Меню
Назад » » »
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін оқыту
загрузка...

загрузка...
Тойлыбаева Алия Оразалыевна,
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін оқыту

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың танымдык кабілеттерін жетілдіре отырып, шығарма мазмұнын толық білу.
Жазушы жеткен биіктігін, шеберлігін тану.Ұжымдық, топтық, жұптық, жекелеген жұмыстар жүргізу.
3. Повестің тәрбиелік жақтарын табу, адалдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:қорытынды сабақ.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру, репродуктивтік.
Сабақтың көрнекілігі:мультимедиа кешені, жазушы кітаптары, кесте, үлестірмелі қағаздар.
Блум таксономиясын қолдану.
I. Білу. "Шұғаның белгісі"(Повестіңәр бөлімінеат қою).
II. Түсіну. Бейімбет — ұлы суреткер (Шығарма құрылысына
қарай мазмұндау).
III. Қолдану. Жазушыныңтіл шеберлігі (Практикалықтілдік
жұмыстар).
ІҮ. Талдау.Ауыл адамдары (Шығармадағы әр кейіпкерге
мінездеме беру).
Ү. Топтау. Кім кінәлі? (Проблемалықсұрақтар).
ҮІ. Бағалау."Армандакеткен асыл-ай!" (Эссе.Ой-толғау жазу).
Тест тапсырмалары
Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу. Окушы назарын сабақка аудару.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: "Шұғаныңбелгісі" Б.Майлиннің проза жанрындағы тұңғыш көлемді туындысы.
1914-1915 жылдары Уфадағы Ғалия медресесі шәкірттерінің қолынан шығып, "Садақ" атты қолжазба журналында басылған бұл шығарма 1922 жылы қайта жөнделіп, "Қызыл Қазакстан" журналындажарияланды.
Повестің негізгі тақырыбы — әйел теңсіздігі. Шығарманың идеясы—жас ұрпақты осындай бақытсыздыққа ұшыратып отырған феодалдық ғұрыпты сынап, қоғамдағы теңсіздікті айыптауға кұрылады.
Шұға — мейілінше адал, терең сезімнің адамы. Өмір тәлкегіне көнбейтін, бір сөзді, тұракты махаббат иесі. Әбдірахманның айдалып кетуін ол өз махаббатының сөнуі, тіршілік болашағының күнгірттартуы ретінде қабылдайды.
Сабақ барысы:
Оқушыларды 4 топка бөлу.
Кіріспе
Негізгі ой
Қорытынды
Толыктыру
I. Білу. "Шұғаның белгісі" повесінің әр бөліміне ат қою, оқушылардың қойған аттарынан іріктеп алу. Ұжымдықжұмыстар. Мысалы:
Қос жолаушы
Бай кызы Шұға
Кездесу
Учитель — Әбдірахман
Ұйғарым
Қызықты күндер
Күлзипа—Айнабайдың қызы
Ынтықжүрек
9.Хат
Тосқауыл
Жабылған жала
Қоштасу
Жазылмасдерт
Шүғаның белгісі
II. Түсіну. "Бейімбет — ұлы суреткер". Шығарма сюжеті негізінде әр топ мазмұнын айтады.
III. Қолдану.Жазушының тіл шеберлігі. Жұптық жұмыстар. Үлестірмелі қағаздар тарату. Тілдік жұмыстар, әдебиет теориясынан тапсырмалар. Төмендегі сөздердің мағынасын ашу, тұрақты тіркестерді, туыстық атау, салт-дәстүр, тарихи-көнерген сөздерді,троптыңтүрлерінтабу. Мысалы: обашық, белес, шұқырынды томар төбе, нағашы, жесір, бәйбіше, қызойнақ, алтыбақан,мүңдық, дуан, болыс, көшер, песір, тілмаш, нәшәндік, стражник, естірту, көңіл айту, бақсы-балгер тентекжан, жүрегім macтөбеме шықты, төбем көкке тигендей, суық суды төбемнен құйып жібергендей, екікөзі елдің сыртында, тазы ашуын тырнадан алады, салқындық түсірме, сөзді аяқ асты қылды, көпке топырақ шашу, ботадай боздап, инедей қиянаты жоқ, күйсеуден тайынбайды, тасып кеттім, жүрегім тітіркенді, жүрегім елжіреп, қарга, өгіз, шагалалар той-тойлап жатыр, осының басы елмен толады, төрт ұлы шетінен - қасқыр, заман бүзылган гой, amжетер жерде қазан асыяып, қайнап жатыр, тілім байланды, олжамнан қақты, дыбысы жер жарды, шаңымды аспанга шыгарады, от салып түтандырып жүретін, екі қызыл көзді бәле, т.б.
IY.Талдау.Ауыл адамдары.
-Сәйкестендіру керек
-Кейіпкерлерге мінездеме беру
-Қайсысы жанама, қайсысы тура суреттелген
-Портрет, мінездеме беру
-Мультимедиадан екі ғашықтың суретін көрсету, хаттарынан үзінді тыңдату.

Ү. Топтау. "Кім кінәлі?" Ауызша сұхбат.
Шұғаның өліміне кім кінәлі?
Жазушышешімімен келісесіңбе?
3. "...Бұл күнде ондай қыз кайда. Ажары тәуірлеу біреу болса,
соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге ұксап шошандап
жүргені. Заман бұзылған ғой... иә..." шығармадан алған пікірге
қосыласыңба?
4. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін қазіргі заманмен
салыстырындар.
ҮІ. Бағалау. "Армандакеткен асыл-ай!" деген тақырыпта ой
толғау жазу.
Окушылардың жеке шығармашылықжұмыстары
Тест тапсырмалары
1. "Шұғаныңбелгісі" бұрын калай аталды?
а) Тарғыл өгіз сойған
ә) Ерекең
б) Қамысакты
2. "Әбдірахманның өзі шынымен бұзылған ғой" кімніңсөзі?
а) Есімбек
ә) Қажыбай
б) Базарбай
3. Зәйкүлмен жакындасып көңіл қосқан кім?
а) Әбдірахман
ә) Төкей
б) Қасымжан
4. ...Немұндык,бұлдүниедеқыздармұндық,
Атадан болып мұндық неге тудык.
Атадан мұндықболып тумас едік,
Бұрынғы ата-баба жолын кудық...
Шұғаның кай жерде айткан өлеңі?
а)шілдеханада
ә) алтыбақанда
б) үйлену тойында
5. Болыска алып бара жатқан жолда Әбдірахман Шұғаны құшағына алып сүйді ме?
а) күшағына алды
ә) жоқ
б) тек колын алды
Окушы білімін бағалау
Үй жұмысы: Баска жазушылардың әйел теңсіздігі тақырыбындағы туындыларымен салыстыру. Венн диаграммасын толтыру. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін оқыту можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 541 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar