Меню
Назад » » »
Баланың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктері
загрузка...

загрузка...
«Баланың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктері»
Тіл –табиғаттың үлкен сыйы. Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым-қатынасын біріктіреді, күшейтеді және көзқарастарын қалыптастырады, дүниенің қыр-сырын танып білуге жол ашады. Сондықтан тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн. Әр түрлі тілдік кешігулер, бала тілінің даму кемістіктері оның іс-әрекетіне және мінез-құлқына әсер етеді. Тіл ақауы бар балалар өз тіл кемістіктерін сезініп, ұялшақ, момын болып келеді және құрбыларымен тез қарым-қатынасқа түсе алмайды. Арнайы мамандардың тексеру нәтижесі бойынша бұл жастағы балалардың көпшілігінде әр түрлі тіл ақауы бары тіркелген. Қазіргі кезде үш жастағы балабақшаға сөйлемей келген бала тәрбиешіні таң қалдырмайды. Тілді зерттеу нәтижесі бойынша, жалы мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі кәсіби дәрежесі жоғары және арнайы білікті мамандардың, тәрбиешінің көмегін қажет етеді. Мұнда тіл ақауының төмен жағдайдағы деңгейі,баланың мектепке барған кезінде өте айқын көрінеді. Мұндай жағдайда тіл мәселесі туындап, баланың толық білім алуына үлкен кедергі келтіреді. Көпшілік мектептерде төменгі сынып балаларымен логопед-мамандар белсенді тығыз жұмыс жасайды. Мекте логопед- маманының жұмысын бақылау барысында көптеген тіл ақауларын түзету өте қиын екендігі анықталған, тіпті кейде түзетуге келмейтін жағдайлар туып жатады. Мұның бәрі балалардың тіл кемістігі дер кезінде анықталмағанын және дұрыс қалыптаспағандығын көрсетеді.
Әрине,бала тілінің дамуын мектепке дейінгі мекеменің педагогтары анықтайды. Баланың тілін дамытуға бағытталған көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі таңдағы баланың тілін дамытуға үлкен көмек көрсету және оның алдын алу шараларын ұйымдастыру керек. Ең алдымен міндетті түрде бала тілінің даму деңгейінің неліктен төмен екендігіне көз жеткізу керек. Бала тілінің дұрыс дамымай қалыптасуынан үш мәселе туындайды: 1-ші баланың денсаулық жағдайы; 2-ші- педагогикалық жағдай және 3-ші әлеуметтік жағдай.Бұл жағдайлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
1. Баланың денсаулық жағдайы. Қазіргі таңдағы жас өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайының әлсіздігі айқындалған. Балабақшаға баратын балалардың көпшілігінің денсаулық жағдайы І-топқа жатады. Денсаулығы ІІ-топқа жататын балалар саны балабақшада аз кездеседі, көбінесе ІІІ және тіпті денсаулығы ІV топқа жататын балалар саны жиі кездеседі. (ауыл балабақшасына баратын балалар).
Егер баланың тілін дамыту жағынан қарасақ,біз жас ағзаның барлық жүйесін қарастырмаймыз. Ең алдымен бас миының дамуын зерттейміз. Бас миы тіл жүйесінің орталық мүшесі. Қазақстан невроатолотарының зерттеуі бойынша қазіргі таңдағы туылған балалардың 70 пайызы бас миының зақымдалуына шалдыққанын көрсетеді. Мұндай кедергілер баланың дамуы мен білім алуына қиындықтар туғызатыны көпшілікке мәлімет. Осындай балаларды топқа қабылдар алдында педагог-мамандар міндетті түрде әр баланың ата-анасымен кеңескені жөн. Олардың жүктілік кезін және баланың қалай өмірге келгендігі туралы мәліметтерді толық зерттеуі тиіс. Мұндай зерттеу баланың алғашқы күннен бастап дамуын немесе бала энцефалопатия ауруына шалдыққанын-шалдықпағандығын көрсетеді. Мұндай ауруға шалдыққан балалар өз құрбыларынан ерекшеленбейді, бірақ олар жеке күтім және жаңа әдіспен білім алуды қажет етеді. Өкінішке орай қазіргі таңда балалардың біразы осындай диагнозбен тіркелген. Кейде бұл диагнозды бала бір жасқа толған кезде алып тастайды. Бірақ өкінішке орай ата-аналар бұл жөнінде мүлде ұмытып кетеді. Оның арты қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Баланың денсаулығы жөніндегі нақты зерттеулер және шыншыл ақпараттар кейіннен баланың дұрыс дамуына тәрбиеленуіне және білім алуына ықпал етеді.
2. Педагогикалық жағдайы. Жалы бұл топқа көптеген мысалдар келтіруге болады. Негізінен логопед-мамандар бала тілінің дамуын бес жасқа келгенде ғана зерттейді. Бұған түсініктемесі бар. Осы кезеңнен бастап, баланың тілі қалыптасады, ана тілінің барлық дыбыстарын айта бастайды, сөздік қоры молаяды және адамдармен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Мұндай жағдайда педагогтар мен мамандардың пайымдауынша, бала тілінің табиғи дамуы керек деген пікір туындайды. Сонан соң табиғи дамудан кейін зерттеулер жүргізіле бастайды. Бүгінгі таңда бес жасқа келген баланың көпшілігінің тіл дамуы нормаға сәйкес келмейді . сондықтан да логопед-мамандар мектеп жасындаға балалардың тіл дамуының қиындықтарына жиі кездеседі. Тілдік норма-бұл бала тілінің жас ерекшелігі, оған әр жастағы баланың тіл дамуының күшті және әлсіз жақтары жатады. Мұндай балалардың тілін дұрыс дамытуға дәстүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бірақ педагог-мамандар нақты өзінің жеке және даму ерекшелігі бар балалармен жұмыс жасайды. Жоғарыда айтылғандай балалардың көпшілігінің тілдік дамуы, оның бас миының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да әр баланың жеке даму ерекшелігін ескермей, тіл дамуының нәтижесіне қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір оқу жылының басында тәрбиешілер баламен жалпы жұмыс жасай отырып, әр баланың өзіндік жеке ерекшеліктерін анықтайды.
Ерте жастан бастап баланың ауызша тілді меңгеруі, яғни кітап оқуына көңіл бөлу қажет. Мұндай жағдайда бала тілінің дамуы өзгереді, бірақ ауызша тілдің қалыптасуы бұзылады. Тіл дамуы дұрыс қалыптасқан кезеңінде, жазба тілді меңгеру мүлде дұрыс емес. Оның арты білімсіздікке әкеліп соқтырады. Мектепке дейінгі жастағы баланың ауызша тілін дұрыс қалыптастырып, көптеген жұмыс жасалғаннан кейін ғана, баланы мектепке дайындауға және негізгі білім қалыптастыруға болады.
3. Әлеуметтік жағдайы. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Баланың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 310 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar