдер бұған дәлел ретінде сыныптарында оқуға деген қызығушылықтың күрт өсуімен , тапсырманы орындауда оқулықпен ғана шектелмей басқа дерек көздерін іздеу жұмыстарын жүргізу күрт өскені байқалды.Сыныптардағы оқушылар сабақта топтық жұмыс орындау барысында бәсекелестік , жарысу жағдайлары орнағаны байқалды.Сабаққа деген қызығушылық үлгерімі төмен оқушылар бойында да байқалды. Осы кезеңге дейін сабақ барысында өз ойларын айтуға тартынантын оқушылар өз ой пікірлерін еркін жеткізуге дағдыланбаса да, тартынбай айта алатын болды.Мен өзімнің шектеулі іс тәжірибемде жеткен жетістіктерімді дәрежесіне қарай сатылай қоятын болсам осы орнаған жайтты бірінші сатыға қояр едім .Себебі тәлім алушымен іс – тәжірибе барысында жүргізген жұмыстар нәтижесінде оқушылар бойында білім алуға құштарлығын оята білгеніміздің айғақтарының ең бастысы деп айтар едім.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. І (ілгері) деңгей.2014 жыл

Коучинг тақырыбы: «Сыныпта әлеуметтік байланысты орнатудың маңызы»
Мақсаты: Мұғалімдерге сабақ кезінде әлеуметтік байланыс орнатудың тиімділігін түсіндіру, оны оқу үдерісінде тиімді пайдалану.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқу үдерісінде әлеуметтік байланыс орнатудың тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа әдіс тәсілдермен танысады, қолданады. Пайдаланатын ресурстар: Бейнеролик , көрсетілім.
Белсенді әдіс – тәсілдер: «Аяқталмаған әңгіме» «Бірге ойлаймыз»
Уақыт Іс – шаралар Коучтың іс - әрекеті Мұғалімнің іс - әрекеті Формативтік бағалау
5 минут Миға шабуыл
«Шеңбер» ұқсастықтарын тап
Гүлдер суретімен топтастыру Шеңберге ұқсайтын заттарды атап өту тапсырылады , гүл суреті бойынша 3 топқа бөледі Шеңберге ұқсайтын заттарды атайды, гүл суреті бойынша топтарға бөлінеді
20 минут «Арбаны бірге сүйреу» бейне көрсетілім.Топ бірігіп жұмыс істегенде жұмыс ілгерілейтінін түсіндіру мақсатында Бейне көрсетілімде көрсетілген іс - әрекеттер тиімділігін анықтау туралы Коуч сұрақ қояды
1. Бейне роликтен не байқадыңыздар?
2. Оқытумен байланыстыруға боладыма?
3. Бірлесе көтерген жүк жеңіл болады деген сөзге түсінік беріңіздер Бейнероликте көрсетілген іс - әрекет туралы баяндайды , талдайды.
Қазіргі біздің сыныптардағы сабақтармен салыстырады тиімділігін дәлелдейді. Әлеуметтік байланыс туралы баяндайды. Топтар бір бірін Смайликтермен бағалайды
5 минут «Айдахар , ханшайым , самурай» сергіту сәті Коуч мұғалімдерге сергіту сәтінің шарттарымен таныстырады Мұғалімдер сергіту сәтін шарттарға сай орындайды
20 минут Сыныптағы әлеуметтік ортаны орнату туралы көрсетілім Сыныптағы әлеуметтік байланыс туралы түсіндіреді. Коуч нұсқауы: бір топ «аяқталмаған әңгіме» тәсілі бойынша әңгімені аяқтайды екінші топ әңгіме желісі бойынша сурет салу, үшінші топ суретке қарап әңгіме жазады Көрсетілімнен кейін көрсетілім негізінде коучтың берген тапсырмаларын орындайды , талдайды Екі жұлдыз, бір тілек әдісімен топтар ыстық үстелде отырған топты бағалайды
15 минут «Бірге ойлаймыз » әдісімен топтарға тапсырма беріледі Коуч топтарға постер таратып беріп, сыныпта оқу ортасын құру үшін не істеу керек? деген сұрақ қояды Топтардағы мұғалімдер постерге өз ойларын жазып, қорғайды, өз ойларын айтады Күн әдісімен топтар бір бірін бағалайды
5 минут Қорытынды Сыныптағы әлеуметтік байланыс туралы түйін айтады.
Мұғалімдерден 1. Сіз сыныпта оқу ортасын қалай құрасыз?2. Ынтымақтастық туралы ойыңызды айтыңыз?
3.Сіз сабақта әлеуметтік байланыс орнатасыз ба? сұрақтар қоя отырып кері байланыс алады. Рефлексия жазады

Тақырып: «Сыныпта өздігінен білім алатын ортаны құру жолдары»
Мақсат: Мұғалімдерге оқушылар бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруды үйрету
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақ өту үдерісінде сыныпта орнаған даму аймағының маңызды екенін түсінеді,орнатуды үйренеді
Пайдаланатын ресурстар: Бейне – ролик , көрсетілім
Белсенді әдіс – тәсілдер: «Ромб» «Топтық тергеу» «Сөздер банкісі»
Уақыт Іс – шаралар Коучтың іс - әрекеті Мұғалімнің іс - әрекеті Формативтік бағалау
5 минут Миға шабуыл
«Жыл мезгілдерінің» ұқсастықтарын тап
Мұғалімдердің бір – бір заттарымен топтастыру топтастыру Мұғалімдерден жыл мезгілдерінің ұқсастықтарын сұрайды.Мұғалімдерден бір – бір затын алып сол заттар бойынша топтастырады Жыл мезгілдерінің ұқсастықтарын атайды.Коуч нұсқауы бойынша топтасады
20 минут Метатану туралы (Power point) көрсетілім
«9 ромб» әдісі Көрсетілімнен кейін коуч мұғалімдерге метатану туралы қағидалар ұсынып 9 ромбыға маңыздылығына қарай орналастыруды сұрайды Мұғалімдер метатану туралы қағидаларды ромбыларға маңыздылығына қарай орналастырады Топтар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды
20 минут «Сөздер банкісі» Коуч мұғалімдерге банкіге салынған гүлдер және ағаштар туралы сөздер беріп,ішіндегі сөздерді екіге бөлуді тапсырады Мұғалімдер банкідегі сөздерді коуч нұсқауы бойынша екіге бөледі Топтар бір бірін екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалайды
5 минут Сергіту
«Атомдар мен молекулалар» Коуч нұсқауымен мұғалімдер атомдар мен молекулалар сергіту сәтін өткізеді Мұғалімдер атомдар мен молекулалар сергіту сәтін өткізеді
20 минут «Үш банка күріш» туралы видеоролик
«Топтық тергеу» әдісі Видеоролик желісі бойынша топтар баяндап берушілер , зерттеушілер , сұрақ берушілер ретінде бөлініп тапсырма орындайды Видеоролик желісі бойынша мұғалімдер баяндап берушілер , зерттеушілер , сұрақ берушілер ретінде бөлініп тақырып бойынша тапсырма орындайды Топтар бір бірін екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалайды
5 минут Қорытынды Коуч тақырыпты түйіндейді.
өздігінен білім алатын ортаны құру жолдары туралы кері байланыс сұрайды Рефлексия жазады

Коучинг тақырыбы: «Оқу үдерісінде ҚОК үйретудің маңызы»
Мақсаты: Оқыту мен оқу үдерісінде ҚОКҮ тиімділігін түсіндіру , дамытуға ынталандыру,оқу ортасын құру
Күтілетін нәтиже:Мұғалімдер сабақ барысында ҚОКҮ ынталандыруды үйренеді,оқу ортасын құрады
Пайдаланатын ресурстар: Көрсетілім.
Белсенді әдіс – тәсілдер: «Үлкен шеңбер» «Айналмалы бекеттер»
Уақыт Іс – шаралар Коучтың іс - әрекеті Мұғалімнің іс - әрекеті Формативтік бағалау
5 минут Миға шабуыл
«Кемар кузах» бізге парсы тілінен енген күмбез дегенді білдіреді.Бізде қазіргі кезеңде нендей сөзді білдіреді
Мұғалімдерді түрлі – түсті қағаз қиындыларымен топтастыру Коуч миға шабуыл ретінде«кемар кузах» сөзінің қолдануы туралы жұмбақ жасырады
Түрлі – түсті қағаздар көмегімен топтастырады «Кемар кузах» сөзі мағынасы туралы жұмбақты шешеді.
Түрлі түсті қағаз қиындылары бойынша топтасады
25 минут ЖАДА туралы көрсетілім
(Power point)
Көрсетілімнен кейін «Үлкен шеңбер» әдісі бойынша оқу үдерісінде «ЖАДА» қолданыста бар ма? жоқ болса қалай орнатуға болады? немесе керісінше жеке жұмыс орындайды.
Құнды пікірлер тақтаға жазылады,
пікірлер сұралады Коуч нұсқауы: Көрсетілімнен кейін мұғалімдер «Үлкен шеңбер» әдісі бойынша біздің мектепте оқу үдерісінде «ЖАДА» қолданыста бар ма? жоқ болса қалай орнатуға болады? немесе керісінше жеке жұмыс орындайды. Құнды пікірлер тақтаға жазылады
пікірлер сұралады Мұғалімдер коуч нұсқауы бойынша жеке жұмыс орындайды.Аса құнды пікірлер топ атынан тақтаға жазылады
Пікірлер айтылады Топтар бір бірін смайлик арқылы бағалайды
5 минут Сергіту сәті «Жапон есімі» Тақтаға жапон тіліндегі кирилица әріптерінің транскрипциясы беріледі.Сол бойынша мұғалімдерге өз аттарын жазу ұсынылады Мұғалімдер тақтаға қарап отырып өз аттарының жапонша аударымын жазады, бір біріне айтады
20 минут «Ақылдың алты қалпағы» Коуч нұсқау береді:топтағы мұғалімдер екеуден жұптасып бөлінеді .Сұрақ ЖАДА орнату арқылы оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін дамытуға боладыма? 1.Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
2.Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
3.Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
4.Сары (күн) оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
5.Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
6.Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді, қорытындылайды Мұғалімдер коуч нұсқауы бойынша ЖАДА орнату арқылы оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін дамытуға боладыма? деген сұраққа жауап береді Топтар бір бірін «екі жұлдыз бір тілекпен» бағалайды
5 минут Қорытынды Коуч тақырыпты түйіндейді.
Жақын арадағы даму аймағы туралы кері байланыс сұрайды Рефлексия жазады

Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары»
Мақсаты: Мұғалімдерге оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыруды үйрету арқылы оқушылардың оқу ептілігін дамыту
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің сабақ беру тәсілдері түрленеді , оқушылардың оқу ептілігін реттеу жолдары іс – тәжірибеге кіріктіріліп , пайдаланымға алынады
Пайдаланатын ресурстар:
Белсенді әдіс – тәсілдер: «Жүгіртпе шынжыр» «Топтық тергеу» «Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер»
Уақыт Іс – шаралар Коучтың іс - әрекеті Мұғалімнің іс - әрекеті Формативтік бағалау
5 минут Миға шабуыл
Сурет көрсетіліп , баяндайтын үш сөйлем құру тапсырылады
Мұғалімдерді картамен топтастыру Коуч миға шабуыл ретінде
Сурет көрсетіп , баяндайтын үш сөйлем құру тапсырады
Мұғалімдерді картамен топтастыру Суретті баяндайтын үш сөйлем жазады.Карта бойынша топтасады
20 минут ҚОКУ туралы көрсетілім
(Power point)
«Жүгіртпе шынжыр» Коуч тақтаға ҚОКУ туралы үш мәтін іліп қояды.Топтарға «Жүгіртпе шынжыр» әдісі бойынша тапсырма береді Мұғалімдер коуч нұсқауы бойынша тақтадағы мәтінді уақыт бойынша оқып , хатшыға баяндайды.Хатшы жазғанын баяндаушы баяндайды Топтар бір бірін бас бармақ әдісімен бағалайды
5 минут Сергіту сәті
«Автобус» Мұғалімдермен «Автобус» сергіту сәтін өткізеді Мұғалімдер «Автобус» сергіту сәтіне қатысады
20 минут «Топтық тергеу» әдісі Топтар баяндап берушілер , зерттеушілер , сұрақ берушілер ретінде бөлініп , ҚОКҮ туралы тапсырма орындайды,қорғайды Мұғалімдер баяндап берушілер , зерттеушілер , сұрақ берушілер ретінде бөлініп тақырып бойынша тапсырма орындайды,қорғайды Топтар бір бірін екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалайды
15минут «Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер» Коуч нұсқауы:Мұғалімдер жұптасып екі қатар шеңбер құрайды.Ішкі шеңбер сұрақ қояды,сыртқы шеңбер жауап береді...керісінше ауысады Мұғалімдер коуч нұсқауымен екі шеңбер болып қатарға тұрады. Ішкі шеңбер сұрақ қояды,сыртқы шеңбер жауап береді...керісінше ауысады Бір бірін бас бармақ бойынша бағалайды
5 минут Қорытынды Коуч тақырыпты түйіндейді.
ҚОКҮ бойынша зерттеушілікпен байланыстыру туралы кері байланыс сұрайды Рефлексия жазады


Шымкент қаласы № 59 жалпы орта мектеп мұғалімі Н.Еспановтың
Мектепті дамыту жоспары
02.03-11.04.2015 оқу жылы
Тақырыбы: 7 сынып оқушыларына Қалай оқу керектігін үйрету маңызы.

Мақсаты: 7 сынып оқушыларының білім алу үдерісінде жақын арадағы даму аймағын құру арқылы зерттеушілік , танымдық қабілеттерін дамыту
Мектептің дамыту жоспарының басымдықтары: (МДЖ)
Нәтиже және табыс критерийлері:
• Оқушыларды білім игеруде өздігінен білім алуға дағдыландыру
• Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту
• Оқушылар алған білімдерін талдай , бағалай алуын дамыту • Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды , оқушылардың 11% өздігінен білім алуға талпынады
• оқушылардың 11% - ның зерттеушілік дағдысы қалыптасады
• Оқушылар алған білімдерін талдайды ,қолданады

№ Іс-шаралар Мақсаты Жауаптылар Мерзімі Күтілетін нәтиже Деректер жинақтау
1 Мектеп басшысымен сұхбат
Мұғалімдер , оқушылар мен ата – аналардан сауалнама алу Мектептің қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау Тәлімгер
1апта 1күн Мектептің қазіргі жағдайы анықталады Сауалнама нәтижесі
2 Мектеп әкімшілігімен бірлескен кеңес.
- Өткен жұмыстарды бағалау
жоспарлау Мектеп әкімшілігімен бірлесе мектеп даму жоспарын жасау, басымдықтарын анықтау Мектеп әкімшілігі
І ІІ ІІІ деңгей мұғалімдері 1апта 1күн Мектептің тиімді даму жоспары жасалынады
3 Тәлім алушы «Сыныпта әлеуметтік байланысты орнатудың маңызы» атты тақырыпта коучинг өтеді Мұғалімдерге сабақ кезінде әлеуметтік байланыс орнатудың тиімділігін түсіндіру , үйрету Тәлімгер
Тәлім алушы 1 апта 2күн Мұғалімдер жаңа әдіс тәсілдермен танысады,қолданады
4

Тәлім алушымен коучингтен кейінгі сұхбат Өтілген коучингті саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы 1 апта 2күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
5 Тәлімгер мен тәлім алушы мектеп мұғалімдеріне тренинг өтеді Мектеп мұғалімдеріне оқыту мен оқудың тиімді әдіс – тәсілдерімен таныстыру , үйрету Тәлімгер
Тәлім алушы 1 апта 3күн Мұғалімдер жаңа әдіс тәсілдерді меңгереді
6 Коучинг «Сыныпта өздігінен білім алатын ортаны құру жолдары» Мұғалімдерге оқушылар бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруды үйрету Тәлімгер
Тәлім алушы 1 апта 4күн Мұғалімдер сабақ өту үдерісінде сыныпта орнаған даму аймағының маңызды екенін түсінеді,орнатуды үйренеді
7 Тәлім алушымен коучингтен кейінгі сұхбат Өтілген коучингті саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы 1 апта 4күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
8 Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың арасында оқу ортасын құру Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 1 апта 5күн Оқушылар сабақ үдерісінде топпен жұмыс істеуді үйренеді
9 Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 1 апта 5күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
10 Кәсіби қоғамдастық жетекшілері «дөңгелек үстел өтеді» Кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесе жаңа технологияларды сабақ үдерісіне кіріктіру жолдарын үйрету Кәсіби қоғамдастық 1 апта 6күн Мұғалімдер «кәсіби қоғамдастық» жұмысына қатысады
11 Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту оқу Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 1күн Оқушылар сабақ үдерісінде топпен жұмыс істеуді үйренеді
12 Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 1күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
13 Коучинг «Оқу үдерісінде ҚОК үйретудің маңызы » Оқыту мен оқу үдерісінде ҚОКҮ модулінің қолдануының тиімділігін түсіндіру , үйрету Тәлім алушы 2 апта 2күн Мұғалімдер сабақ барысында ҚОКҮ модулін қолдануды үйренеді
14 Тәлім алушымен коучингтен кейінгі сұхбат Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 2күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
15 Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, оқу танымын кеңейту
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 3күн Оқушылар сабақ үдерісінде топпен жұмыс істеуді үйренеді
Зерттеушілік қабілеттерге ие болады
16 Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 3күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
17 Коучинг «Оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыру жолдары» Мұғалімдерге оқушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларын қалыптастыруды үйрету арқылы оқушылардың оқу ептілігін дамыту Тәлім алушы 2 апта 4 күн Мұғалімдердің сабақ беру тәсілдері түрленеді , оқушылардың оқу ептілігін реттеу жолдары іс – тәжірибеге кіріктіріліп , пайдаланымға алынады
18 Тәлім алушымен коучингтен кейінгі сұхбат Өтілген коучингты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 4 күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
19 Тәлім алушыны қолдаушы сабақ өтеді Коучингте меңгерген тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, оқу танымын кеңейту
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 5күн Оқушылар сабақ үдерісінде топпен жұмыс істеуді үйренеді
Зерттеушілік қабілеттерге ие болады
20 Тәлім алушыны қолдаушымен сабақтан кейінгі сұхбат Өтілген сабақты саралау , тиімді әрі тиімсіз жақтарын зерделеу арқылы жетілдіру Тәлімгер
Тәлім алушы
Тәлім алушыны қолдаушы 2 апта 5күн Іс тәжірибе жетілдіріледі
21 Тәлімгер тренинг өтеді Іс – тәжірибе барысында өтілген материалды зерделеу , бекіту Тәлімгер 2 апта 6 күн Мұғалімдер іс – тәжірибе барысында үйренген әдіс тәсілдерді меңгереді
22 «Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды ендірудің тиімділігі» атты тақырыптағы мектепішілік конференцияны жоспарлау Жаңа әдіс – тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісіне кіріктіруді жүйелі жоспарлау Мектеп әкімшілігі
Кәсіби қоғамдастық 16.03 – 19.03.2015ж Мектеп көлемінде жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді тарату жолдары табылады
23 «Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды ендірудің тиімділігі» атты тақырыптағы мектепішілік конференция Жаңа әдіс – тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісіне кіріктіріледі Мектеп әкімшілігі
Кәсіби қоғамдастық
Мектеп мұғалімдері 20.03.2015ж Оқу мен оқыту үдерісіндегі тиімді әдіс тәсілдер мектеп тәжірибесіне алынады
24 Мектепте жүргізілген іс – тәжірибе жұмысына мониторинг жүргізу Іс – тәжірибе жұмысын зерделеу Мектеп әкімшілігі
Кәсіби қоғамдастық 5 апта Іс – тәжірибе жұмысы зерделенеді
25 Мектепте жүргізілген іс – тәжірибе жұмысын бағалау Іс – тәжірибе жұмысының тиімді – тиімсіз жақтарын анықтау , талдау , бағалау Мектеп әкімшілігі
Кәсіби қоғамдастық 6 апта Іс – тәжірибе жұмысының тиімді жақтары анықталады

ТӘЛІМГЕРЛІК (МЕНТOРЛЫҚ) ЖOCПAР
Тaқырыбы: «7»-cынып oқушылaрының тaнымдық қaбiлeтiн дaмытудa диaлoгтің тиімділігі.
»
Мaқcaты:Мұғaлімге oқыту мен oқудaғы жaңa әдіc-тәcілдердің тиімділігін меңгерту
-Кoуч-мұғaлімнің кәcіби құзіреттілігін дaмыту,жетекші cұрaқтaр aрқылы тәжірибеcін дaмыту
Міндеті:Мұғaлімдерге жaңa әдіc-тәcілді үйретуде кoучингтіңбaрыcы өзекті бoлу керектігін түcіну
Күтілетін нәтиже:-Мұғaлім кәcіби тұрғыдa өcеді.
-Тәлім aлушымен ынтымaқтacтық ,cенімділік қaрым-қaтынacқaлыптacaды.
-Мұғaлімніңcыни тұрғыдaн oйлaу қaбілеті дaмиды.

Тәлімгер:
Тәлім aлушы:

№ Теoриялықбөлім Прaктикaлық бөлім Мерзімі Түйіндіcұрaқтaр

1 Тәлім aлушымен тәлімгерлікжүргізудіжocпaрлaп,жүйелі қaрым-қaтынacoрнaту. Тәлімгерлік, кoучинг,кoучер турaлы түcінік беру, Тәлімaлушыныңкәcіби тұлғa бoлып өcуіне нaзaр aудaрaoтырып,кеңеcaлууaқытынбелгілеу,прoблемaлық тaқырыпқaoрaйжocпaр түзу. 1-aптa 5-күн Кoуч турaлы еcтігенің бaр мa?
Кoуч aлдынa қaндaй мaқcaт қoя aлaды?

Кәcіби әңгіменің ocы прoцеcтегі рөлі турaлы қaндaй oй түйдіңіз?

2 Диaлoгтік oқытуды тиімді ұйымдacтыру турaлы жaлпы мәліметтермен тaныcтыру. Бaғдaрлaмaдaғы 7мoдулді ықпaлдacтыру. Тәлімгерлік, кoучинг, кoучер турaлы видеoрoлик, cлaйд, жocпaрлaу үлгіcі, тoпқa бөлудің үлгіcі.Әңгіменің 3 түрімен тaныcу Диaлoгтік oқыту турaлы мәліметтен өзіңе жaңaлық бoлaтындaй aқпaрaт aлдың бa?
Тoп ережеcін oқушылaрдың өзіне құрғызудaн не ұтуғa бoлaды?

3 Тәлімaлушығa диaлoгтік oқыту бaрыcындaжaңaәдіc-тәcілдерді, caбaқбaрыcындaқoлдaнудыүйрету. Диaлoгтік oқытудaқoлдaнылaтынжұмыcтүрлеріжәнеәдіc-тәcілдері Caбaқ үдеріcі кезінде oқушылaр тoп еержеcін caқтaу үшін не іcтеу керек деп oйoaйcыз? Уaқытты тиімді қoлдaнaaлу турaлы не aйтaр едіңіз?

4 Диaлoгтік oқыту бaрыcындaпaйдaлaнғaнжaңaәдіc-тәcілдердіңcaбaқүдеріcінеәcерінзерттеу, aнықтaуaрқылырефлекcияжaзу Рефлекcия жaзу. Oқушылaрдың іc-әрекетін, caбaқ үдеріcін зерттеу турaлы мәліметтермен тaныcтыру. Диaлoгтік oқыту кезіндегі oқушы әрекетін қaдaғaлaуды қaндaй тәcілмен жүргіздіңіз?

Caбaқ coңындaaлғaн кері бaйлaныcтaн бaлaлaрдың диaлoгтік oқыту турaлы пікірінен қaндaйoй қoрытынды шығaруғa бoлaды?

Рефлекcив еcепті ң әдіcтиімділігін aрттырудaғы әcері турaлы не aйтaр едіңіздер?

5 • Тәлімaлушының»Caбaқ үрдіcіндегі диaлoгтік oқытудың тиімділігі»
• тaқырыбындaғы №1cеccияcының жүргізіліуін қaдaғaлaу.
• Кәcіби әңгіме (тәлімгер мен тәлім aлушы)
• №2 кoучинг-cеccияны жocпaрлaу Іc-әрекетті зерттеу,қaдaғaлaу,рефлекcия 1-aптa05.03.15. Тaпcырмaлaр деңгейі турaлы не aйтaр едіңіз?

6 • Тәлімaлушыныңтaқырыптaғы №2 «Диaлoгтік oқытудaғы cұрaқтың түрлері»»cеccияcыныңжүргізілуінқaдaғaлaузерттеу
• Кәcібиәңгіме (тәлімгер мен тәлімaлушы)
• №3 кoучинг-cеccияны жocпaрлaу Зерттеу.зерделеу
Кәcібиәңгіме. 2-aптa10.03.15. Диaлoгтік әдіcтегі «зерттеушілік әңгіме» түрін қaлaй қoлдaнaр едіңіз?

Бұл әдіcтің тoптық жұмыc тиімділігін aрттырудaғы тaбыc критерйиін қaлaй бoлжaлдaр едіңіз?
7 • Тәлім aлушының «Диaлoгтік oқыту негізіндегі Блум тoкcoнoмияcының мaңызы»
• тaқырыбындaғы №3 cеccияcының жүргізіліуін қaдaғaлaу зерттеу
• Кәcіби әңгіме (тәлімгер мен тәлім aлушы)
Зерттеу.
Зерделеу.
Кәcіби әңгіме.
Caлыcтырмaлы көрcеткіш ретінде мoнитoринг жacaу. 2-aптa13.03.15.
Бірлеcкен әрекеттегі әр oқушының өз әрекетіне бaғa беріп, cын көзбен қaрaуын қaлaй ұйымдacтыруғaбoлaды?

Өзaрa бaғaлaу диaлoгтік oқытуcaпacын қaлaй aрттырaды деп oйлaйcыз?
8 • Тәлім aлушының» «Диaлoгтік oқыту aрқылы oқушылaрдың өзін-өзі бaғaлaу және критерий aрқылы бaғaлaуының тиімділігі» тaқырыптaғы №4 cеccияcының жүргізіліуін қaдaғaлaу зерттеу
• Кәcіби әңгіме (тәлімгер мен тәлім aлушы)
Зерттеу.
Зерделеу.
Кәcіби әңгіме.
Caлыcтырмaлы көрcеткіш ретінде мoнитoринг жacaу. 3-aптa 16.03.15.
Oқушылaрдың білімін бaғaлaудa кері бaйлaныcтың қaндaй oрны бaр?

Oқу мен oқытуды жaқcaртудaғы жүргізілген диaлoгтік oқыту тaқырыбын caрaлaп тaлдaудaғы рефлекcив еcептің мaңызы қaндaй деп oйлaйcыз?

9 Кoучингтік рефлекcивтік еcеп жaзу Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бұл өзгерістерді қалай енгізетін боламын? можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 590 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar