Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойындар  3 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін -

Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойындар 3 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 9016 | Размер: | Автор: гость
. Мырзахметова Перизат Райымбекқызы
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті,
Оқушылар мен жасөспірімдер Үйінің педагог-психологы

Тақырыбы: Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған ойындар
3 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар

«Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты: Жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: Ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке тұрады, ортасында доппен тәрбиеші тұрады. Балалар доп лақтырып бір жануарды айтады. Бала допты қағып алып сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып: «Ит қалай үреді көрсетші»

«Кім сені шақырады, тап»
Мақсаты: Басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: Арнайы құрал керек емес
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға тұрып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала ортада тұрған баланы шақырады. Бала шақырған адамды даусынан танып табуы қажет. Таныса шеңберге тұрады- шақырған бала ортаға тұрады

«Бес санына шапалақта»
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: Ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама-қарсы отырып айтады «қазір мен 5-ке дейін санаймын «бес » деген кезде сен бір рет шапалақтайсың»

«Бұл не қылған дыбыс»
Мақсаты: Балаға бір дыбыстан бір дыбысты және сөздің басындағы дыбысты ажыратуды үйрету
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп аттарын атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі

бірдей дыбыстарды танып білуі қажет. Табылған дыбыс нақты айтылуы қажет. Мысалы: ааапа, ааааана, ааайна, ааалма.

4-5 жастағы балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындар
«Тыңда да айт»
Мақсаты: Айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, суы бар стакан, қоңырау, кілттер
ІІ- нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алдымен балалар үстелдегі заттарды қарап алады, сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді
«Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с
ІІ- нұсқа
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

«Зейінді тыңда»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейңн осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

«Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: Ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен бала ойыннан шығады.

«Естігенде шапалақта»
Мақстаы: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардың арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ-нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердің арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен белгілеу.

«Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап » деген ойын дәл осылай ойналады, тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

«Ұйықтама, сөзді тез ата»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Суретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атайды.

«Қайтала»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: даңғыра, дауылпаз
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.

«Сөзді аяқтап көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтіңн дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтауы керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Мысалы: қал-та, ба-та, қа-л, бал-та, ма-л, ша-л, ба-л.

«Дыбыс қайда тығылды»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстың орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстың орнын анықтауы керек.

«Тізбек»
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: заттық суреттер
Ойын барысы: Біріншісуретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысынан басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Мысалы: алма- ара- автобус-сабын- нан

«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарап алсын. Сосын тапсырма беріледі: бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. Мысалы: қалта, ақша, аққала т.с.с.

«Суретті тіз»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да аттарын атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С)- сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ, сағыз
(П)- пальто, піл, пияз, парақ, парта т.б.

«Дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіреді.

«Керекті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с-з, с-ц, ш-ж, ч-щ, с-ш, з-ж, ц-ч, с-щ, л-р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету.
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап-жақсап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап-жақсы аспап

З Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді
Салмадан сүлік сытылып шығып
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.

«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.
І- нұсқа
Екібаланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен тұрғызу тапсырмасы беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Азат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Перизат ж дыбысын естігенде қолын көтереді» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз; 5-ш дыбысымен, 5- ж дыбысымен, 5- керекті дыбыстар жоқ ).
Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана, ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік, орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды, Соңында ең зейінді баланы белгілейді.
ІІ- нұсқа
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.
ІІІ- нұсқа
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздері ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.