Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Балаларға экологиялық  тәрбие беру арқылы адам еңбегінің табиғи ортаға әсерін көре білуге үйрету -

Балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы адам еңбегінің табиғи ортаға әсерін көре білуге үйрету

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2248 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
№26 “Жұлдыз” балабақшасысының
ғылыми-жетекшісі
Суталиева Айғаным Жағыпарқызы
Балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы адам еңбегінің табиғи ортаға әсерін көре білуге үйрету
Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу. Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту оның өзіндік логикалық ойының,сөз қорының,санасының жетілуіне мол әсер етеді.Логикалық ойдың,пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және дәлелдеп беруге жетелейді.Балабақшада балаларға табиғат жайында,ондағы құбылыстар жөнінде алғашқы түсінік беру керек.Табиғатты қорғау жөніндегі ұлттық тәрбиенің озық үлгілерін пайдалану арқылы балаға табиғаттың әсемділігін сезініп,аялап күте білу дағдысын қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие беруде қоғамдық өмір және табиғат құбылыстары ұғымын,білімін кеңейту.Табиғат сұлулығына деген сүйіспеншіліктерін арттыру,оған қамқорлықпен қарай білуге тәрбиелеу.Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа ала отырып,адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да көзделді.Қазіргі таңда баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға басты мақсат ұлттық рухы жоғары,өз Отанын,туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу болып отыр.Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптауға баулу,айналасымен таныстыру және экологиялық тәрбие туралы ұғымдарды қалыптастыруда баланың өлі және тірі табиғат,табиғат құбылыстары мағұлматты,өсімдіктер,жануарлар дүниесі мен адамдар арасындағы байланыс,халық болжамдары,тыйым сөздердің мазмұнын түсіне білу қарастырады.
Балабақшадағы тәрбие жұмыстарының бағдарламасында балаларды жылдың төрт мезгілімен жеке-жеке таныстыру керектігі көрсетілген.Себебі:әр мезгілдің өзіндік ерекшіліктеріне сәйкес қайталанбас құбылыстар олардың ой-пікірін ұштап жетілдіріп,сыры мен мәнісін сезінуге жетелейді.Балалар табиғат және ондағы көптеген заттар,құбылыстар жайынан хабардар болады.Балабақшада тәрбиеленіті бала жыл мезгілдерін бір-бірін
ен толық ажыратып,әр мезгілдің өзіне тән құбылысын ерекше атап беру қабілетіне ие болуы тиіс.Жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар кейде барлық маусымда да болуы мүмкін,оны балаларға дұрыс түсінуге көмектесу керек.
Мысалы:Жаңбыр көктемде де,жазда да,күзде де жауады.Бірақ әр мезгілдің жаңбырының өзіндік ерекшелігі бар,жаздағы жаңбыр ірі,тез жауып өтеді,көктемгі жаңбыр ұзақ,суық,көктемгі жауын күзгі жауынга ұқсас ұзақ,найзағайлы,соңынан кемпірқосақ шығуы мүмкіндігін түсіндіре білу керек.Сонымен қатар бала күнделікті көретін құстар хайуанаттар әлемінен көрген аңдар,ауылдағы үй жануарларын таниды.Олар жайлы өз ойлары,түсініктері болады.Мысалы: аю қыста ұйықтайды,жазда оянып орманда немесе таулы жерде жүреді деген сияқты.
Бала табиғаттағы шындықты ертедегі жағдайлармен салыстырады,табиғаттағы заттарды бір-бірімен салыстырып,олардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін ажыратады.
Мысалы:жануарлардың түр-түсі,пішіні,сыртқы жамылғысы арқылы салыстырады. Тасбақа мен мысықты былай салыстырады:Мысықта тасбақаның жамылғысы сияқты жоқ,ол тасбақада мысықтікі сияқты жүндері жоқ деп сипаттайды.Бала жануарларды күтуге,табиғатты қорғауға,табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиешінің күнделікті тікелей басшылығымен тәрбиеленеді.Тәрбиеші баланың күнделікті іс-қимылын бақылай отырып,балабақша ауласындағы еңбектеріне назар аударып,гүлдерге,талдарға су кұюы,арам шоптерді жұлу,күтуін жақсы өсуіне,көп өнім беріп өскендігін бақылай отырып тәрбиешілермен бірге еңбектенеді.Бұл орай да баланың «еңбекке» деген қабілеті басқа қасиеттерінен басым болатынын,сондықтан да оларға жұмыс бергенде аяғына дейін тиянақты орындалуын қадағалап,мақсатын дұрыс ұғындыру керек. Осындай жағдайлардан кейін бала істеген жұмысын шын көңілімен,ынтамен жасауға бейімделеді.Мысалы: отырғызған жеміс ағаштарды,көкөністерді суаруда судың өте қажеттігін өйткені ол сусыз өспейтінін,жеміс бермейтінін есіне салып тұру артық емес.
Балабақшада бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұнда бала білім алады,өзге балалармен,ересектермен бірлесіп әрекеттенуге,өз әрекетін ұйымдастыруға дағдыланады.Алайда,баланың бұл дағдыларды қаншалықты нәтижелі меңгеруі ата-ананың тәрбие үдіресіне үйлесімді дамуы іске асырылады.Ата-аналар балаларының білімі жүйелі болуын үнемі қадағалап отырғаны жөн.Баланың көп нәрсені есіне сақтауын шамадан тыс талап етпеу керек.Баланың танымдық,шығармашылық әрекеті дамыған сайын өзінің сұрақтарына жауап болатын объектілерді тауып,соларға зерттеушілік көзқараспен қарап,көптеген білімдерден хабар алуға тырысады.Сол кезде балаларға уақыт бөліп,оның сұрақтарына дұрыс жауап беру,түсіндіру,тура жолға бағыттау,ой-өрісін дамыту ата-ананың,тәрбиешінің парызы.
Мектепке дейінгі тәрбиенің әрқилығы балалардың даму денгейінен байқалып тұрады.Ата-ана және тәрбиеші баланың көзқарасына ,оның ойына қысым жасамай,оның таңдауына ,еркін әрекет жасауына көмек көрсетуі тиіс.
Балаларды жалпы адамзаттың құндылықтарға айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасқа тәрбиелеу міндетін халқымыздың мәдени-рухани мұрасының,салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны зерттейді,ойын кезінде баланы ортамен қарым-қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі. Ойын кезінде бала жолдастыққа,көпшілдікке,тапқырлыққа,ептілікке,адамгершілікке тәрбиеленеді.
Ойынды оқу іс-әрекетінде қолдану баланың ой-өрісін жетілдіру мен бірге,өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «Қуырмаш», «Санамақтар»жие пайдалануға болады.Ұлттық ойындарымыздың көбі балалардың денесін дұрыс жетілуіне ықпал етіп,күш-қуатты молайтуымен бірге шапшаңдыққа,дәлдікке дағдыландырады ,ақыл-ойының толысуына,есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
«Арқан тарту» ойыны балаларды ұйымшылдыққа баулып,көздеген мақсатқа жетуіне ықпал етеді.
Мектепке дейінгі балалардың табиғатқа деген танымдық қызығуы өте жақсы дамыған.
Бала өзін табиғаттың бір бөлігі екенін түсінуі керек,осыған байланысты халықта мынадай нақыл сөз бар: « Адамның табиғатсыз күні жоқ,Табиғатың мұны айтуға тілі жоқ» осы нақыл сөздерді пайдалана отырып,балалармен серуенге шыққан кезде табиғатты қорғауға тәрбиелеймін.Балаларға гүлдерді жұлмау керектігі,жасыл шөпті баспау,жәндіктер мен құстарды,жануарларды жәбірлемеу жөнінде айтып,тәрбие беріп отырамын.Мектеп алды даярлық тобымыздың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталған топ бөлмелерінің бұрыштарына бақылау жасап,таңертенгілік қабылдау,кезекшілік тағайындау,серуендер,ойындар,күннің 2-жартысында өткізетін ,топтық жұмыстарымды жеке баламен жүргізілетін іс-тәжірибелер арқылы байланыстырып балалармен бірлесе жұмыс атқарамын.Топ бөлмелеріндегі табиғат бұрышындағы гүлдерді суару,ылғалды мақтамен шаңдарын сүрту,олардың түрлі қасиеттерін,пайдасын,жапырақтарының әр пішіндері,түстері т.б аквариумдағы балықтарды үнемі бақылап,оларға қамқорлық жасауға уйренеді.Тірі,өлі табиғаттарды ажыратып айыру үшін бақылау кезінде затты ұстап көріп,өз пікірін білдіруге тырысады.Шағын сөйлемдер құрап айтуға жаттығады.Мұндай бақылау нәтижесінде заттың түсіне,атына т.б қасиеттеріне байланысты жаңа сөздер үйренеді. Баланың есте сақтау,ойлау қабілеті артып өмірге,табиғатқа деген қызығушылық сезімі оянады.
Күннің 2-жартысында балалармен ертегі,әңгіме,өлеңдерді оқып беру.Балалардың оқыған шығарманың мазмұнынан қуанышқа бөленіп,оқиғаны талдауға қатысады,сұрақ-жауап арқылы сөздік қоры молая түседі,тіл байлығы дамиды,оны сахналауға сюжеттік рөльдік ойындарды ойнауда баланың қимыл қозғалысы арқылы ынтасы оянып,өзін батыл,күшті,тапқыр,ақылды екенін аңғартады,және сол балаларды мақтау,мадақтау арқасында жәй,жақаншақ балаларды алға ұмтылуға бірлесіп ойнауға тартып ортаға үйретемін.
Жеке балалармен жұмыс арасында суреттер,дид-лық ойындар арқылы танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында! «Өз үйіңді тап», «Ненің төлі», «Қай ертегінің кейіпкері», «Кім бұрын жинайды», «Қуырмаш», «Санамақтар», «Қандай аң», « Түстер»т.б тапсырма түрлерін күн тәртібінің барлық сәттерінде ең тиімді әдіс-тәсілдермен жиірек алмастыра отырып,ойната ойлату арқылы орындатып отырамын.
Топтық жұмыстарда да табиғат суреттері арқылы түстерін келтіріп әдемі боятуға,тазалыққа ұқыптылыққа назар аударамын.
Серуен кезінде ағаштардың әр түрлі жапырақтарын жинатып,кептіртіп
(Гербарийлерді) қол еңбектерінде табиғи материалдарды пайдаланамыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.