Меню
Назад » » »
Бала тілінің дамуы
загрузка...

загрузка...
Бала тілінің дамуы күрделі процесс екендігі белгілі.
Күнделікті тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, соңғы уақытта бала тілінің кеш шығуы көп кездеседі. Бұл жағдайға мән беріп, дер кезінде мамандардан кеңес алып отыратын ата-аналар да бар, керісінше 4-5 жасқа дейін «өзі шығады» деп күтіп, баланы психикалық даму тежеулігіне жеткізетіндер да кездеседі. Өйткені сөйлеу әрекеті де адамның еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты жоғарғы психикалық функциясы қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Аты аталған психикалық процестердің біреуі бұзылса, оның кері әсері де басқа процестерінен көрініп отырады.
Осыған байланысты сіздің балаңыздың дамуына кері ықпал ететін факторлерге тоқталғым келеді.
Ең алдымен бала тілінің дамуына оның ортасы, яғни ата-анасымен, үйдің үлкендерімен, құрдастармен байланысы әсер етеді. Байқап жүргеніміздей қайсыбір ата-аналар баланың жетілуіне өздерінің тікелей әсері барлығын жете түсінбейді. Эмоциялық қарым-қатынас яғни, баланы еркелету, бірге ойнау, жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтар алып беру сияқты ең маңызды қажеттіліктерді ескермейді.
Жүктілік кезінде инфекциялық аурулармен ауру, қанның азаюы, бүйрек жұмысының бұзылуы, жүрек ақаулығы сияқты факторлар жатырдағы нәрестеге әсер етпей қоймайды.
Ата-ананың ішімдікті беріле ішуі де аномальді баланың дүниеге келуіне себепші болады. Босану кезіндегі нәрестенің ми жарақаты, миға оттегінің жетпеуі сияқты жәйларда кері әсерін тигізеді.
Енді 3 жасқа дейін баланың уақытында тілінің шықпауына қандай себептерден болатындығына нақтырақ тоқталсақ: асфиксия-ағзада көміртегі газының молайып, қаңға оттегінің жетіспеуі. Асфиксия ауыр жүктілік немесе босану кезінде пайда болады. Оған себеп жатырдағы нәрестенің мойнына кіндіктің оралуы, босану кезінде көп қан кету. Асфиксиямен туылған балалар бірде дауыс шығармайды.
Асфиксияның ауыр және жеңіл түрі болады. Бірақ қай түрі де нәрестенің жүйке жүйесінің қызметінің әлсізденуіне әкеп соқтырады.
Мысалы жеңіл түрінде асфиксия алған балада мектепке дейін жүйке және психикалық дамуы жақсы болғанмен, мектепке барған соң, сол уақыттан бастап басы айналу, тез шаршағыштық, ашуланшақ болу, еске сақтау және зейіннің нашар болуы, мектеп бағдарламасымен меңгермеу сияқты шағымдар айтылады. Бұл жағдайда баланы алдымен невропотолог дәрігерге көрсету керек.
Босану кезінде бас сүйектін ішкі жарақаты: мұндай жағдайда миға қан құйылу садарынан, мидың қан айналу жұмысы бұзылады. Жарақат көбіне әйел адамның аяғы ауыр кезінде жүктіліктің ауыр өтуі себебінен болады. Сондықтан да дәрігерлер кесарево арқылы босандыру әдісін ұсынады.
Бірақ бұл әдістің де жағымсыз жақтары бар. Зейіні тұрақсыз, өте жыбырлақ, әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар тәжірибемізден көріп жүргеніміздей осы кесарево арқылы дүниеге келген балалар арасынан кездеседі.
Бас сүйегі ішіндегі жарақатпен дүниеге келген нәресте арасында нерв жүйесінің, психикасының кеш дамуы, сол сияқты орталық нерв жүйесінің зақымдануы кездеседі.
Невропатолог дәрігерлер психомоторлы дамуында ауытқушылығы бар балаларға «перинатальді энцефалопатия» деген сараптама (диагноз) қойып жатады.
Бұл да баланың сөйлеу функциясын дамуына кері ықпал тигізеді. Енді қысқаша осы сараптамаға тоқталайық.
«Перинатальді энцефалопатия» - бұл жүктілік кезіндегі, босану барысында немесе туылғаннан кейін нәресте миының зақымдалуына байланысты орталық нерв жүйесінің бұзылуы. «Энцефалопатия» термині-мидің зақымдалуы мағынасын білдіреді. Ал «перинатальді» деп босануға жақын не босану барысында деген мағынаны білдіреді. Перинатальді энцефалопатия кезіндегі мидың жарақаты әр түрлі дәрежеде болады. Ол жаңа туған нәрестеде швед дәрігері В.Апгар ұсынған 10 балдық жүйемен анықталады. Энцефалопатия туылған нәрестеде бұл бал төмен болады. Соңдықтан да невропатолог дәрігердің бақылауында болған дұрыс. 1 жастан кейін дәрігер есептен шығарып тастағанмен, баланың дамуына мән беріп, шамадан тыс қалып қоюдың орнына, шыдамдылық таныту керек.
Жоғарыдағы аты аталған ауытқушылықтар шала туған балаға ерекше әсер етеді. Шала туылған бала 38 аптаға жетпей, 2500 грамм салмақпен туылған балалар. Уақытынан бұрын ананың босануына түрлі факторлер әсер етеді: хроникалық, эндокринді, аурулығына, стресске ұшырауына байланысты.
Ата-аналар баланың даму сатысын біліп отырғаны абзал. Мысалы, отыру, жүру, сөйлеу, т.б. қимыл-қозғалыс, сөйлеу және психикалық дамуында сәл ауытқушылық байқалса уақыт оздырмай маман-дәрігерлерден кеңес алуы керек.
Тілінің дамуында тежеліс немесе сөйлеу белсенділігінің жоқтығы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен болады. Яғни, жанұя, тынышсыздық, үлкендер тарапынан тәрбиесіне әр түрлі ықпал жасау. Сол сияқты шамадан тыс еркелету, өз тілегін сөзімен жеткізді мүмкіндік жасамау.
Ананың мейріміне зеру бала да сөйлеуге ырысы болмайды.
Психикалық дамуында тежеулік бар, интеллекті төмен балаларда да тілінің дамыунда кешеуілі болады .
Олардың активті сөздік қоры ғана емес қоршаған ортаны қабылдауы төмен. Мұндай балалар өте жыбырлақ, икемсіз, өздіктерінен ойнай қоймайды, ортаға бейімделмейді. Мұндай жағдайда тезірек дәрігерге көрсетіп, тиісті емдік шарасын алу керек.
Баламен үнемі сөйлесіп отырып, қимыл-қозғалысын дамытып отыруды ұсынамыз. Ұсақ моторикасын (қолының қимыл-қозғалысын) жетілдірудің маңызы зор. Қол бұлшық етін икемсіз болуы да сөйлеу процесін тежейді.
Уақыт оздырмай, баланың жан-жақты дамуына көңіл бөлген жөн. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бала тілінің дамуы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 297 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar