Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық сайыс сабақ -

«Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық сайыс сабақ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2880 | Размер: | Автор: гость
. Дарынды балалрды үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Джакабаева Лиза Омаровна

Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық сайыс сабақ
Мақсаты : 1. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету,
өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өз
бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру ,
логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін
дамыту

3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,ізденімпаздыққа
баулу,ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге
дағдыландыру

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.
Көрнекілік: суреттер,сызбалар,қанатты сөздер,карточкалар,логикалық есептер.
Сабақтың түрі:топтық жұмыс

Жоспар :

1.Оқушыларды топқа бөлу
2.Топ басшысын сайлау
3.Әділқазы алқасын сайлау
4.Әр топқа тапсырмалар беру
5.Қорытындылау

4А «Алғырлар» тобы
4 Ә « Тапқырлар» тобы
4Б « Ойшылдар» тобы


Жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру

« Бәрін білгім келеді» сайыс
I-тур : « Кім жүйрік»

а.Топбасшысына арналған сұрақтар

II-тур: « Ойлан,тап!»
Ана тілі пәні
а.Құпия хаттарға жауап беру

ә.Мәтіннен үзінді:

III-тур : « Кім жылдам ?»
Қазақ тілі

а.Cөйлем мүшелеріне талдау
ә.Зат есімнің септелуі
IV-тур : « Сен білесің бе?»
Дүниетану
а.Тест сұрақтары

V- тур: « Қас –қағым сәт»

а.«Логикалық тапсырмалар

I-тур « Кім жүйрік »

1-тапсырма.
Топбасшысына арналған сұрақтар

1. Әттең,даусым тілім жоқ,
Құшағымда білім көп.(кітап-книга-book)

2.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква)

3.Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц-rabbit)

4.Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)

5.Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка-cat)

6.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса-box)

7.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)

8.Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)

9.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады.(аяз-мороз)

II Тур «Ойлан,тап!»
1 тапсырма Құпия хаттарға жауап беру
I -топ

Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе-көз өтірік
айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен өтірік айтқанды жаным
сүймейді.Менің онымен ойнағаным дұрыс па?

II-топ

Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргенде
үй-ішін айтып ,алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.Және өзінен кіші
балаларды үнемі ренжітеді.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсы
ойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?

III-топ

Құрметті достар.Менің бір сыныптасым бар.Ол үнемі сыныпқа сотка алып
келеді де,біздерге көрсетіп мақтанады.Мен оның соткасын көріп,өзім де сондайын
алғым келеді.Ал менде оны алатын ақша жоқ.Сендер айтыңдаршы менің
не істегенім дұрыс?

2-тапсырма

Мәтінен үзінді:аты,авторы
Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел айт

Iтоп

Шынында да бұл күнде Аян қайда екен?Тірі ме екен? Ондай бала тірі
болуы тиіс.Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.Ал тірі болса ,
Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!Жусанның иісін сағынбауы мүмкін
емес қой.

I-топ

Асырасаң да мал болмайды.Тұқымы жау емес пе!- десті.Кейбіреулері
«Түнде қозының құйрығын иіскелеп жүреді.Қойды үркіте береді.Түнде даланы
жақсы көреді.Иттен қорқанынан ғана үйде жатады» деседі.

III-топ

Алыстай берген арбаның тырс-тырс дыбысы жүрегіме тық-тық тиеді.Шын-ақ
апамнан айырылып кеткенім бе?Жоқ ,апа,қайда жүрсем де қасыңда болармын.
Жоқ,апа,мен сені ұмытпаймын.Әр күн басымды жастыққа салғанда,сені ойлап
жатып ұйықтап кетермін.Сондықтан түсімде де сені көрермін!..

3-тапсырма
«Айшықты сөздер»
Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.Бұл сөздермен ана тілі
пәнінен шығармаларда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі.
Ойланып,мағынасын айтуларың керек.

1.Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2.Бетінен оты шықты(ұялу)
3.Ит өлген жер (алыс)

1.Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2.Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде)
3.Таяқ сілтем жер (жақын)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3.Қой аузынан шөп алмас (жуас)

III-тур « Кім жылдам ? »

1-тапсырма
Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау
і.с з-е с-е б.с з-е з-е ет а.т ет і.с з-е ш.с з-е ет
Ұлының ақылды сөзіне көңілі толған ана елжіреп,оның маңдайынан сүйеді.

2-тапсырма
Зат есімнің септелуі :мектеп , парта
А.с не? мектеп,парта
І.с ненің?мектептің, партаның
Б,с неге? мектепке,партаға
Т.с нені? мектепті,партаны
Ж.с неде?мектепте,партада
Ш.с неден? мектептен,партадан
К.с немен? мектеппен партамен

3-тапсырма

Мақалды жалғастыр.
1-топ
1.Тіл тас жарады,
тас жармаса... (бас жарады)
2.Бал тамған тілден..(у тамады)
3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты ..(сөз бұзар)
4.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)
5.Шебердің қолы ортақ,шешенің... (тілі ортақ)
2-топ
1.Өнер алды -...(қызыл тіл)
2.Айтылған сөз-...(атылған оқ)
3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан... (інінен шығар )
4.Басқа пәле...(тілден )
5.Тілге құрмет-...(елге құрмет)
3-топ
1.Өз үйім...(өлең төсегім )
2.Батыр туса ел ырысы,...(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )
4.Ғылым теңіз,...(білім кеме )
5.Оқу инемен.....(құдық қазғандай )
IV-тур « Сен білесің бе?»

1-тапсырма

Тест сұрақтары

V-тур « Қас-қағым сәт»
Логикалық тапсырмалар

1.Сыныпта 30 оқушы.Әрбір 6 қызға 4 ұлдан келеді.Сыныпта ұл бала нешеу?(12 ұл)
2.Ағашта9 құс қонып отыр.Аңшы бір құсты атып түсірді.Ағашта неше құс қалды?
(бәрі ұшып кетті)
3.Бір аяқта тұрғанда қораздың массасы 5кг.Екі аяқта тұрса,оның массасы қанша болады? (қораздың массасы 5кг)
4.Екінші аусымда оқитын екі дос мектепке бара жатыр.Олар бірінші аусымда оқитын
үш досын кездестірді.Мектепке барлығы неше бала бара жатыр? (2 бала)
5.Жолда келе жатқан екі бала 20 теңге тауып алды.Олардың артынан бес бала келе
жатыр.Олар қанша теңге тауып алды?(Ешқандай теңге таппады)
6.Анасы Серікке бірнеше алма берді.Ол алмалардың жартысын жеп ,қалғанын 4 алманы қарындасына апарып берді.Анасы Серікке барлығы қанша алма берді?
(4 алма дегеніміз алманың жартысы.Демек Серіктің барлығы 8 алмасы болған.)
7.Басы теңесіп тұрған таразының бір жағында табақта бір алма мен екі алмұрт,
екіншісінде екі алма мен бір алмұрт бар.Қайсысы жеңілдеу,алма ма әлде алмұрт па?
(алма мен алмұрттың салмағы бірдей)
8.Әкесі мен баласы велосипедпен келе жатты.Велосипедтерде барлығы 7 дөңгелек
бар.Сонда олар мінген велосипедтердің ішінде неше екі дөңгелекті, неше үш дөңгелекті велосипед бар?
(7=2+2+3.Демек,1 үш дөңгелекті,2 екі дөңгелекті велосипед болды. )
9.Төрт дос –Азамат,Берік, Серік женк Ғалым өзен жағасында отыр.Беріктің бойы
бәрінен ұзын емес,бірақ ол Азамат пен Ғалымнан ұзын ,ал Азамат Ғалымнан
қысқа.Балалардың бойының ұзындығына қарай орналастыр.
( Серік ең ұзыны,Берік,Ғалым,Азамат)
10.Анасы ,әкесі және баласы сәкіде отыр.Әкесі баласының сол жағында , анасының
оң жағында отыр.Кімнен кейін кім отыр? (анасы ,әкесі,баласы )
11.Қандай санның атының жазылыуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?(100-жүз)
12.Отбасында 2 бала бар.Мәрлен Ардақтың ағасы ,ал Ардақ Мәрленге аға емес.
Сонда Сұңғат кім?( Қарындасы)
13.Пойыздың 10 вагоны бар.Бауыржан басынан санағанда бесінші вагонға отырды,ал Ұлан аяғынан санағанда бесінші вагонда отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін
бе ?(Бауыржан 5-ші,Ұлан 6-шы вагонға отырды)

14.Жарас Жалғастың баласы,ал Жалғас Кәрімнің баласы.Жарас Кәрімге кім болады?
(немере)
15.Бақ ішінде 4 жасыл және қоңыр орындықтар тұр.Жасыл орындықтар қоңыр
орындықтардан артық .Жасыл орындық нешеу,қоңыр орындық нешеу?
(жасыл 3,қоңыр орындық 1)
16.Қайраттың екі ағасы мен бір әпкесі бар.Отбасында неше ұл мен неше қыз
бар?Ал барлық баланың саны қанша?(3 ұл,1 қыз,б-4)
17.Мараттың бойы Серіктен ұзын ,бірақ Абайдан қысқа.Абай ұзын ба,Серік ұзын ба?
(Абай ұзын)
18.Бүгін жұма,ал бүрсігүні қандай күн болады?(жексенбі)
19.Бүгін Анар нешеде болса, үш жылдан кейін Мадинаға да сонша жас болады.
Екі қыздың қайсысы үлкен?(Анар үлкен)
20.Алмұрттардың жартысынан компот қайнатылды.Компотқа 3 алмұрт жеткен
болса,әуелде қанша алмұрт болған?(6 алмұрт)

Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.