Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бұрымды қыз -

Бұрымды қыз

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1725 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
№81Ұлықбек атындағы негізгі орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдурахманова Хулкар Арипжановна

Тақырыбы: Бұрымды қыз
Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
І - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата - аналар, және де осы мектептің оқушылары! Бүгін сіздер мектебіміздің «Бұрымды қыз» байқауын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңіздер інжу - маржан шашылсын!
ІІ - жүргізуші:
Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».
І жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жан күйер, әр қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
ІІжүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
І жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаздай күліп жайрандаған.
«Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей отырып
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты байқауға қош келіпсіздер!
ІІ жүргізуші:
Шық аруым жарысқа,
Бір - біріңнен қалыспа.
Өнерінді байқасын,
Мына отырған халық та - демекші бүгінгі мектепшілік байқауымыздың аруларын ортаға шақырамыз. (арулар ортаға кезекпен шығады).
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару болу үлкен сын.
Оны қазың бағалар,- деп қазылар алқасымен таныстырамыз.
І - Эстетикалық талғам.
ІІ -«Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру.
ІІІ - Шаш күтімі
ІҮ - Ас адамның арқауы (картошканың қабығын үзбей аршу)
Ү - Шаш үлгісін жасау.
ҮІ - Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.
ІІ - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бұрымды қыз сайысын.
Рұқсат болса бастайық.
І - жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық. (Арулар ортаға шыққанда «Қыз сыны» әнінің әуені қосылады).
ІІ - жүргізуші:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп - Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың
І бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде Эстетикалық талғам - деп аталады. Бұл сайыста қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс - тұрысы бағаланады.
І - жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Жаймен басып сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- демекші
ІІ бөлім «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру. Рет бойынша арулар өздерін таныстырып шықсын.
ІІІ - Шаш күтімі
ІІ - жүргізуші:
Бұрымды қыз сайысы,
Тәрбиелі, мәнді де.
Шашты күтіп өсіру, Қыз баланың сәні де,- дегендей бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, ұзын шашты өсірудің құпиясын ашады және сусабындарына жарнама жасайды.
ІҮ - Ас адамның арқауы (картошканың қабығын үзбей аршу)
ІІ - жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма.
Өнерің болса қолында.
Өнерлінің ырысы.
Жарқырап жатыр жолында келесі сайысымыз « Ас адамның арқауы» (картошканың қабығын үзбей аршу)
Ү - Шаш үлгісін жасау.
І - жүргізуші: Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,
Шашты кеспей оны күтіп қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - дей отыра қыздар өрім түрлерін көрсете отырып, шаш үлгісін жасайды және қорғайды.
ҮІ - Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.
ІІ - жүргізуші: «Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді» дей келе келесі сайысымыз сұрақ - жауап, қыздарымыз сұрақтарға жауап береді.
1 – сұрақ.
1. Бес қару: (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта )
2. Жеті қазынаны атаңыз.
(Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.)
2 – сұрақ.
1. Үш арсыз: (тамақ, ұйқы, күлкі)
2. Қыздар туралы мақал - мәтелдер. (қызға қырық үйден тию, Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, Абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің)
3 – сұрақ.
1. Жеті ата: ( ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене )
2. Бес дұшпан (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ).
4 – сұрақ.
1. Үш даусыз: (мінез, кәрілік, ажал)
2. Үш биді атаңыз.(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би).
5 – сұрақ.
1. Үш мақсат: (жол мақсаты – жету қыз мақсаты - кету, сауда мақсаты - ұту)
2. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата? (қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі – ою - өрнек)
6 – сұрақ.
1. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз үйіне бір жылдан кейін барған. Қалай аталады? (Төркіндеу)
2. Үш байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
(Кеш қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай, яғни «Өнерлі қыз», «Ерке қыз», «Шебер қыз», «Сұлу қыз», «Білімді қыз», «Ибалы қыз» атақтары беріледі, мадақтау қағаздарымен мадақталады. Жеңімпаз «Бұрымды қыз» лентасы мен дипломға ие болады. Сыныптың ұлдары арасынан класс жетекшіге және аруларға сыйлық табыс етіледі.)
І - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ мамаң.
ІІ жүргізуші:
Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше!
«Бұрымды қыз»

ақырыбы: «Жігітке жеті өнер де аз»
Мақсаты: Ер балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қадірлеу, ұлтжанды, отан сүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, оқушылар.
2-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,
Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.
Талай ғасыр небір ақын жыраулар
Жігіттердің батырлығын жырлапты
1-жүргізуші: Сыналар ер жігіттер келді кезің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен,
Соны білсеңдер әрнені білгендерің.
2-жүргізуші: Бүгін «Жігітке жеті өнер де аз» атты байқауымызға қатысқалы отырған жігіттеріміз әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл-парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсету керек.
1-жүргізуші: Ұл бала елінің қорғаны, халқының қалқаны. Көк байрақты құлатпай, әнұраннан қуат алған, бабалар тарихын жалғастырған, қыз намысын ел намысы деп түсінген, әкесінің ғана ұлы болмай елінің ұлы болған
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың шартын таныстырып өтейін.
І. Таныстыру
ІІ Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
ІІІ. Мақал - сөздің мәйегі (мақалды жалғастыру)
IY. Сұрақ-жауап
Y. Сегіз қырлы – бір сырлы. 1. Өз өнерін көрсету
2. Мен директор болсам..
1-жүргізуші: Ал енді ортамызға сұлу да сымбатты, сыпайы да ұстамды, өнерлі, жігерлі, сері жігіттерімізді шақырайық.
2-жүргізуші: Жігіт мықты көрінбес сыннан өтпей дегендей, жігіттерімізді сынайтын, бағасын беретін әділ – қазы алқасын сайлап алайық.
1-жүргізуші: Ұрпағы мен боламын бабалардың,
Биікке өнерімен бара аламын.
Қанеки, тыңдайықшы барша халық,
Кім екен түпкі атасы сұлтандардың – дей келе алғашқы сайысымызды «Таныстыру» бөлімімен бастайық.
2-жүргізуші: Енді, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген бөлімізді бастаймыз.
Мұнда әр түрлі тақырыпқа байланысты сұрақтар жасырылған.
І. Тұрмыс салт – дәстүр
1.Қымызмұрындық – бұл жаз тойы, мамаыр айынан бастап, маусым айына дейін сөзылатын үлкен той. Осы кезде биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын-жек жаттар бірігіп қымызға шақырылады. Құран оқылып, мал сойылып, түрлі ойын-сауық ойналады.
2. Шылбыр - ат жүгенінің қазыққа байлайтын жібі.
3. Қонақтың түрлерін ата? (арнайы, құдайы, қыдырма, қылғыма)
ІІ. Спорт
1. Қазақтың атақты палуаны. (Қажымұқан.М)
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (алтыбақан, көкпар, қыз қуу, ақсүйек, қанталапай)
3. Қазақстаннан 2008 жылғы олимпиада да неше алтын алды, иелері кімдер? (Бақыт Сәрсекбаев, Илья Ильин)
ІІІ. Эпостық жыр
1. Қобыланды батырдың қарындасы? (Қарлығаш)
2. Ноғайлы елінің билеушісі, Қобыланды батырдың қарсыласы? (Алшағыр)
3. Қобланды батырдың мәңгі мекеніне айналған аруақты жер? (Жирен қопа)
ІY. Мәдениет, өнер
1. Қазақтан шыққан тұңғыш биші? (Шара.Ж)
2. Ұлы отан соғысында майдангерлерге оқ астында ән салған, халық қаһарманы, ән өнерінің бұлбұлы кім? (Роза Бағланова)
3. «Жетімдер» фильмінің режисёрі кім? (Еркін Рақышов)
Y. Ер есімі – ел есінде
1. «Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов)
2. Сен жыладың, жігітім:
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығын.
Сен жыладың – деп басталатын қай ақынның өлең жолдары? (М.Шаханов)
3. «Ұстаздық ұлы тұлға» - деп айтқан кім? (М.Әуезов)
1-жүргізуші:«Мақал – сөздің мәйегі» бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде мақалдың жалғасын табу яғни жалғастыру.
1. Бақа көлін сүйеді, бұлдырық шөлін сүйеді. Ер жігіт көлін сүйеді.
2. Ер намысының құлы
3. Болат қайнауда шынығады,батыр майданда шынығады.
4. Ер намысы, ел намысы
5. Қорлық өмірден артық, ерлік өлімнен артық
6. Ер сасқанда белгілі, ат шапқанда белгілі
7. Жігіт жанған шоқ болсын, шоқ болмаса, жоқ болсын.
8. Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң, құстырар
9. Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
10. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені сынғаны.
11. Ит тойған жерін, ер туған жеріне
12. Отанды сүю, отбасынан басталады.
2-жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей келе «Сұрақ - жауап» бөлімін бастаймыз.
Ал, қане жігіттер дайынсындарма? Дайын болсаңдар бастаймыз.
1. Жігіттің қанша жұрты бар? (Өз, нағашы, қайын)
2. Отан жайлы мақал – мәтел айтып бер.
3. Батырлар мінген арғымақ аттарды атаңдар? (Қобыланды-Тайбурыл, Ер Тарғын – Тарлан, Қамбар- Қарақасқа, Алпамыс – Байшұбар, Исатай – Ақтабан, Амангелді - Шалқасқа)
4. Жеті атаға кімдер кіреді? (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)
5. Саятшының, бүркітшінің кәсіптік заттары? (бүркіт, тазы, ат, мылтық, ұзынтаяқ, томаға, қолғап, тор, бау, қақпан)
6. Қазақтың ертедегі шешен жырауларды ата?
7. Жеті қазынаға не жатады? (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
8. «Жеті жұтты» атаңдар? (Құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба(ауру), соғыс, топан су, зілзала)
9. «Жеті жарғы» Заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)
10. «ҰБТ» қандай сөз (Қысқарған сөз)
1-жүргізуші: Соңғы сайысымыз «Сегіз қырлы бір сырлы» деп аталатын бөлімізге кезек берейік. Бұл бөлімнің өзі екіге бөлінеді. Жігіттеріміз өз өнерін көрсетсе, енді бірінде егерде директор болсам деген тақырып бойынша өз ойын білдіреді.
2-жүргізуші:Сайысымызды қорытындылай келе әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Просмотр содержимого документа "Жігітке жеті өнер де аз" сайыс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.