Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ -

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2908 | Размер: | Автор: гость
. БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ

Ботабаева Г.
Отырар ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп

Баланы жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеуде - отбасы басты рөл атқарады, Халықтық педагогика - отбасындағы тәрбиенің негізі. Адамның жеке басының мінез-құлқын калыптастыруда, оның бойына жоғары адамгершілік касиеттерді сіңіруде отбасы мүшелерінін атқаратын кызметі ерекше. Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Адам мінезін қалыптастырып тәрбиелеуде отбасы қоғамдық рөл атқарады», - деген болатын.
Халық өздерінің мақал-мәтелдерінде де «Ұяда нені көрсең - ұшканда соны ілесің» деп, адам келешегі отбасындағы тәрбиеге байланысты деген философиялық ұғымды білдірген.
Бала дүниеге келген күннен бастап оны оқытып, тәрбиелеуде ананың рөлі айтарлықтай. А.М.Горький: «Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нұрымен, ананың сүтімен адамның бойына сіңеді», - деп текке айтпаған. Ана жаңа туған нәрестеге емшек сүтін беріп асырап қана қоймайды, бесікте жатқан күнінен бастап оның мінез-құлқын да тәрбиелейді. Халықтық педагогикалық дәстүрді зерттеуші педагог-ғалым Г.Н.Волков: «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде, әрине, барлық адамдар бірдей қызмет етуі мүмкін емес. Отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орынды анасы мен әкесі, сонан соң әжесі мен атасы алады», - деп өте орынды атап өткен. Ана балаға өмір сыйлауымен ғана жакын емес, ол өзінің өмір тәжірибесімен, бар білгенін туған күннен бастап баланың бойына сіңіруге жүмсауымен, аналық мейірімімен, сүйіспеншілігімен, камкорлығымен жақын. Бала да ес біле бастағаннан-ақ айналасындағы құбылысқа, басқа адамдарға деген қуаныш немесе корқыныш сезімдерін алдымен анасына білдіреді. Анасынан қорғаныш, қолдау табуға ұмтылады. Баланың алғаш тілінің шығуы «апа» деген сөзден басталады. Ана -баланың ең жақын корғаушысы, ақылшысы, қамқоршысы. Балаға дүниеде туған анасынан жақын, қымбат адам жоқ. Себебі, ана баласын жаңбырдан қанатымен қорғаған қызғыш сиякты өмір бойы корғаушы, ақылшы, қамқоршы болуға тырысып бағады. Ана баласы үшін басын ажалға тігуге де дайын. Ол баласының табанына кірген шөгір маңдайыма кірсе екен дейді. Баласы қиыншылыққа кездескенде алдымен жаны қиналатын, шамасы келсе қол ұшын беріп, көмекке келетін анасы. Тіпті ашаршылық заманда қолындағы соңғы бір үзім нанын баласына беріп, өзі аштықтан жан тапсырған немесе ел шетіне жау қаптап келіп баласын қинағанда, ол үшін өз денесін оққа төсеген аналарды тарихтан көптеп кездестіруге болады.
Баланың әке-шешесі еңбекке араласып, отбасын асырау қамымен сирек шұғылданатын болғандықтан, бала отбасында уақыттың көбін атасымен, әжесімен өткізеді. Әсіресе балабақшасы мен яслиі жоқ ауылдық жерде қазақ отбасында мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу күні бүгінге дейін аталар мен әжелердің үлесіне тиіп жүр. Ерте уақыттарда әке-шешеден бірдей жетім қалған бала, егер атасы і есі болса, жетімдік көрмеген. Ал аға-жеңгесінің қолына қараса және ерекше адал, мейірбанды жандар болмаса, сол үйдің отыншы-сушысына, малайына айналған. «Жетім бала кекшіл», «Жерге түскен жетімдікі» дейтін мақалдар осындай панасыз жетімдердің аянышты халінен хабар әжелер отбасында немере тербиелеуде бала күтушінің рөлін атқарып келді. Әжелердің мінез-құлқындағы жағымды жағдайлар олардын мейірімді, төзімділігі, сабырлылығы, өмірде кездесетін қиыншылыққа қажырлылықпен қарауының бәрі балаға өнеге саналған. Аталар мен әжелер балаларды отбасында түрлі өнер мен еңбекке де үйретеді. Ертегі, әңгіме, мақал-мәтелдер айтып бере отырып, жастарды жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді. Мысалы, А.С.Пушкин, Г.Успенский, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы адамдарды олардың жастайынан ауыз әдебиетін сүюіне әсер еткен әжелері бар болғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Үлкенді қадір тұтып өмірі өткен қазак ауылының өмірінде қарттарға деген ықылас, кұрмет ерекше болған. Көпті көрген қариялар отбасында тәрбиешілік қызметті атқарған, Немере-шөберелерін туған баласынан кем көрмеген.
Баланың әке-шешесі ата-әжесі тұрғанда бала менікі деуге бата алмаған, ал балалары оларды аға, жеңге деп атаған. бұл дәстүр ата мен бала, ене мен келін арасында шынайы татулық, ынтымақты отбасылық катынасты қамтамасыз еткен. зерделі кариялар бір үйдің ғана емес, бүкіл ауылдың, қамқоршысы, ақылшысы болған.
«Қазақ білмегенін қартынан сұрайды»,
«Есік алды төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең,
Ауылыңда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең»...
деген макалдар осы пікірдің айғағы. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-кұлқын көрсе, өз баласына жаза қолданғандай ұрсып зекуге, ақыл айтуға, тіпті ретті жерде ұруға да құқылы болған.
«Қызға қырық үйден тыю»,
«Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, -
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», -
деген мәтелдер казак ауылындағы баланы қауым болып тәрбиелеу идеясынан шыққан.
Отбасында бала тәрбиесінде әкенің рөлі де ерекше. Әке - отбасын асыраушы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі - баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған карап өсетін нысанасы. Қазақтың біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса, «оның әкесі жаксы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мақтайтыны сондықтан.
«Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі»,
«Әке - бәйтерек, Бала - жапырақ», -
деген мақалдар да осы пікірді халықтың куаттауынан туған. Біз, әрине, әкесі жақсылардың баласы да жақсы болмақ, әкесі ұры-қары, бұзақылардың балалары да сондай бұзақы болады дейтін буржуазиялық нәсілдік теориядан аулақпыз. Адамның жақсы-жаман болуы шыққан тегіне байланысты емес, тәрбиесіие байланысты.
Осыны ертеден сезген қазақ халқы:
«Баланың тентек болмағы үйінен,
Жігіттің тентек болмағы биінен».
«Жақсыдан жаман туады Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады Адам айтса нанғысыз», -
деген мақалдармен тәрбиенің қоғамдағы рөлін белгілеп берген. Отбасында әкелер өз өнерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе күйші етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталык, күйшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын қуушы өнерлі жастарды дәріптеу қазақ ауыз әдебиетінен өзекті орын алған.
Мысалы, Құламергеннің баласы Жоямерген, Тобықбай сынықшының баласы Толыбай туралы ертегі-аңыздар осы пікірді дәлелдейді. «Атадан ұл тумас болар ма, Ата жолын қумас болар ма» деген мақал - сол пікірдің айғағы, қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік кұруға, қолөнер шеберлігін үйренуге, мал таууға, отбасын асырауға әкелері үйреткен. Ал қыз балаға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай қүю, кесте тігіп, ине пішу сияқты отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халқымыз оның енбексүйгіш, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған.
Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған. Қыз балалардың көрікті болып өсуіне аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі - жалы, арудың көркі - шашы» деп ұққан аналар қыздың бұрымын дұрыстап күтіп өсіруді өнер санаған. Шашты жақсы өсіру үшін айранмен, кынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен қыздардың көркі болған. Оған, мысалы, қыз бен жігіт айтысындағы:
«Атымды әкем сүйіп Несіп қойған,
Шашымды бестемшелеп есіп қойған» -
деген сөз тіркестері осы пікірді дәлелдейді.
Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, киылған қас, қолаң шашты» Деп сипаттаған. Бойжеткен қыздардың киім киісіне де ерекше кеңіл бөлген.
«Адам көркі - шүберек,
Ағаш көркі - жапырақ»,
«Қыз өссе - елдің көркі», -
деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпет, камшат көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. Ұзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», өлеңдерінде, келін түсіру тойында орындалатын «Беташарда» келіннің басты-басты киімдері, сән-салтанаты мадақтала жырланған. Батырлар жыры мен лиро-эпос жырларында арулардың сырт пішінін, киген киімін жүріс-тұрысын келістіре суреттеген.
Мысалы, «Қамбар батыр» жырында:
Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасында.
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына...
Алпыс сомдық әр кезі,
Үстіне асыл кигені,
Жорғадан жегіп кара көк
Күймелі арба мінгені... деп суреттесе, «Қыз Жібек» жырында:
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай...
Алтын шашбау шашында
Қыз Жібектің шаштары
Қоғалы көлдің құрағы.
Дүрі - гауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы , -деп, Жібектің киген киімінің бәрі асыл бұйымдар екенін айта келеді де, оның киімімен жақсы жарасым тапқан сұлу мүсінін:
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің шырайы
Ақ балтаның сабындай ,-деп, дүниедегі ең әдемі көріністерімен салыстыра сипаттайды.
Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсінін осылайша шебер суреттеудегі мақсат - жастарды әсемдік сезімге бөлеу. Сұлулықты терең сезініп, соған еліктесе екен деген ой-пікірден туған. Халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы, мінезі сай болуын қалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, қылығы түзде» деп, қыз тәрбиесінің ерекшелігіне аса жоғары мән берген. Қыздың ұзатылып барған жерінде өсірген ата-ананың, өскен ауылдың атына кір келтірмеуін, сағын сындырмауын тілеген.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.