Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Бала құқығы туралы конвенция». -

«Бала құқығы туралы конвенция».

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2990 | Размер: | Автор: гость
. Абдиганиева Салтанат Жанбаевна
№ 44 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі.
Астана қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Бала құқығы туралы конвенция».
Мақсаты: «Бала құқығы туралы конвенцияға» түсінік беру.
Міндеттері: 1.Құқық сөзінің мән – мағынасымен, оның түрлерімен таныстыра отырып, Бала құқығын қорғау Конвенциясының қабылдану ерекшеліктері мен өмірдегі атқаратын ролі туралы түсіндіру.
2. Бала құқығын қорғау Конвенциясының оқушы өміріндегі алатын орны туралы оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа баулу.
3. Қанатты сөздердің маңызын аша отырып, құқықтық – саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Берілген сұрақтарға нақты, толық жауап бере алады.
Жалы адам құқығы туралы түсінік алады
Өмірде өз мүддесін қорғай алатын азамат бола алады.
Түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, еңбекке баулу, математика.
Технологиясы: СТО бағдарламсының әдістері.
Ұйымдастыру. Оқушыларды үш топқа бөлу. (Өздері таңдап алған геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді)
1 топ Алғырлар
2 топ Ойшылдар
3 топ Сұңқарлар
Топтың алтын ережесіне сүйенеді.
1. Сабаққа зейін қою
2. Топпен жұмыс кезінде белсенді болу.
3. Бір-бірін тыңдай білу.
4. Ұйымшыл болу.
5. Уақытты тиімді пайдалану.
6. Жұмысты ұқыпты орындау.
7. Бір-бірімізді сыйлау.
Үй жұмысын тексеру. «Адам құқығы..» туралы әңгімелеу
.-Ата Заң деген не?
-Қазақстан Республикасының Елбасы кім? Үш топ үш бөлімін айтады.
Ой қозғау 1топқа: «Бала»
2 топқа: «Құқық»
3 топқа: «Конвенция»
(Топ мүшелері берілген тапсырмалар бойынша өз түсініктері мен ой – пікірлерін ортаға салады) Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
2.Мағынаны ашу • Тапсырма: Әлем балаларының өмірінен...(Топ жетекшілері тапсырмалар жазылған бетшелерді таңдап алып, топ мүшелері баспасөз материалдарын пайдалана отырып, әлем балаларының өміріне шолу жасайды)
Сарапшы қорытындысы.
• Тапсырма: Біріккен Ұлттар Ұйымы
(Әр топ өз ой – пікірлерін нақты дәлелдер арқылы қорғайды)
Сарапшы қорытындысы.
• Тапсырма: Бала құқығы туралы Конвенция
(Әр топ өз түсініктерін тірек сызбасы арқылы дәлелдейді)
Сарапшы қорытындысы.
Заманауи проблемалары (Әр топқа жеке проблемалық ситуацияны шешуге тапсырма беріледі)
Оқулықпен жұмыс а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1) Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.
3) Әңгімелеу
Топпен жұмыс 1 топ. Мен туған шешеммен ұрысып қалдым. Дос боп жүрген құрбым да басқа қызбен дос боп жүр. Мен қазір жалғызбын, ешкіммен араласқым келмейді. Тіпті кейде өмірден түңіліп кетемін...
Осы жағдай туралы өз көзқарасың қандай? Қалай көмектесуге болады?
2 топ. Біздің үй үнемі ұрыс – керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем: «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолқабысың шамалы» деп ызыңдаудан жалықпайды. Әкем ішіп алғанда талай рет қол жұмсады. Шешем көбінесе екеумізді бөлек тамақтандырады. Мен ата – анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде бір қылмыс жасап түрмеге де түскім келеді. Не істерімді білмей жүрмін»
Бұған не айтар едіңдер? Келеңсіз жағдайды қалай шешуге болады?
3. топ. Қазіргі кезеңде оқушылар мен жастар арасында мешітке
барып, намазға жығылатын және ораза ұстайтындардың саны көбеюде. Бұның себебі неде? Осы жағдай туралы өз көзқарасың қандай?
Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын. Ой сергітеді,шашағандары
басылады.

3. Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма
(қазақ тілімен байланыстыру)
1 топ. РАФТ әдісі. Фигураларды пайдаланып, «Менің үйім» тақырыбына аппликция жасай отырып сипаттау матініне мәтін құрастыру.
2 топ. Эссе. Геометриялық фигураларды пайдалана отырып, «Бала құқығы» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құру.
3 топ. Топтастыру. «Менің құқығым» тақырыбында пайымдау мәтініне әңгіме құрастыру. Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Қорытынды Әлем халықтары БҰҰ қашан құрылды?
Оның басты міндеті не?
БҰҰ – ның Бас ассамблеясы «Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы» қашан құрылды?
Біріккен Ұлттар Ұйымындақай жылы Бала құқығы» туралы Конвенцияны (халықаралық шарт) қабылдады?
:-Баланың қандай құқықтары бар?
-Дін ұстау дегенді қалай түсінесің?
-Сөз бостандығы туралы не білесің?
-Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы деген не? Алған білімдерін бекітеді.
Үйге тапсырма «Бала құқығы туралы конвенция.» оқу, мзмұндау. Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Бағалау парақшасымен жұмыс. Топ басшысының бағалауы Бағалау парақшасын көшбасшысы толтырады.(Сабақты қорытып, әр топтың жұмысын бағалау және нәтижесін шығару)
Рефлексия Түсіндім, Жартылай түсіндім, Түсінбедім.
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.