Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Бәрін білетін кітаптар!» -

«Бәрін білетін кітаптар!»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1889 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақмола облысы
Степногорск қаласы
№ 1 Бестөбе орта мектебінің
кітапхана меңгерушісі
Кусаинова Гульназ Папашқызы
«Бәрін білетін кітаптар!»
Мақсаты: оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білімдерін насихаттау. Сөздіктерді, энциклопедияларды дұрыс пайдалануға үйрету,олардың алуан түрлерін көрсету, оқушылардың сөздіктерді пайдалану негізінде дағдыларымен шеберліктерін қалыптастыру.
Екі командаға бөлінеді: «білгіштер» және «тапқырлар», дұрыс жауап үшін жұлдызша беріліп отырады. Кітапханашы: Сендер жиі мынадай сөздерді естисіңдер : «кітапты мұқият оқы, зейін салып оқы,беттерін қалдырмай оқы,асықпай оқы.» Ал онда сендер ортасынан бастап оқитын кітаптарды көз алдарыңа елестетіңдерші,одан кейін ол кітаптарды басынан бастап оқуға болады,сосын соңына қайтып келуге болады.Бұл қандай кітаптар екен? Дұрыс, бұл сөздіктер мен энциклопедиялар.Балалар, бүгін сіздерде дәстүрлі емес , кітапханалық сабақ! Сондықтан біз бүгін өзгеше кітаптар туралы,ең ақылды кітаптар туралы айтамыз.
СЛАЙД .
Бұл сөздіктер мен энциклопедиялар.Адамның бұрын-сонды болып өткен оқиғалар мен даталарды, цифрларды бәрін бірдей есінде сақтауы мүмкін емес. Сондықтан да , бір сұраққа жауап алу үшін сөздіктер мен энциклопедиялардың көмегіне сүйену тура келеді.Бұл кітаптарды мағлұмат беру жағынан әрі кедей, әрі бай деп айтуға болады, өйткені онда артық ештеңе жоқ, ал қажетті нәрселер көп-ақ, олардың кейбіреулері өзен мен көл, тау мен теңіз қала атауларын айтып берсе, енді біреулері өсімдік немесе машина туралы болып келеді.
СЛАЙД .
СӨЗДІК- Мағынасын ашып, түсінігі берілген,басқа тілге аударылып, әліпбилік ретімен берілген сөздер жиынтығы.Сөздер сөздіктерде алфавит тәртібімен, ал энциклопедияларда жекелеген тақырыптар бойынша беріледі. Сөздік пен энциклопедиялармен жұмыс жасағанда ең қиыны –әліпбидің білмеуі.Ал сендер қандай сөздіктер білесіңдер? /Балалар орнынан тұрып әр сөздіктің белгісін айтады./ , ал олай болса сөздіктер әлеміне саяхатқа шығайық.
СЛАЙД . Сөздік ,энциклопедиялар түрлері ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІК ОРФОЭПИЯЛЫҚ СӨЗДІК ТҮСІНДІРМЕЛІ СӨЗДІК ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК АНТОНИМ СӨЗДІГІ СИНОНИМ СӨЗДІГІ ОМОНИМ СӨЗДІГІ
Жақсы,ал енді сендерге «лексикограф» сөзі таныс ба? СЛАЙД . Тамаша орыс жазушысы, этнограф В.И.Даль орыс тілінің 200 мың сөзін жинап, олардың әрқайсысының мағынасын түсіндіріп берді. Егерде оқушының дәптеріне Дальдің сөздігінің көшірмесін бір қатарға жазса сондай дәптерден 450 дана керек екен. СЛАЙД . Орыс тілінің түсіндірмелі сөздігі С.И.Ожегов ,бұл сөздікке 72500 сөз еңгізілген.
Ал енді сөздіктер тақырыбы бойынша жұмыс жасаймыз.
Тапсырма № 1 Бір күні әдебиетшілер компаниясы бір дәмханаға келеді. Жазушы ас мәзірін байқап тапсырысты былай берді: «6 үлес орфографиялық қате». Ас мәзірінің тізімінде көп қате жіберілген екен, сондықтан да осындай қиын жағдайға түспеу үшін сауатты жазыңыздар. Ал сауатты жазу үшін қандай сөздікті пайдаланамыз? Дұрыс – орфографиялық сөздікті.
СЛАЙД . Ендеше 2 командаға тапсырма.
З..тем..р д..быст..ғыш атқам..нерлі жемп..рш..ң жортқ..зу төл..ңгіт т..сең..ш ләйл..кш..п игер..с..з и..ленд..ру
СЛАЙД .
Тапсырма № 2 омоним Түсіндірмелі сөздіктен 3 сөз тауып жазу:

СЛАЙД .
Тапсырма № 3 синоним
Денелі
Оқушы
Дінсіз
Сымбатты
Көршілес
Сәби
СЛАЙД .
Тапсырма № 4 антоним: адал,тәтті, оңай,инабатты,мәре жоғары,дұрыс,жер,басы,бостандық СЛАЙД .
Тапсырма № 5 Қанатты сөздер- І командаға, Сәйкесін тап. Резюме.- ІІ командаға.
Тапсырма 6 «Сөздік» және «оқырман" деген сөздеріне СИНКВЕЙН құрастыру – ол 5 жолдық өлеңнен тұрады Синквейн жазу алгоритмы
1-і жол Кім? Не? 1. зат есім
2-і жол Қандай 2. сын есім
3-і жол Не істеді? 3. етістік
4-і жол Автор тақырып туралы не ойлайды 4. сөзден сөйлем
5-і жол Кім? Не?
1. зат есім
Сөздік

Сөздік!
Теңдессіз, ақылды
Ашады, түсіндіреді,көмектеседі
Сөздіктер – ұлттық тілдің байлығы
Кітап!
Ал енді энциклопедиялар әлеміне шығамыз.
СЛАЙД. Балалар егерде сендер табиғатта болып жатқан құбылыстарды , ғалымдар мен тарихи кезеңдер туралы білгілерің келсе, онда сендерге энциклопедиялар көмекке келеді
ЭНЦИКЛОПЕДИЯ – Грек сөзі, білім, анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым.
СЛАЙД.
Энциклопедияларды қолдану ережесі . Энциклопедияларда сөздер әліпби бойынша орналасқан, және кітаптың әр бетінде, үстінде кілтті сөзді оқимыз, сөз кітаптың түбіршегінде де көрсетілген. Бұл дегеніміз іздеу уақытымызды азайтады, өйткені біз керекті томды аламыз.
СЛАЙД.
Ұлкен эңциклопедиялардың қатарына 12 томдық «Балалар энциклопедиясы» жатады, оның әр томы 12 бөлімнен тұрады.
СЛАЙД.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ- Еліміздің маңызды өндірістік және ауыл-шаруашылық аймақтары,тарихы оқиғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері,соғыс ардагерлері,денсаулық сақтау,мәдениет және өнер туралы мақалалар берілген.
СЛАЙД.
СҰРАҚ-ЖАУАП ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ- 8 бөлімнен тұрады:әлем, жер планетасы, дүние жүзі тарихы, табиғат әлемі, адам денесі,ғылым және техника,әлемге саяхат, мәдениет және спорт. СЛАЙД.
ӨМІРБАЯНДЫҚ энциклопедиялар - сөздің мағынасын түсіндірмейді, ол нақты бір адамның елеулі оқиғаларын көрсетеді, энциклопедияның құрылуына назар аударыңыз – тегі алфавит бойынша ,аты , әкесінің аты,мәліметтер қысқаша, ал шежіре хронологиялық тәртіппен орналасқан.
СЛАЙД.
АБАЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған. СЛАЙД.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТЫ- еліміздің бай табиғаты,оның ішінде таулары, қыраттары,жазықтары ,өзен-көлдері,орман-тоғайлары, жануарлар әлемі,өсімдіктер дүниесі т.б. энциклопедиялық жүйемен әліпби бойынша берілген.
СЛАЙД.
Ал енді 10 томдық «ҚАЗАҚСТАН» Ұлттық энциклопедиясы бұл сөздіктердің бәрінен де асып түседі. Оларда табиғат, тарих, ғылым мен техника, өнер мен әдебиетке қатысты сөздер жинақталып берілген, сондай- ақ сол сөздердің әрбіреуі жайында қысқаша мағлұмат айтылған.Бұл энциклопедия орыс тілінде де басылып шығарылған.
СЛАЙД. . Энциклопедиялармен сөздіктердің айырмашылығы неде? /егерде сөздіктер сөздің мағынасын ашып берсе, энциклопедия дегеніміз заттарды,құбыластарды суреттейді. Мысалы: жылқы туралы мәліметті энциклопедиядан аламыз, оның тұқымын, адам қалай қолға үйреткенін, адамдарға қандай пайдасын тигізетінін да энциклопедиялардан аламыз, бірақ та ат пен жылқының айырмашылығы қандай екенін энциклопедиялардан таба алмаймыз.Ал сендер, қалай ойлайсыңдар қайдан көруге болады? /Дұрыс, сөздіктен./
Келесі кезек энциклопедиялар әлеміне ой сергіту: «Бәрін білгім келеді»
СЛАЙД
Жақсы,балалар біздің сөздіктер әлеміне саяхатымыз аяқталуға жақын ,сөздіктер мен энциклопедиялар қоры сан ұрпақтың қатысуымен жинақталған. Бұл кітаптар біздің уақытымыз бен күш-жігерімізді үнемдеп сақтайды, жұмыста қате жібермеуімізге көмектеседі. Сондықтан,өздерің білгілерің келген сөзді іздеуден, сұраудан ешқашан да жалықпаңдар.Бұл кітаптар сендердің шетсіз-шексіз теңіз мұхитында еркін самғайтын кемелерің болсын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.