Меню
Назад » » »
Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата – ананың байланысы
загрузка...

загрузка...
« Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата – ананың байланысы»

Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле,
Рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле.
Платон
Қоғам талабы – заман талабы, бала тәрбиесі, өйткені әр адам – өз заманының баласы. Қандай заман, қандай қоғам болмасын, бала тәрбиесі басты мәселе болып табылады. Қазіргі жас буын – еліміздің ертеңгі келбеті. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар мақсаты қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан – жақты , мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасағаны баршамызға аян.
Тәуелсіз еліміздің дамыған 50 елдің арасынан орын алуы бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық тәрбие мен біліміне тікелей байланысты. Ертеңгі өркениетті қоғам мүшесін өз ұлтының рухани құндылықтарын, ізгі қасиеттерін бойына сіңірген, өз жері мен елін қорғай алатын ұлтжанды, адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеудің негізгі көзі – отбасы , ата -ананың, ұстаздардың ықпалы болып табылады.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұлы болса, баланың бас ұстазы – ата – ана . Отбасы – таным бесігі, отбасы – өркениет ошағы, отбасы – үлгі – өнеге бастауы. Ата заңымызға сүйенсек, « балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың табиғи құқығы әрі парызы » делінген.
Мемлекетіміздің бұл саясаты жүзеге асу үшін ата – аналардың мектеппен, ұстаздар ұжымымен бірігіп, баланың тәрбиесіне аса зор мән беріп, тәрбие жұмысын дұрыс жүргізе білу керек.
Сондай – ақ , ата – ана мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, баласының ортасын, оның неге қызығатынын, нені қажет ететінін, қабілетін білуге міндетті. Балаға ең қажет – сүйіспеншілік , мейрімділік, жүрек жылуы.
Бала тәрбиесінің ең негізгі бесігі – еңбек тәрбиесі. Еңбекке тәрбиелеудің сан – салалы жолы бар. Ол ең әуелі күнделікті тұрмыста қалыптасады да, мектепте дами түседі. Бала күніне алты сағатын мектепте өткізген күннің өзінде, он сегіз сағат үйінде болады. Міне, мәселенің шешуші түйінінің өзі баланың уақытты тиімді де мақсатты іске жұмсай білуінде болып отыр. Сондықтан ата – ана баласын еңбекке баулып, неғұрлым еңбекті сүйіп, уақытын орынды пайдалана білуге әдеттендіре алса, тәрбие ісіндегі мақсатты ойларының соғұрлым орынды шешуіне күмән жоқ.
Ұстаздың негізгі міндетті – оқушының ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін көрсету, оны дамыту, жарыққа шығару. Ұстаз бен оқушының жұмысы нәтижелі болу үшін, біріншіден, ынтымақтастық қажет. Ал баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Себебі, бала бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес.Үйде ата – ана баулыса, мектепте ұстаздар білім мен тәрбие береді. Тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата – анаға , достарына, олардың күнделікті іс – әрекетіне , жүріс – тұрысына, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне, т.б. қасиеттеріне байланысты.
Егер ұстаз бір жаққа, ата – ана екінші жаққа тартса, баланың оқуға ынтасы төмендеп, өмірге құштарлығы сөне бастайды, жаман әдеттерге әуес болады. Қазақ ақыны, ағартушы, философ Абай атамыздың « Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім » деуінде үлкен мән бар.
Қысқасы, ұстаз – оқушы – ата – ана байланысын дамытқан сайын оқу мен тәрбиелеудің бірлігін сақтап түпкі нәтежеге қол жеткізетініміз даусыз.
Бұған біздің мектептегі атқарылып жатқан игі шаралар нақты дәлел. Мектептің басты мақсаты – ізгілендіру технологиясын ұстанып, әрбір баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялата отырып, ал, ұстаздар қауымы ата – аналармен бірлесіп, оларды имандылыққа баулып, рухани бай азамат етіп тәрбиелеу.

№209 Ә.Әбутәліпов атындағы
орта мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Мустиярова Алма Елеуқызы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата – ананың байланысы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 351 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar