Меню
Назад » » »
Бақыт құшағында
загрузка...

загрузка...
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Макуова Залифа Нигметовна

Бақыт құшағында
Мақсаты:
- Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;
- Оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар өлеңді бәрі қосылып орындайды. Әр оқушы бір парақ қағазға өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын құндылық туралы жылы сөз айтып, бір-біріне шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл, зор денсаулық тілейді. Осы ретпен оқушылар әрқайсысы өз тілектерін жалғастыра береді.
Бақыт құшағында
Сөзі Т.Молдағалиевтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс жасауда төменде берілген мәтінді интонациялық талаптарға сай мұғалім өзі дауыстап оқиды.
Бақытты адамның көйлегі
Ертегі
Оқу ақпараты
Әр сабақта берілетін оқу ақпаратында сол сабақтың мазмұнын ашатын нақты дәлелдер мен дәйектемелер беріледі. Б.Момышұлының бақыт туралы айтқан төмендегі пайымдауында бақыттың әркімнің сөзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты екендігі айтылады. Оқу ақпаратын мұғалім өзі толықтырады.
Бақыт дегеніміз...
Б.Момышұлы
Шығармашылық тапсырма
Мәтінмен жұмыс жасауды толықтыра түсу үшін мынадай тапсырма беріледі: Өлеңді оқыңдар. Ақын ойын жалғастырып, өздерің де бақыт жайлы өлең жазып көріңдер.
Бақыт деген...
М.Мақатаев
Дәйексөз
Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі – бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.
І.Есенберлин
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Балалардың өзіндік пікірлерін, толғаныстарын, бақыт пен өмірге деген көзқарастарын, жақсыны үйренуге деген талпыныстарын, құштарлықтарын кеңейте түсу мақсатында беріліп отырған бұл дәйексөзден оқушылар жақсылық жасай білген адамның өмірде бақыт табатынына көз жеткізе алады.
Шығармашылық жұмыс
Берілген пікірге орай «Бақытты болғым келеді» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.
Бақытты болу дегеніміз – рақат сезімде жүру. Адам өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді, сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан рақат ал. Өзіңді өзің қадағала. Біреуге жәрдем беру рақатын сезін.
М.Кемел
Назар аудару
Жасасаң өз еркіңде кімге құрмет,
Мейірім, кең пейілді болу міндет.
Таңертең ояна сап Күнге қара,
Амандас, аманыңа шүкірлік ет.
Т.Молдағалиев
Жүректен жүрекке
Оқушылар бақыт жайында бір-біріне жақсы тілектер айтып, Н.Исабаевтың «Дидары нұрлы дүние» атты өлеңін оқиды.
Дидары нұрлы дүние
Дидары нұрлы, жүрегі нұрлы дүние,
Сүйемін сені күйіне, жаным сүйіне.
Әсемсің ғажап алуан тылсым сырымен
Үйлесіп жатқан менің де көңіл күйіме.

Мен кетсем кетем, сен бірақ мәңгі тірісің,
Өзіңді сүйген жүректің сазды жырысың.
Рақмет саған шаттығың үшін, мұң үшін!
Таза ауаң үшін, жайдары шуақ – нұр үшін!

Сүрініп қалып, қиналып кейде жүрсем де,
Көңілім жақын, ықыласым менің бір сенде.
Сүйгенім үшін ақ пейіл адал жүрекпен
Сыйладың маған жақсылығыңмен жыр сен де.

Сақтады мені өзіңнің дарқан пейілің,
Есімде талай саяңда құрған сейілім.
Қасіреті мол, қуанышы көл бұл өмір,
Сыйлады маған махаббат, бақыт, мейірім. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бақыт құшағында можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 321 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar