Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАҒДАРЛАМАДАН БАСТАУ АЛҒАН НӘТИЖЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР -

БАҒДАРЛАМАДАН БАСТАУ АЛҒАН НӘТИЖЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1032 | Размер: | Автор: гость
. Умарова Малика Абдимажитовна
ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы № 104 негізгі орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

БАҒДАРЛАМАДАН БАСТАУ АЛҒАН НӘТИЖЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР

Елбасымыздың қолдауымен, білім министрлігінің қаржы бөлуімен, өзге елдердің білім ордаларымен тәжірибе алмасып жатқанымыз қуантарлық жағдай. Мемлекеттік білім саясаты ең алдымен мұғалімдер арқылы жүзеге асады. Ал мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты мақсат-рухани жан дүниесі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болмақ. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Мұғалім - оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі және солай болуға тиіс. Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда, педагогикалық технологияларды меңгеруде педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Курс барысында ауданның әр түкпірінен келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән-жайына қанығып, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алды. Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады емес пе? Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Демек, үш айлық курс бағдарламасында әр аймақтан келген мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылды. Атап айтқанда, Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық. Ғылым мен техниканың шарықтай дамып,адамзат баласы ғаламдану үдерісі жөніндегі пікірлерін ортаға салып,қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін пайдаланып жүрген тұста білім беру жүйесі де осы өзгерістерге сай жаңашылдық пен әлемдік білім кеңістігіндегі соны ізденістерге сай сабақ жүргізудің уақыт міндеттеп отырған талап екенін айқын сезінуде.
Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру - өз ісінің шебері бола білген,адал да аппақ жүрекпен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан ұстаздың ғана еншісінде. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.
Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жүрегі мұғалім екені баршаға мәлім. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс жасайды.
3 айлық курсқа оқуға келгендегі бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде бұл оқудың бағдарламасы маған оғаш көрінген болатын. Бұл менің сабағыма тиімді жақтары бола ма екен деген көзқараста болдым. Мен осы «Бетпе-бет» кезеңінде білім ала отырып,топтық жұмыс жасай отырып,бұл бағдарламаның тиімді екенін түсіндім. Бұл тәсілдерді оқудағы Кембридждік оқыту тәсілінің теориялық негіздері бағдарламасын оқып үйрене келіп түсіндім. Дәл қазіргі заманның талабы өзгеше болып отыр. Ол талап оқушылардың зейінін сабаққа аудару, өз ақыл ой жұмыстарын жүзеге асыру, бір-біріне көмектесу, бір-бірімен ақылдасу, кеңесу, пікір алмасу, зерттеу, бірін- бірі бағалаулары, өзін-өзі бағалаулары болып отыр. Бұл бағдарламадан мен өзіме алған дүниелерім өте көп және маңызды болды деп ойлаймын.
Ертеңгі күні мектепке бара сала өз көзқарасымның өзгергендігін әріптестеріммен бөлістім. Мен (Стронг 2011) айтқандай, мектептегі жұмыстармен оқушы жетістіктерінің өркендеуіндегі негізгі тұлға мұғалім екенін түсіндім. Өзім мектептегі тәжірибе кезінде өткен сабақтарыма төмендегідей өзгерістер енгіздім.
Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрдым. Алдымен сыныпты топқа бөлдім. Мұндағы мақсатым сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту, оқушылардың бір-бірін сыйлауға үйрету.Оқушыларды топтастырып болған соң ой қозғауға, проблемалық ситуацияны шешуге арналған сұрақтарды ортаға тастадым.
Оқушылар алғашқы кезде қиналды.Оларды шешу жолдарын іздеуге көп уақыттарын өткізді. Бірақ қысқа жауап болса да айтты. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Модульді оқыту нәтижесінде сыныбымдағы талантты балалардың мүмкіншілігіне жол аштым. Яғни әр түрлі тиімді әдістерді қолдана отырып, еркіндікте ұстау арқылы шығармашылық жұмыстарына жол аштым. Келешекте оны ары қарай дамытамын.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе.(МАН, 2012ж.)
Менің оқушыларды бағалау әдісім өзгерді. Оларды «Бірінші бетпе-бет» кезеңінде теориялық білім алуда үйренгенім бойынша формативті және жиынтықты бағаладым. Әр топта оқушылар сабақ барысында өзара, бірін-бірін бағалады. Бағалау кезінде сабақ бойынша критерий жасадым. Критерий жасаудың бірден-бір тиімділігі бала өзінің деңгейін біледі, өз жұмысына есеп береді.Оқушыларға ауызекі мадақтаулардың өзіде мол әсерін тигізерін байқадым. Мен дәстурлі сабақтарымда ауызекі мадақтауларды өте аз дәрежеде қолданатынмын. Мен өз тәжірибемде осыларды ескеремін деп ойлаймын. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады. Мен өз іс-тәжірибеден өту кезінде оқушыларды бағалау үшін алдымен оқушылардың нені білетіндігін және нені істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтап алу мақсатында түрлі сұрақтар мен тапсырмалар дайындап алдым. Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетін бақылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жатқан әңгіме барысын тыңдап, берілген тапсырмаларды қадағалаудың өзі оқушыларды бағалау үшін көп ақпарат беретінін байқадым. Осының өзін іске асыру үшін де әртүрлі әдіс пайдалануыма тура келді. Мысалы: оқушыға сұрақ беру барысында қойылған сұрақтың өзіне берілген жауаптардың өзі баланы бақылауға негіз бола алады. Бұл үшін қойылған сұрақтың өзінің дұрыс болуын талап етеді. Баланың берген жауабының өзі санамен ойлануының нәтижесі құнды болып табылады. Баланы оқыту үшін бағалаудың өзінің маңыздылығы бар.
Модульдер бойынша жұмыс жасаудың тиімділігін және оның мұғалімге зор табыс әкелетінін тек ерінбей, талмай, қажымай жұмыс жасасаң өз жемісін беретінін, сондай-ақ сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша мұғалім оқушыға қандай да бір тапсырманы бермес бұрын өзі де әбден жан-жақты зерделеп, зерттеп, саралап алуы қажет. Бұл жерде мұғалім сын тұрғысынан ойлауын дамытады және оқушынын сын тұрғысынан дамуына әсер етеді.
1 бетпе-бет кезеңінде топта жұмыстану арқылы көзқарасымда үлкен өзгеріс болды. Топтағы мұғалімдермен ынтымақтаса отырып,адамгершілік, кішіпейілділік, сыйластық қасиеттерінің білім алуда да, мақсатқа жету жолында да өте маңызды екенін білгеннің үстіне біле түстім. Топтық жұмыс жасата отырып біліммен қатар тәрбие беретініме қуандым. Қазіргі таңдағы білім беру саласында баланы үйреншікті дайын әдіс-тәсілдер қызықтырмайды. Сондықтан мұғалім қалайда баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді алдына мақсат етуі керек. Оқушыларға тек бағыт-бағдар беріп отырдым.Cол үшін топтық жұмысты бірлесіп орындауға, топтық ережені орындауға дағдыландыру. Бүгінгі таңдағы басты қажеттілік-алуан түрлі әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру.
Бұл тәсіл қалыптағы жағдай емес, сондықтан біз мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын тусінулеріне көмектесуіміз керек. Өз тәжірибемде байқағаным сұрақтың дұрыс қойылуы болды. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда білім берудің тиімді құралына айналады, және де оқушыларың білім алуына қолдау көрсетіп, оны кеңейте алады. Сабақты неғұрлым қызықты өту арқылы оқушылардың сабаққа тартылу деңгейі жоғарылайтынын көрдім.Оқушы орындай алмайтын қиын тапсырманы беру, оқушының үйренуіне кедергі келтіреді. Себебі, оқушы орындай алмағанын біліп, өз мүмкідігін шектеп қояды. Сол үшін оқушыларға қарапайым тапсырмадан бастап үйрету керек. Менің сабақ өту тәжірибемде, алға қойған мақсатым оқушыны қызықтыра отырып, белгілі тақырыпты ауқымды етіп, жеңіл әдіс тәсілдермен меңгерту.Қорыта айтарым оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым -қатынаста болу, тілдік дағдыларын жетілдіру, түсіністік пен қарау керек деп ойлаймын. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып жұмысымды әрі қарай жалғастырамын деп ойлаймын.
Бағдарламаның мақсатына сәйкес оқушыны көп ойлауға, көп сөйлеуге, бір-бірімен қарым-қатынаста болуға, бір-біріне көмектесуіне ықпал жасайтын жолдарын ескеруге әрекет жасаймын. Осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды шыңдауға болатынына, қалай оқу керектігін үйретуге көзім жетті. Топтық, және тұсаукесер орындаудың біз үшін маңызы өте зор екенін білдім, себебі, мен мұнда әр қилы қырымнан танылып, өз-өзімді шыңдап жатырмын деген ойдамын. Қорыта айтарым мен осы іс-тәжірибе кезінде көз -қарасымды өзгерттім. Оқушы өз ойын еркін жеткізе алатын болды,өзін-өзі бағалауды үйренді.Сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасты. Біз оқушыларға сапалы білім беру арқылы, қоғамымыздың ертеңін ойлайтын саналы азамат етіп тәрбиелеуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге aрналған нұсқаулық. (Үшінші басылым,2012ж).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.