Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Бақытты балалық» жобасы аясында Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасау. -

«Бақытты балалық» жобасы аясында Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1135 | Размер: | Автор: гость
. «Нұр Отан» партиясы Алматы облысы
Қапшағай қалалық филиалы
«БОЛАШАҚ» бастауыш партия ұйымы

«Бақытты балалық» жобасы аясында Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қапшағай қаласындағы «Болашақ» бастауыш партия ұйымында қазан айында жыл сайын «Қамқоршылар күні» мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Аталған шара биыл да жалғасын тапты. 2015 жылдың 25 қазан күні орта мектеп-гимназияның мәжіліс залында қаладағы қамқоршылық пен қорғаншылықтағы балаларға арналған «Қамқоршы күні» мерекелік шарасы «Қорғаншы және қамқоршы функциясын атқаратын Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ, «Болашақ» БПҰ мүшелері, С. Демирел атындағы университет түлектері қатысуымен өтті. Шара барысында қамқоршылық пен қорғаншылықтағы 140 балаларға әсем әндер орындалып, тамаша билер тарту етіліп, түрлі интеллектуалдық, танымдық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді. Қамқоршылар мен қорғаншылар арасынан «Қамқоршы» номинациясы иегерлері анықталды. Олар: Анкежанова Алмагүл Бойтановна 3 баланың қамқоршысы, Угничева Мария Михайловна 13 баланың қамқоршысы. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген халық даналығынан ой түйіп, ата-анасынан айрылған балаларға мейірім шуағын төгіп, жанашырлық танытқан жандарға деген құрмет әрдайым жалғаса бермек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.