Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бағдаршам еліне саяхат -

Бағдаршам еліне саяхат

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1913 | Размер: | Автор: гость
. Білім беру саласы: денсаулық, таным, әлеуметтік, шығармашылық.
Бөлімі: «Дене тәрбиесі», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Музыка»
Тақырыбы: «Бағдаршам еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін жетілдіру. Бағдаршам Жұмысы, жол белгілері турала түсінік беру. Заттар арасымен, құрсаумен жұп болып жүгіруге жаттықтыру.Тепе – теңдікті сақтап, гимнастикалық тақтай үстімен жүруге үйрету. Жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа баулу. Қимылды ойындар ойнауға дағдыларын жетілдіру. Жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Кегли, шелек, үш түрлі лента (қызыл, сары, жасыл), құрсау, рольдер, бағдаршам макеті, жол белгілері.
Билингвалдық компанент: бағдаршам – светафор, жүргінші – пешеход, көлік – транспорт.
Сабақ барысы: Балалар залға кіреді, бір қатарға тұрады, қонақтармен амандасады.
Дене түзулігімен тепе – теңдігін тексеру:
1. Бойды бүкпе тік ұста,
Еркін тұрып тыныста,
Жай оң қолды, оң жаққа
Жай сол қолды, сол жаққа
Қолды айналдыр бұлданбай
Екі шеңбер сызғандай
Сәл тынығып байқа да
Он шақты рет қайтала.
2. Бала, бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Қанамызда қаламыз
Иілеміз оңға бір
Иілеміз солға бір
Тәрбиеші қарайды
Аяққа бір қолға бір
3.Аяқпенен топ, топ, топ.
Ақылменен лоп, лоп, лоп.
Бір оңға, бір солға
Айналайын кел мұнда
Қолымызды бір сермеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда
Секіреміз жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Музыка әуенімен жалпы жетілдіруші жаттығулар жасау.
Жүргізуші: Жақсы хабар айтылды
Құлақ салып тыңдайық
Бүгін сәтті күн екен
Саяхатқа шығайық
Балалар саяхатқа шықпас бұрын мына жұмбақтың жауабын табыңдарш.
Көзді ашып жұмады
Бақыт сілтеп тұрады
Үш көзі де ретпен
Күні түні жанады
Бұл не балалар?
Балалар бұл бағдаршам
Жүргізуші: Қанекей балалар «Бағдаршамдар еліне» саяхатқа аттанайық. Бұл үшін үш командаға бөлінейік
Бірінші команда – қызыл
Ұраны: Жол тәртібін білейік,
Аман есен жүрейік
Екінші команда-сары
Ұраны: Үйрен таппай тыным бір
Белгілердің тілін біл.
Үшінші команда – жасыл
Ұраны: Тоқта, сақтан жол ашық
Жүрме жолға таласып.
Қазір сіздердің командаларыңның аттарына сай қолдарыңа сәйкес түсті лента байланады.
1.Эстафета «Аңғарымпаз жүргізуші» (көңілді әуен орындалады)
Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді (Машина)
Сапар шексек сізбен біз
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз
Көлік, көлік, көліктер
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз
Ал қане, бір-бірімізді қоштайық
Бүгін жарысымызды бастайық
Жеңіске жетеміз!-деп
Сәттілік тілейік! (заттар арасымен жыланша ирелеңдеп қолдарына руль ұстап жүгіру)
2. Эстафета «Автобус» (көңілді әуен ойналады)
Көңілді дөңгелектер жолда шиқылдайды
Жолда машиналар асығады, асығады (заттар арасымен құрсау ішінде жұп болып жүгіру «Автобус аялдамасы» жол белгісін көрсету)
3.Эстафета «Жанар май құю бекеті»
Дүкенге де, саябаққа
Баралмайсың бензинсіз
Жақын жерде жанар май бар
Деп айтып тұр бұл белгі (мұнараға дейін жүгіріп барып жүгіріп келу жанар май құю бекеті белгісін көрсету)
4.Эстафета «Жаяу жүргінші өткелі»
Бағдаршамдардар ретпен
Күні-түні жанады
Жолақ жолмен тек қана
Көшені сен кесіп өт (үрлеулі доппен секіріп жаяу жүргінші өткелі белгісін көрсету)
Қимылды ойын: «Кім тез бағдаршамды құрастырады»
Балалар түрлі – түсті көздерден шатаспай бағдаршамды құрастырып үлгеруі керек.
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
Шарты: қызыл көзі жанғанда сап түзеп тұрады, сары көзі жанғанда қолдарын шапалақтайды, жасыл көзі жанғанда билейді.
Жүргізуші:Балалар сендер бүгін не үйрендіңдер? Бағдаршам белгілері нені білдіретінін білесіңдер ме?
Балалар: қызыл көзі жанғанда жүруге қауіпті, тоқта
Сары көзі жанғанда белгіні күт, кідір дейді.
Жасыл көзі жанғанда жол ашық жүруге болады дейді.
Жүргізуші: Балалар сіздерге бүгінгі саяхат ұнады ма?
Рахмет, енді топқа оралайық.
Күтілетін нәтиже
Орындайды: -Жалпы дамытушы жаттығуларды
-Негізгі қимылдарды орындау
-Тәсілдері мен ережелерін
Түсінеді: жолда жүру ережесінің адам өмірі үшін қажеттілігін
Қолданады: Жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұхияттылық тәрізді іс-қимылдарды.
«Жолың болсын жолаушы" әнімен қорытындыланды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.