Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бөлшектің алымындағы және бөліміндегі  көбейткіштер жай бөлшек және ондық бөлшек түрінде аралас берілсе, бөлшекті бүтін санға айналдыр -

Бөлшектің алымындағы және бөліміндегі көбейткіштер жай бөлшек және ондық бөлшек түрінде аралас берілсе, бөлшекті бүтін санға айналдыр

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1617 | Размер: | Автор: гость
. АСИЛБЕКОВА КУЛЖАН КОРГАНБЕКОВНА
Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі.
Оңтүстік Қазакстан облысы
Бәйдібек ауданы

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектің алымындағы және бөліміндегі көбейткіштер жай бөлшек және ондық бөлшек түрінде аралас берілсе, бөлшекті бүтін санға айналдырып қысқарту тәсілдері.
II.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып,ой-өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру,озық ойлы оқушыны анықтау,ауызша есептеуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын,логикалық ойлауын,есте сақтау,қайта жаңғырту ізденушілік,шығармашылық әлеуетін,білімге қызығушылығын және ойлау қабілетттерін дамыту.Ой белсенділігі мен танымын арттыру,өзіндік көзқарасы қалыптасқан азамат болып шығуына әсер ету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тез ойлап білуге,шапшаңдыққа,өз бетінше жұмыс жасай білуге,ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастырып,тапқырлыққа,алғырлыққа,жинақылыққа,адамгершілікке,өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу
III.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
IV.Сабақтың түрі: Модульдік әдістер арқылы өткен материалдармен байланыстыра отырып түсіндіру.
V.Сабақты өткізу әдісі: Тез ойлауға үйрету,зеректілікке баулу,есте сақтау қабілетін арттыру,сұрақ-жауап,білімдегі түрлі жаңа педагогикалық әдістер арқылы тақырыпты толық меңгерту.
VI.Сабақтың барысы:
1.Үй тапсырмасын тексеру.
у=3х-1 формуласымен берілген функцияның графигін сызыңдар,
мұндағы -3<х<3. Графиктен мыналарды анықтаңдар.
х -3 -2 -1 0 1 2 3
у -10 -7 -4 -1 2 5 8






1)функцияның 5-ке тең мәніне сәйкес аргументтің мәнін табыңдар;
у=5; х=2 А(2;5)
2) А(2;5), В(1;6), С(-2;-7) нүктелерінің қайсысы берілген функцияның графигінде жатады?
А(2;5), С(-2;-7) нүктелері берілген функцияның графигіне тиісті.
В(1;6)нүктесі берілген функцияның графигіне тиісті емес.
2.Жаңа сабақ материалы:
Бөлшектердің алымында да, бөлімінде де көбейткіштер ондық бөлшек түрінде берілсе, оларды натурал санға келтіріп алып есептеп алуға болады.
Ол үшін:
1) бөлшектің алымындағы ондық таңбалар санын және бөліміндегі ондық
таңбалар санын жеке-жеке санау керек;
2) табылған ондық таңбалардың ең көп санындай нөлдері бар разряд бірліктеріне бөлшектің алымын да, бөлімінде көбейту керек.
Сол кезде бөлшектің алымындағы және бөліміндегі ондық бөлшектердің
орнына натурал сандар шығады;
3) қажет болған жағдайда бөлшектерді қысқарту ережесі бойынша
қысқарту керек.
Мысалы, бөлімдісін табу үшін, бөлшектің алымындағы көбейткіштерде 4 ондық таңба, ал бөліміндегі көбейткіштерде 3 ондық таңба бар. Онда бөлшектің алымын да , бөлімінде төр нөлі бар раздяд бірлігіне, яғни 10 000-ға көбейтеміз.
Сонда = = = =4.5

4)берілген бөлшектегі жай бөлшек көбейткіштердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі болатын санды табу және көбейту тәсілін қолданамыз:
ЕКОЕ(6;7)=42
2)берілген бөлшектегі ондық бөлшек көбейткіштерді бүтін сандарға айналдыратын разряд бірліктерін табу және көбейту тәсілін қолданамыз:

3)жай бөлшек және ондық бөлшек аралас барілген жағдайда алымын да,бөлімін де табылған ең кіші ортақ еселікке және тразряд бірліктеріне көбейту керек;
4)алымын да,бөлімін де бүтін сан көбейткіштері бар бөлшекті қысқартуды орындау керек:
Мысалы:

3.Сергіту сәті:
Бір ғана цифрды пайдаланып 1000-ды жазып шығу
(7777/7-777/7,5555/5-555/5=1000)

4.Есептер шығарту:
1 есеп

2 есеп

3 есеп
5.Сабақты қорытындылау.
Оқушылардан сұрақ алып, жауап беріп қорытындылау
6.Оқушыларды бағалау.
Есеп шығаруда белсенділік танытып, жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау.
7.Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.