Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік -

Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1840 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
Мұхтар негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып
мұғалімі Маханова Баян Амангельдиевна
Математика 3-сынып

Тақырыбы: Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділікке байланысты есептердің жаңа типімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, жылдам есептеу дағдаларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, проблемалық.
Көрнекілігі: Үлестірмелік карточкалар, кейіпкерлердің суреттері, тестік тапсырмалар.
Болжамдап отырған нәтиже:
Жаңа ұғымдармен саналы түрде жұмыс істей алатын жеке тұлға.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі
- Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Бір-біріңе жымиып көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер, маған да күлкілеріңді сыйлаңдар.
Рахмет!

II. Үй тапсырмасын тексеру
(ауызша)
№6 97-б.
92 – 400 : 10 + 20 = 80 (500 - 100) х (72+28) = 500
60 : 6 х 3 + 29 = 59 60 х 4 – 80 х 3 = 0
2кг х 100 = 200кг 4дм х 10 = 40дм
100см : 100 = 1см 60ц х 3 = 180ц

Ауызша жұмыс:
1. Бос орындарға тиісті сандарды қой:
4 3 3 8 8 0 5 5 6
+1 7 6 - 2 2 4 - 4 1 9
6 0 9 6 5 6 1 3 7


Ауызша жұмыс:
2. Тура теңсіздіктер құр.
+ - 60 40
95 > < 30

Ауызша жұмыс:
3. «Кім жылдам»
- 2 мысықтың неше аяғы бар?
- 5 тышқанның неше құлағы бар?
- 7 торғайдың неше қанаты бар?

Есепті шығар:
Бір дәптердің бағасы 40тг. 3 дәптер сатып алынды. Сатып алған үш дәптердің құны қанша?
Шешуі: 40 х 3 = 120 (тг)
Жауабы: 120 тенге.

III. Жаңа сабақ.
1. Жапалақ 4 шар сатып алды. 1 шардың бағасы 2тг. Жапалақтың сатып алған шарларының құны қанша?
Шешуі: 2 х 4 = 8 (тг)
Жауабы: 8 тенге.

Заттардың құнын ҚҰНЫ
табу үшін, бір заттың
бағасын заттардың
санына көбейту керек
БАҒАСЫ САНЫ

2. Қонжық 3 шар үшін 6тг төледі. Бір шар бағасы қанша? Шешуі: 6 : 3 = 2 (тг) Жауабы: 2 тенге.

Заттардың бағасын БАҒАСЫ
табу үшін, олардың
құнын заттардың
санына бөлу керек. ҚҰНЫ САНЫ

3. Қасенде 12тг бар. Бір шардың бағасы 2тг. Қасен 12 теңгеге неше шар сатып алады?
Шешуі: 12 : 2 = 6 (шар)
Жауабы: 6 шар

Заттардың санын САНЫ
табу үшін, құнын
бір заттың бағасына
бөлу керек. ҚҰНЫ БАҒАСЫ

Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шығар.

БАҒАСЫ САНЫ ҚҰНЫ
90 тг 2 ? тг
? тг 4 кг 260 тг
80 тг ? л 320 тг

Сурет бойынша есеп құрастыр және оны шығар.

1) 2)


40тг 40тг ?тг ?тг ?тг

? 60тг
Дәптермен жұмыс
№6 99-бет.
792 – 40 х 10 + 8 50 х 4 х 2 + 80 60 х 7 + 3 х 20
8 мин х 10 7 сағ. х 10 80 см х 4

Сергіту сәті

IV. Сабақты бекіту
Дидактикалық ойын.
1. 3 қорап сіріңке үшін 9 тг төленді. 1 қорап сіріңкенің бағасы қанша?
2. Бір қорап сіріңкенің бағасы 3 тг. 12 теңгеге неше қорап сіріңке сатып алуға болады?
3. Ойыншық ұялы телефонның бағасы 70 тг. Осындай 4 ұялы телефонның құны қанша?
4. Үш құттықтау хатының құны 300 тг. Құттықтау хатының бағасын тап.

№9 100-бет.
89 + х = 134 х – 29 = 161 х + 100 = 137

Карточкамен жұмыс:
Түра теңдік шығу үшін «+», «-» таңбаларын және жақшалар қой.
4995 = 50 39853 = 100
91932 = 68 6562 = 69
Карточкамен жұмыс:
21 : 2 = 10 (қалд. 1) 31 : 3 = 10 (қалд. 1)
32 : 3 = 10 (қалд. 2) 41 : 4 = 10 (қалд. 1)
42 : 4 = 10 (қолд. 2) 43 : 4 = 10 (қалд. 3)
Логикалақ тапсырмалар

Суретте неше тік төрбұрыш бар?




Ең үлкен тік төртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен тап.

Логикалық тапсырмалар

Үш қыз мерекелік үстелге 6 самса сатып алуға келісті. Біріншісі 2 самса, екіншісі 4 самса алды, ал үшіншісі самсалардың орныан 180 тг ақша қосты. Егер барлық самсалардың бағасы бірдей болса, қыздар ақшаны қалай бөліп алады?

Шешуі: 2 + 4= 6 180 : 6 = 30
Жауабы: 30 теңгеден

V. Қорытындылау, бағалау

- Сабақ ұнады ма?
- Қандай тақырыппен таныстық?

VI. Үйге тапсырма беру
Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік туралы есеп құрастырып келу.
Рефлексия
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.