Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бүтін санды айнымалыларды өңдеу -

Бүтін санды айнымалыларды өңдеу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1190 | Размер: | Автор: гость
. Құлқараев Айбек Алдиярбекұлы,
«Ә.Марғұлан» жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.
ОҚО, Сарыағаш ауданы
Сабақтың тақырыбы: Бүтін санды айнымалыларды өңдеу

Сабақтың мақсаты:
Білімді қалыптастыру: Оқушыларға бүтін санды айнымалылар туралы түсінік беру, бүтін санды айнымалылармен орындалатын амалдар, қолданылатын функцияларды түсіндіру, программада жазылу пішіндерін үйрету, түрлі деңгейдегі есептерді шығаруға үйрету.
Тәрбиелік: еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, компьютермен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: баланың ойлау, есте сақтау қабілетін, танымдық қызығушылығын, еріктілікті, сезімді дамыту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын, техникалық құралдардың жұмыс істеп тұрғанын тексеру, оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар арасында интерактивті тақта көмегімен тест жұмысын жүргізу. (ActivStudio бағдарламасы көмегімен)
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бүтін сандармен жұмыс жасау барысында есте сақтайтын бір мәселе, бар әрекет нақты орындалады және нәтижесінде бүтін сан шығарады. Ал бүтін сандарды бөлу барысында мәселе қиындайды, қалдық сандарды не істейміз? Сондықтан бүтін санды бөлуге арнайы амалдар енгізіледі:
div және mod амалдары
a div b – а-ның b-ға санын бөлуден жеке (бүтін бөлігін) береді.
Мысалы: 20 div 6 = 3, 20 div 4 = 5
a mod b – а-ның b-ға бөлуден қалдық қалдырады.
Мысалы: 20 mod 6 = 2, 20 mod 4 = 0
Нақты сандарды бүтін сандарға дөңгелектеу қажеттілігі туындайтын кездер жиі болады. Ол үшін мына функциялар қолданылады:
trunc(x) және round(x) функциялары
trunc(x) – бөлшек сансыз х санын береді (бөлшек бөлігі қалады). Мысалы: trunc(6.9) = 6, trunc(-1.8) = -1
round(x) – х санын жуықтағы бүтінге дейін дөңгелектейді.
Мысалы: round(6.9) = 7, round(-1.8) = - 2
Есеп: Берілген екі таңбалы санның цифрларының қосындысын табу.
program kosindi; {екі таңбалы санның цифрларының қосындысы табу}
var n, x1, x2, m: integer;
begin
write(‘екі таңбалы санды енгіз’);
readln(n);
x1:=n mod 10; {санның бірлігін алу}
x2:=n div 10; {санның ондығын алу}
m:=x1+x2;
writeln(m); readln;
end.
Есеп: Берілген төрт таңбалы санның цифрларының көбейтіндісін табу.
program kobeytu;
var n, p, x1, x2, x3, x4: integer;
begin
write(‘төрт таңбалы санды енгіз’);
readln(n);
x1:=n div 1000;
x2:=(n mod 1000) div 100;
x3:=(n mod 100) div 10:
x4:=n mod 10;
p:=x1*x2*x3*x4;
writeln(p); readln;
end.

ІV Сабақты пысықтау.
1.«Кім жылдам?» ойыны.
Интерактивті тақтада ActivStudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданып, оқушылар арасында «Кім жылдам?» ойынын өткізу. Мысалы, кез келген бағдарламаның бөлімдерін жасырып, қалып қойған оператор немесе амалдарды жазу.
2.Өзіндік жұмыс (есептерге бағдарлама құрып, компьютерде орындау).
1) round функциясы
x=45,23
c:=round(a) = 46
2) trunc функциясы
x=45,23
d:=trunc(a) = 45
3) Екі таңбалы санның цифрларының орнын ауыстыру.
N=25 болса, онда
x1:= 25 mod 10 = 5
x2:=25 div 10 = 2
m:=x1*10+x2=5*10+2=52 болды.
4) Үш таңбалы сан берілген болса, ортасындағы цифрды анықтау.
A:=246
b:= a div 10 = 24
b:= b mod 10 = 4
немесе
b:=a mod 100 = 46
b:=b div 10 = 4
5) Берілген төрт таңбалы сандардың бірдей цифры бар екендігін анықтау;
6) Берілген төрт таңбалы сандар барлық цифрлары әр түрлі екендігін анықтау.

V Сабақты қорытындылау.
1. Бүтін сандарға қатысты арифметикалық операциялардың ерекшелігі қандай?
2. Бүтін сандарды бөлу қалай орындалады?
3. Нақты санды бүтін санға қалайша айналдыруға болады?
VІ Үйге тапсырма.
Тақырып бойынша берілген есептерді шығару.
VІІ Оқушыларды бағалау.
Орындалған әр есеп геометриялық фигураларды тарату арқылы бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.