Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бұрандалы біріктірулер. -

Бұрандалы біріктірулер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1885 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Сағымбаев Айдар Ташкенбайұлы,
Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы.

Сабақтың тақырыбы:
Бұрандалы біріктірулер.

Қысқа мерзімді жоспар
1. Сабақтың тақырыбы: Бұрандалы біріктірулер.
2. Сабақтың мақсаты: Бұрандалы тетікбөлшектердің қосылыстарының сызбаларын түсіндіру.
3. Оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер: Сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс, ДЖИГСО әдісі.
4. Сабақта 7 модульдің кіріктірілгені: Сыни тұрғыдан ойлау, талантты және дарынды балаларды оқыту,АКТ.
5. Оқып үйренудің нәтижесі: Бұрандалы тетікбөлшектердің қосылыстарының сызбаларын сызуды үйренеді.
Бір-бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады.
Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді, бағалай алады.
Топтпсуды үйренеді, мағынаны ашуда бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланады, білімін кеңейтеді.

қ/с Сабақ бөлімінің кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Сілтеме
1 Ұйымдастыру бөлімі
3 Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру.
«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» жаттығуы. Нұсқау: Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады :
1. Оң қолымен бес үшбұрыш, сол қолымен бес төртбұрыш салады. 2. Оң қолымен бес шеңбер, сол қолымен бес үшбұрыш салады. 3. Оң қолымен өзінің есімін, соң қолымен тегін жазады.
Бұрандама, самын, тығырық және бұрамасұқпалы тетікбөлшектер арқылы оқушыларды топтарға бөлу. Оқу үрдісіне бағытталуы, мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдау, сабаққа кірісу және төрт топқа бөлінеді. Төрт топқа бөлінуді үйренеді.
2
Жаңа сабаққа дайындық 5 Практикалық жұмыс бойынша оқушылардың деңгейін анықтау.Үй тапсырмасын сұрау арқылы, алған білімдерін еске түсіру, оқушылардың белсенділігін арттыру.
1.15-суреттегі тетікбөлшектің аксонометриялық проекция бойынша, А4 пішімге негізгі көрінісін сызып, бұрандасының кескіні және белгілеуімен толықтырыңдар.
1. Стандартты бұрандалардың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Бұрандаларды қажеттілігіне қарай неше топқа бөлінеді?
3. Өндірісте қолданылатын бекіту бұрандалардың негізгі түрін атаңдар?
4. Бұранданы Tr 40*5 LH белгілеуді қалай түсінесіңдер. Әр топтағы оқушылар үй жұмысына байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.
Үй тапсырмасын орындап келеді.
3 Қызығушылығын ояту 5 Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында төрт топтағы оқушыларға сұрақтар беру.
1. Тетікбөлшектерді бір- бірімен біріктіру үшін қандай біріктірулер қолданылады?
2. Екі тетікбөлшектерді бір- бірімен біріктіру үшін қандай тетікбөлшектер қолданылады?

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатына байланысты қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

4 Мағынаны тану 22 Оқулық мәтіні бойынша топтық жұмыс. 5.16, 17, 18, 19, 20 - суреттердегі бұрандама мен бұрамасұқпалы біріктірулердің сызбаларын орындау ережелерін түсіндіру.
Практикалық жұмыс.
1. тапсырма. Топтық жұмыс. Әр топқа берілген бұйымдарға қандай тетікбөлшектермен біріктіруге болатынын айтып беріңдер?
2. тапсырма. Жеке жұмыс төрт топқа берілген алты нұсқаның 1, 2-суреттерде бұйымдар неше тетікбөлшектермен біріктірілгенін 450 қа тең көлбеу сызықтармен сызып реттік санмен көрсетіңдер?
3-суретте бұрандасы бар екі тетікбөлшектің біріктіру сызбасын орындаңдар? 5.16, 17, 18, 19, 20- суреттегі тетікбөлшектердің бұрандама, бұрамасұқпалы және винттік біріктірулердің сызбаларын орындауды үйренеді.
5 Ой толғаныс 5 Практикалық жұмыстарының дұрыстығын тексеріп, қате сызған оқушыларға сұрақ қойып тексеру.
1. Бұрамалардың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Бұрандама, сомын, бұрамасұқпа және тығырық деп нені айтады?
3. Болттық біріктіруде болттың ұзындығын қалай анықтауға болады?
4-тарсырма. Бұрандалы біріктірудің түрлерін мен сызбасының сәйкестігін табыңдар? Тетікбөлшектердің сызбасындағы кескіндерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беруге үйренеді.
6 Бағалау критерилерін анықтау 2 Сабаққа байланысты құрылған критерийлері бойынша оқушыларды бағалау. Топты бағалау және топтардың жұмыстарын смайликтермен бағалауы. Бағалау критерилері жазылған плакат
7 Үйге тапсырма 1 Практикалық жұмыс. 5.22-суреттегі ажырайтын біріктірулердің жеңілдетілген сызбасын нақты өлшем бойынша А4 пішімге орындаңдар. Практикалық жұмыс. 5.22-суреттегі ажырайтын біріктірулердің жеңілдетілген сызбасын нақты өлшем бойынша А4 пішімге орындауды үйренеді?

Сабақ жоспары.
Пәні: Сызу
Сыныбы: 9(тоғыз)
Мерзімі: 10.03.2014ж
Тақырыбы: Бұрандалы біріктірулер.
Мақсаты: Бұрандалы тетікбөлшектердің қосылыстарының сызбаларын түсіндіру.
Сабақта қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту.
Міндеттері (бағалау критерийлері):
1. Бұрандалы біріктіруді орындау кезінде ой-өрісімен ойлау қабілетін дамыта алады.
2. Бұрандалы біріктірудің түрлерін ажырата алады.
3. Бұрандалы біріктірудің сызу заңдылықтарын қолдана алады.
4. Практикалық жұмыс арқылы білімділігі артады.
Күтілетін нәтиже: Бұрандалы тетікбөлшектердің қосылыстарының сызбаларын сызуды үйренеді.
Сабаққа қажет құрал- жабдықтар: бағалау плакаты, интерактивті тақта, смайликтер, стикерлер, түрлі-түсті фламастерлер, А4 пішімді қағаз, қарындаштар, қорамсақ, сызғыштар.
Сабақты жүргізудің әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Оқып үйренудің нәтижесі: Бұрандалы тетікбөлшектердің қосылыстарының сызбаларын сызуды үйренеді.Бір-бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады.
Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді, бағалай алады.Топтпсуды үйренеді, мағынаны ашуда бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланады, білімін кеңейтеді.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сынып, тақта тазалығын тексеру, құрал-жабдықтарды дайындау, сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерилерін жариялау.
Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру: : «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» жаттығуы. Нұсқау: Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады :
1. Оң қолымен бес үшбұрыш, сол қолымен бес төртбұрыш салады. 2. Оң қолымен бес шеңбер, сол қолымен бес үшбұрыш салады. 3. Оң қолымен өзінің есімін, соң қолымен тегін жазады.
Бұл жаттығудыдың мақсаты мынадай : Екі қолмен бір мезгілде әр түрлі әрекеттер жасағанда мидың екі жарты шары да іске жұмылады және бұрандама, самын, тығырық, бұрамасұқпалы тетікбөлшектер арқылы оқушылар төрт топтарға топтасады.
Топ өздері топ басшысын , хатшысын сайлап алады. Әр топқа бағалау критерийлері таратылады.
Үй тапсырмасын тексеру:15-суреттегі тетікбөлшектің аксонометриялық проекция бойынша, А4 пішімге негізгі көрінісін сызып, бұрандасының кескіні және белгілеуімен толықтырыңдар.
2. Стандартты бұрандалардың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Бұрандаларды қажеттігіне қарай неше топқа бөлінеді?
4. Өндірісте қолданылатын бекіту бұрандалардың негізгі түрін атаңдар?
5. Бұранданы Tr 40*5 LH белгілеуді қалай түсінесіңдер?
Қызығушылығын ояту: Жаңа тақырыпты табу үшін, төрт топтарға бұрандамалы біріктіруге байланысты сұрақтар беріледі.
1. Тетікбөлшектерді бір- бірімен біріктіру үшін қандай біріктірулер қолданылады?
2. Екі тетікбөлшектерді бір- бірімен біріктіру үшін қандай тетікбөлшектер қолданылады?
Мағынаны ашу: Сабақтың тақырыбы: Бұрандалы біріктірулер.
Бұрандамалы біріктірулер БұрамасұқпалыбіріктірулерВинттік біріктірулер







Екі тетікбөлшекті бұрандамалы арқылы біріктіруді орындау кезеңдері.


Бұрандамалы біріктірудің проекциялық байланыста орындалуы.


Екі тетікбөлшекті бұрамасұқпалы арқылы біріктіруді орындау кезеңдері.


Екі тетікбөлшекті бұрамасұқпалы арқылы біріктіруді орындау кезеңдері.


1-тапсырма: Төрт топқа берілген бұйымдарға қандай тетікбөлшектермен біріктіруге болатынын айтып беріңдер?



1-топ2-топ

3-топ 4-топ
2-тапсырма: Төрт топқа берілген алты нұсқаның 1, 2-суреттерде бұйымдар неше тетікбөлшектермен біріктірілгенін 45 қа тең көлбеу сызықтармен сызып реттік санмен көрсетіңдер?
3-суретте бұрандасы бар екі тетікбөлшектің біріктіру сызбасын орындаңдар?


І-нұсқа ІІ-нұсқа ІІІ-нұсқа

ІV-нұсқа V-нұсқа VІ-нұсқа
Ой толғаныс: 3-тапсырма: Бұрандалы біріктірудің түрлері мен сызбасының сәйкестігін табыңдар.
бұрамасұқпалы
жасырын басты штифтік цилиндр басты
жартылай дөңгелек басты шпондық шлицтік бұрандамалы



Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан нені білемін ?
2. Нені білдім?
3. Осы тақырып аясында тағы не білгім келеді?
Жауаптарын стикер парақшасына жазып рефлексия плакатына жапсырады.
Топтық бағалау. Әр топтағы оқушылар қарсы топтарын қолдарындағы бағалау критерийлеріне қарай отырып бағалайды және топтарды смайликпен бағалайды.
Қорытынды: Үй тапсырмасы, 5.22-суреттегі ажырайтын біріктірулердің жеңілдетілген сызбасын А4 пішімге орындап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.