Меню
Назад » » »
Бақта ма,бақша да ма?
загрузка...

загрузка...
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология
Тақырыбы: Бақта ма,бақша да ма?
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі, бау – бақша өнімдері туралы білім беру. Жеміс – жидектер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әректі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз
Кіші де сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
-Әдептен озбай бүгінгі келген сәлем десіп алайық.
Сәлематсіздер ме? Құрметті ұстаздар, қонақтар.Бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Бақта ма әлде бақшада ма»

Балалар бір-бірі ман «сені көргеніме өте қуаныштымын»деген сәлемдесу сөздерін айтады.
Іздену-ұйымдастырушы Балалар қазір қай мезгіл?
Көктемде адамдар жер жыртып,егін егеді.
Ал ол көкөністермен жемістер қай мезгілде піседі?
Балалар күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі екен дұрыс айтасыңдар
Балалар сендердің саяхатқа барғыларың келеді ме?
- Ендеше біз бүгін бау – бақшаға саяхатқа барамыз. Саяхатқа балалар біз поезбен барамыз
Қимылды ойын: «Поезд»
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу - гу, гу - гу гуілде
Қалып қойма біріңде.
Қане балалар тоқтайық пыш - ш - ш. Балалар біз міне бау – бақшаға да келіп қалдық. Қане поездан түсейік. Ой балалар қараңдаршы бау - бақша қандай әдемі.Жемістер мен көкөністер пісіп жетілгені көрініп тұр.
Сол сәтте алдарынан Бағбан ата кездеседі.
Бағбан ата:
- Сәлеметсіңдер ме балаларым! Ой балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған жемістер мен көкөністер жинауға көмектесесіңдер ме?
Балалар Бағбан атаға жемістер мен көкөністер жинауға көмектеседі.
Бағбан ата: рахмет балалар. Сендер маған үлкен көмек бердіңдер.
Тәрбиеші: қане балалар сендер Бағбан атаға қандай жеміс пен көкөністер жинап бердіңдер?
Балалардан жинаған жемістері мен көкөністерінің аттарын, пішіні мен түсін сұрау.
Балалар жемістер мен көкөністерді жинап шаршадықпа,ендеше бір сергіп қалайық.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз
Бағбан ата: балалар сендердің қандай өнерлерің бар. Қане тақпақ білесіңдер ме?
Мен шаршадым мына жерде сендердің өнерлеріңді тамашалап, тынығайын.

Бағбан ата: ой жарайсыңдар. Неткен дарынды балаларсыңдар. Өркендерің өссін балалар. Мен сендерге осындай көрсеткен өнерлері үшін және маған көрсеткен көмектерің үшін мынандай сый дайындап қойдым. Оны мына тәрбиешілеріңе берейін. Ол сендерге балабақшаларыңа барған соң тарқатып береді.
Тәрбиеші: ата енді біздің балабақшаға оралатын уақытымыз келді. Мына берген сыйыңыз үшін үлкен рахмет. Балалар енді бізде балабақшамызға оралу үшін поезд болайық.
Балалар поезд болып, балабақшаларына оралады.
Балалар сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Балалар сендер саяхатта өздеріңді жақсы ұстадыңдар. Жемістер мен көкөністерді де жақсы тердіңдер. Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді қорытындылай келе «Бақта ма бақшада ма» ойының ойнайық.
Ойын ұнады ма? Көктем

Күз

Иә

Жұмазия:
Қуалап допша ойнаса
Қабығы тіпті қатты екен
Қазанға түсіп қайнаса
Тілді үйірген тәтті екен.
Шыңғыс:
Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегің
Аружан:
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.

Иә

Қызыға ойнайды

Иә
Рефлексті - коррекциялаушы Жарайсыңдар балалар жемістер мен көкөністерді ажырата алады екенсіңдер.Ендеше бүгінгі біздің ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды келген қонақтарға сау болыңыздар!

Күтілетін нәтеже:
Болу керек:Көкөністер мен жемістерді ажырата білу.
Білу керек: Көкөністер мен жемістерді туралы жалпы ұғым .
Баланыңың қолынан келуі: Сұраққа-жауап, Көкөністер мен жемістерді ажырата білу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бақта ма,бақша да ма? можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 266 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar