Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бұрыштың түрлері тақырыбына есептер шығару -

Бұрыштың түрлері тақырыбына есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1474 | Размер: | Автор: гость
. Илеспаева Айгүл
№49 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
ОҚО, Сайрам ауданы
Сабақтың тақырыбы: Бұрыштың түрлері тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
1) Бейімділік
Оқушыларға бұрыштың түрлерін бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру, есептер шығарту.
2) Дамытушылық:
Алған білімдерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару іскерліктерін дамыту.
3) Тәрбиелік:
Ұқыптылыққа, жылдамдыққа , жауапкершілікке және зерек болуға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Қорытынды, жарыс, қайталау
Сабақтың әдісі: Өз бетінше жұмыс, сұрақ-жауап, білімдерін бағалау, тест тапсырмалары.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, сызғыш, плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындыығн қадағалау. Сабақты жарыс түрінде өткіземіз. Сыныптың математика пәнінен көшбасшы болуға оқушыны талдау. (сынып лидері)
2. Негізгі бөлім:
Сабақ 3 кезеңнен (10 турдан) тұрады.
І-кезең: «Тас қақпа»
ІІ-кезең: «Күміс қақпа»
ІІІ-кезең: «Алтын қақпа»
Плакатқа оқушылардың аты-жөндері жазылады, сол бойынша әр оқушыға турдан кейін + белгісін қойып отыру, олай болса, І-кезең: «Тас қақпа» - «3»
6 турдан тұрады. Бұл кезеңнен кейін бірнеше оқушыны шығару.
1-турҮй тапсырмасы: №1490
Жалпы түрде тексеріп дұрыс шығарған оқушыларды ескеріп, + белгісін қою.
С Д
АОВ= 1800
А О В
СОД=900
ДОВ=400
АОС=1800-(90+40)=1800-1300=500

2-тур. Қайталау тест түрінде
1. Бұрыш дегеніміз- бір нүктеден шығатын екі
а) түзу б) сәуле в)кесінді

2. Бұрыштың элементтері:
а) 1 төбесі 1 қабырға б) 2 төбесі, 2 қабырға в) 1 төбесі 2 қабырғасы

3. Бұрыштың өлшем бірлігі:
а) грамм б) градус в) метр

4. Бұрышты өлшейтін құрал
а) трансформатор б)транссибир в)транспортир

3-тур. Кім жылдам?
Сұраққа тез жауап беру керек.
1. Бұрыштың қанша түрі бар?
2. 1800- қандай бұрыш?
3. Тік бұрыш қаншаға тең?
4. Сүйір бұрыштың шамасы?
5. Толық бұрыш нешеге тең?
6. 900 -1800аралығы
7. 1200, 1100, 1150, 00, 150, 200, 350, 760, 240 қандай бұрыштар екенін әр оқушыдан сұрау.
8. Сүйір, доғал бұрыштарға мысал келтіру
4-тур. Ойлан тап. Есептер шығару.
1. Жазыңқы бұрыштың ½ бөлігі Дәптерге жаздырту
2. Толық бұрыштың 1/3 бөлігі
3. Тік бұрыштың 2/9 бөлігі
4. Толық бұрыштың ¼ бөлігі
5. Жазық бұрыштың 50%
6. Толық бұрытың 50%

5-тур. Шығармашылық жұмыс.
А В
1. Мына жерде қанша бұрыш бар? (6)
О С Д
2. Өздері осындай есептер құрастыру керек болатын, соны ескеру.
3. Бір-бірінің сұрағына жауап берген
оқушыларды ескеру.
6- тур. Галереяға саяхат

Осы сызбалар бойынша эскиздер жасату және сәйкестендіру тесті бойынша бұрыштың түрлерін анықтату.
ІІ-кезең. «Күміс қақпа» - «4»
Бұл кезеңнен кейін бірнеше оқушыны шығару

7-тур. Сергіту сәті. Логикалық сұрақ.
Үйдің бір бөлмесінің әр бұрышында бір мысықтан отыр және әр мысыққа қарама-қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысықтан отыр?

8-тур. Зерделілер сайысы.
Сағат макеті бойынша минуттық тіл мен сағаттық тілдің қандай бұрыштар жасайтынын сұрау.
сағ 3-те, 6-да, 5-те, 2-де, 9-да, 8-де.

ІІІ-кезең- «Алтын қақпа» -5 4 оқушы қалады.
9-тур. Тарихи деректер. Сұрақ жауап
1. Градус-қай елдің сөзі және қазақша мағынасы
2. Бұрышты есептеу қандай санау жүйесімен есептелген?
3. Бұрыштың градустан басқа қандай бірліктері бар?
4. Ежелгі Грецияның киімін киген қыз отыр. Қолында әдемі құмыра ұстаған қара құл кіреді. Қыз оған: «Құмыраны трапедзионға қой» дейді.
Сұрақ: Оқушылар трапедзион деген сөздің мағынасы және оның математикаға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар№
«Трапедзион» - Ежелгі Грецияда үстелді атаған, үстел беті төрт бұрыш пішінді.
5. Осы төртбұрыштың бір бұрышын аралап кесіп тастасаң қанша бұрыш қалады?

10- тур. Ғажайып төрттік.

1 2
3 4

4 санды 4 оқушыға таңдату.
Плакаттың артында 1) сұрақ 2) өлең айту, 3) +, 4) есеп шығару белгілері қойылған. Осы шарттарды орындау керек.
1. Жазыңқы бұрышты 1 сәуле арқылы 2 бұрышқа бөлуге болады, егер бұрыштың біреуі 500 болса, 2—ші бұрыш неге тең?
2. Қазір көктем мезгілі.
Көктемге байланысты бір шумақ өлең оқу
3. Жеңілдік
4. Оқулықтағы 1491 есеп
Осы тапсырмалар бойынша 4 оқушының үздігін анықтау, сыйлық беру.
1-кезең – «3», 2-кезең- «4», 3-кезең- «5» бағаларымен бағалау .
Сабақты қорыту.
Тік жазыңқы

Сүйір доғал
толық
Анықтамаларды жалпы түрде сұрау
Үйге:№1493
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.