Меню
Назад » » »
Балабақша аруы байқауының бағдарламасы
загрузка...

загрузка...
Катепова Райхан Нагызбековна
Түлкібас ауданы, Камила шағын орталығының тәрбиешісі

Балабақша аруы байқауының бағдарламасы:

Бағдарламасы Өзін өзі таныстыру Өз өнері Мақал
Мәтелдер
сайысы Жұмбақ
шешу Үй
тапсырмасы Сәндік киімдер үлгісі
1 Төлен Аяла
2 Кәдірхан Тоғжан
3 Пернебек Сымбат
4 Ораз Ұлдана
5 Жомарт
Аяжан
6 Задыбек Керемет
7 Дүйсенбек
Маржан
8 Байғұл
Назгүл

Тақырыбы :” Балабақша аруы”
Мақсаты : Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету,балалар бойында ізгілік ,инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Жүргізуші : Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Бүгін сізге арналған,
“Балабақша аруы”
Сайысын біз бастайық.
Жаны сырлы жанары таң ару қыздар,
Сенімі асқар күн ару қыздар.
Сәуле шашқан өмірге нұр ару,
Көрік болған көгімде жұлдыздар- ай.
Бай болсын қыздарымыз ізгілікке,
Жақсы дәстүр көп біздің ішімізде.
Қол соғып қошеметпен шақырамыз,
Мың бұралған арулар көпшілікке - дей отырып сахнаға аруларды шақырамыз.
Әуен: Ұл балалар, қыздарды құрметпен ортаға алып шығады.

1- ару: Бет пішіні мүсіні келіскен, сөзі салмақты өзі әдепті Төлен Аяла қызымызды ортаға шақырамыз.
2- aру: Тал бойында бір мін жоқ ........................шақырмыз.
3- aру: Тақпақ айтып тақылдайды топтың сабырлы да, ұяңы.................................ортаға шақырамыз.
4-aру: Жез таңдай әнші..................қызымызды шақырамыз.
5-aру: Сөзі салмақты ісі тиянақты, дене бітімі жинақы ...........қызымызды шақырамыз.
6-aру: Өзі өте сұлу мың бұралған бишіміз .......................шақырамыз.
7-aру: сөзі өткір , өзі пысық келбетті өрескелдікті сүймейтін .......................қызымызды шақырамыз.
8- aру :Талапты да пысық..........................шақырамыз.

Әділ қазы береді,өздеріңе білікті.
Өнерде кім жеңеді, алады сол сыйлықты.
Аруларға сәттілік тілейікші- дей келе әділ қазылар алқасымен танысайық.............................................................................
....................................................................................................
.....................................................................................................

Жүргізуші Уа, арулар, арулар,
Ешкімнің жоқ алалар.
Ару қыз атқа лайықты,
Қайсың қәне жеңе алар.
Уа,халайық халайық
Бастамас бұрын сайысты.
Ұлымыздың бақшамыздың
Аталы бата алайық.
Екі түрлі әнші бар,
Біреуі соның бата алар.
Ешқашан артық болмайды,
Ұлымыздан бата алған.
Балабақша тәрбиеленушісі бата береді
А,құдайым оңдасын ,
Оң жолына бастасын
Бастарыңа бақ сыйлап,
Қыдыр бабаң қолдасын
Бүгінгі мына сайыста.
Тұғырдан таймас қыран бол,
Білімі асқан ару бол.
Еліңе ұнар ару бол,
Халқың сүйер аққу бол.
А, құдайым жарылқа.( әумин )

Байқаудың шарты:
Ал енді қымбатты арулар, сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты :
Өзін өзі таныстыру:
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сегіз ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
1-aру: Келдім мен міне сыналуға,
Сыңалып үлкендерден үлгі алуға
Саламын бар өнерді осы ортаға,
Береді әділ қазы әділ баға,
Сұраңыз менің атым жөнімді,
Еруланқызы Аяла мен боламын.
2-aру: Сан топта жарыстарда жеткізбеген,
Келмеген қатарыма ешкім жақын
Бұл сайыс үлгі аларлық болмақ өрнек,
Келген жан, сан өнерді көзбен көрмек.
Руым Темір Қуатқызы Тоғжан мен боламын.
3-aру: Халқымның өнерінен таққан құмар,
Қыз едім сұлулыққа жаны құмар.
Сәлемімді иілген қабылдаңдар,
Келтірілген өнердіңде сөздің парқын.
Қызымын Нұрбектің атым Сымбат.
4- aру: Таныстырып өтейін мен өзімді,
Атым ҰлданаПернеханқызы мен боламын.
Мақсатым үлкендердің тілін алып,
Ата дәстүр салттарын жалғастыру.
5-aру : Жібектей шәлі орамал кестелеген ,
Өнерді жиып алып дестеленген,
Биікке қанат қаққан бір қызыңмын
Сәлемдесіп алайын көпшілікпен
Мұратқызы Аяжан деген мен боламын.
6-aру: Демеймін басқалардан асып кеттім,
Шабытты қостым көптің дүрмегіне.
Сайраған елімнің бір бұлбұлымын,
Халқымның қадірлейтін,
.......................................атты қызымын.
7-aру: Армысың ата ,әже , ана бауырларым,
Өнер сүйер үлкен кіші қауымдарым.
Көктемде қырда өскен қызыл гүлмін,
Қол соғып ,құшақ жайып қабылдаңдар.
Берік қызы Маржан мен боламын.
Өз өнері
Ал кімнің өнері бар қаншалықты ,би билеп ал біреуі ән салыпты,
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,аянбай ақ арулар жан салыпты.
Аттары мәлім емес баршамызға қасиет болу барша қызда
Көрсетсін аруларым өнерлерін , ән салып тұрып ортамызда -дей отырып,
Төлен Аяла қызымызды “ Жаушы жаңбыр” әнімен қарсы алайық.

........................................................................................................................
..............................................................................................................................
.............................................................................................................................
.............................................................................................................................
............................................................................................................................
............................................................................................................................
Сәндік киімдер үлгісі
Ару қыздар ай көрік,
Қылығы күн сезбейсіңдер керемет,
Қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн шекті ұлылығым,
Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тік тағдырың,
Ескеріңдер ертеңі ел тағдыры
Сендердің қолдарыңа жер тағдыры.
МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР САЙЫСЫ
Тәлім тәрбие туралы.
Балапан ұяда не көрсе ,ұшқанда соны алады.
Жақсы қыз жағадағы құндыз,жақсы жігіт көктегі жұлдыз.
Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.
Оқу білім туралы.
Оқу білім бұлағы,білім өмір шырағы.
Білім қымбат білу қиын.
Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.
Ана туралы.
Ананың сүті бал,баланың тілі бал.
Ананың сүйген жері ,отқа күймейді,оқ та тимейді.
Анаңа ауыр сөз айтпа, артыңа ауыр жүк артпа.
Достық туралы.
Досы көпті жау алмайды ,ақылы көпті дау алмайды.
Досыңның көзінде болғанша,көңілінде бол.
Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

Еңбек туралы.
Еңбек түбі береке, көптің түбі мереке.
Көп еңбегі көңілді.
Еңбек етте мақтан ,ойнап күлде шаттан.
Қол өнері.
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де жирен.
Ата көрген оқ жанар,ана көрген том пішер.
Егіншілік туралы.
Не ексең соны орасың.
Еңбегімен ер сыйлы ,өнбегімен жер сыйлы.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Қысына қарай көктемі,диқанына қарай кетпені.

Туған туыс туралы.
Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.
Ағайының бай болса,асағаның май болар.
Ауылын көріп азаматын таны.

Номинация беру.
«Бас жүлдеге иегер қыз .»Балабақша аруы”
“Көрермендер көзайымы”
“Өнерлі қыз”
“Көрікті қыз”
“Бұлбұл дауысты қыз”
“ Әдепті қыз”
“Шебер қыз”
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа,
Осымен сайысымызды аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Балабақша аруы байқауының бағдарламасы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 292 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar