Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАЙҚОҢЫР «КОСМОС» КОЛЛЕДЖІ «КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС:  ӘРІПТЕСТЕР СҰХБАТЫ» -

БАЙҚОҢЫР «КОСМОС» КОЛЛЕДЖІ «КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС: ӘРІПТЕСТЕР СҰХБАТЫ»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1459 | Размер: | Автор: гость
. БАЙҚОҢЫР «КОСМОС» КОЛЛЕДЖІ «КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС: ӘРІПТЕСТЕР СҰХБАТЫ»
ҮІ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫНАН 2 ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ.

Жуырда Қызылорда облыстық білім басқармасы мен Қызылорда облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Қазалы ауданы аграрлы – техникалық колледж базасында «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» ҮІ облыстық форумы өткізілген болатын. Кәсіптік білім беретін колледж ұжымдарының көрмесі ұйымдастырылып, әр түрлі бағыттар бойынша Қызылорда облысының 31 колледжі қатысты. Сондай-ақ, форум барысында кәсіптік білім беру орындары тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алды.
Форум барысы бірнеше кезеңнен тұрды. Яғни, 4 секция жұмыс жасап, оған колледж басшылары, орынбасарлары, әдіскерлер, студенттер қатысып, түрлі тақырыптар аясында ой бөлісіп, пікір алмасты.
Секциядан тыс техникалық және кәсіпік білім беру оқу орындары студентерінің техникалық шығармашылығы көрме-сайысы ұйымдастырылып, бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасады.
Аталған көрме сайысқа барлық колледждер үлкен дайындықпен келген.
Байқоңыр «Космос» колледжінің бір топ оқытушылары мен студентері алты бағыт бойынша экспонат дайындап, қатысушы студенттер макеттері қорғады.
Дәстүрлі форумды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, Қазалы қаласының әкімі Шамұратов Нәжмадин Шакизадаұлы, облыстық білім басқармасының кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мәнсүрқызы қорытындылап, көрме - сайыстың жеңімпаздарын марапаттады. Нәтижесінде Байқоңыр «Космос» колледжі «ӨНЕРТАПҚЫШ - 2015» бағыты бойынша 31 колледж ішінен алға суырылып шығып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушалары арасында өткізілген «Өнертапқыш-2015» облыстық шығармашылық байқау көрмесінде «ЭКСПО-2017» номинациясымен 3курс студенті Жақанов Дәулет, «ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ» номинациясымен 2 курс студенті Оңдаш Ерболат, «ЭЛЕКТР ТЕХНИКА ҚҰРЫЛЫСЫ» номинациясымен 2 курс Нағымет Қаракөз номинациямен марапатталды.
Форумға қатысқан оқытушылардың барлығы да сертификатпен марапатталып, жақсы көңіл күймен қайтты.
Біз бағындыратын жеңістер әлі алда деп сенеміз!

«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің әдіскері
Турмаханова Рауа Абдихакимовна.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.