Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Баклажан толтырылған бұрыш -

Баклажан толтырылған бұрыш

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1293 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Қызыл-төбе елді мекені
№2 орта мектебі
Утегенова Жибек Жаналиевна
Технология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Баклажан толтырылған бұрыш» (7 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын білуге, баклажан (кәді) толтырылған бұрыш туралы оқушыға түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, дастарқанды әзірлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға, эстетикалық талғамға баулу, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, сурет, журналдар, қажетті құрал-жабдықтары, т.б.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен сәлемдесу.
-Сабаққа қатынасын анықтау.

2.Үгілмелі қамырдан пирог, торт, бәліш, печенье және т.б. тағамдар пісіреді.
Ыдыс-аяқ, құрал-жаблдықтары: таба, сүзекі, кастрөл, ас тақтайшасы, пышақ, ас қасық, шанышқылар және тәрелкелер.
Азық-түлік: тәтті бұрыш - 12 дана, баклажан – 3 дана, нан-бір тілім, пияз – 1 бас, жұмыртқа - 1 дана, ұн – 1 ас қасық, сары май – 2 ас қасық, тұз қалауынша.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1.Әр бұрыштың басын мұқият кесіп, дәнінен тазартыңдар. 2.Бұрыштарды жуып, сүзекіге салып, қайнаған сумен шайып алыңдар. 3.Баклажан (кәді) жалын пешке пісіріп, салқындатыңдар, қабығын аршып, майда текше етіп кесіңдер. 4.Пиязды аршып, майдалап турап, майға қуырыңдар. 5. Нанды сүтке малып алыңдар. Артық сұйықты сығып тастап, баклажанмен, пиязбен араластырыңдар. 6. Алынған қоспаға жұмыртқа, тұз, бұрыш пен ұн қосыңдар. 7. Осы қоспамен бұрышты толтырыңдар. Қамыр үшін қолайлы температура +15, 20 °С. Төмен температурада қамырдың жайылуы қиын, ал жоғары температурада қамырдан май ағып кетеді. Мұндай қамырды жөндеу үшін суытып, суық қолмен екі минут бойы созымды қалыпқа келгенше илеу керек.
Сабақты бекіту. Баклажан толтырылған бұрыш туралы нені үйрендіңдер?
Үйге тапсырма: Пісіріп үйрену.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.