Меню
Назад » » »
Балықтар, Қосмекенділер
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Қ.Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Қуатова Айгүл Бексариевна

Сынып: 3
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: «Балықтар», «Қосмекенділер»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың балықтың, қосмекенділердің түрлері туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.
б) тәрбиелігі: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Айналадағы дүниені қорғауға үйрете отырып, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын түсіне білуге, жануарлар түрлерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, баяндау, талдау-жинақтау, әңгімелеу, түсіндіру, өз бетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс.

Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!

Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Жәндіктер немен қоректенеді?
2.Дүние жүзінде инеліктің неше түрі бар?
3.Құстардың шамамен қанша түрі бар?
4. «Қорқыныштан түлеу» дегеніміз не?
5.Құстар біздің көмекшіміз дегенді қалай түсінесіңдер?

Олай болса, мен сіздерге жұмбақтар жасырайын.

1. Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды.
(Балық)

2. Таңдайлары тақылдап
Шулайтын не шалшықта
Бірін-бірі мақұлдап.
(Бақа)

3. Иір-иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Ауызында айыр бізі бар.
(Жылан)
4. Ши түбінде шұбар кездік.
(Кесіртке)

III. Жаңа сабақ . Сабақты бастамас бұрын, мен сендерге, балалар бейнефильм көрсетіп, балық патшалығы туралы ертегі айтып берейін. Судың астындағы жартастар қайдан пайда болды? Неге балықтар ретсіз қозғалыста болады? Тыңдаңдар
(Осы жерде бейнефильм қосылады)
Ерте, ерте, ертеде, бір белгісіз теңізде балықтар патшалығы құрылыпты. Ол патшалықтың басшысы кит екен. Патша еліне елеулі, халқына қалаулы, абыройлы болыпты. Қарамағындағылар оны құрмет тұтып, айтқанын екі етпейді екен. Кит ірі, азулы, көк көзді екен. Сонымен бірге жомарт, қолы береген. Бұл патшалықтың халқы тату, арыздасу дегенді білмейтін кең пейілді деседі. Осылай ай артынан ай, жыл артынан жыл өтеді. Бір күні патшаға қарамағындағы балықтар тамаша ой айтады. Ол – сол теңізден тағы бір қалашық тұрғызу еді. Бұл ойды кит патша бірден құп алған соң, құрылыс қызу басталып кетеді. Қалашық тұрғызу өте қарқынды жүреді. Олар қалашықты ағаштан тұрғызатын болғандықтан, жақын маңдағы құрлықтарға барады. Бұл іске жауапты акулалар ағашты кесіп сазандарға жеткізіп отырады. Ағаштарды кесіп, тазалағаннан кейін бекірелерге береді. Бекірелердің міндеті – дайын ағаштарды қағу болатын. Ол өз істерін мүлтіксіз орындап, әрбір іске мұқият қарайды. Одан соң шортандар келіп, көздің жауын алатын түрлі өрнектер салып, сырлайды. Біраз уақыттан соң қала да салынып бітеді. Қаланың қақ ортасындағы патшаның еңселі ордасына балықтар патшалығының туы тігіледі. Шаһар шетінде күзетші-балықтар кезекпе-кезек қарауылдап тұрады.
Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып, қарқынды дамып келе жатқан бұл елдің таңдай қақтырар тұрмысы көрші жатқан су астының өкілдеріне ұнамайтын. Олар ақыры тұтқиылдан шабуылға шығады. Күзетте тұрған сарбаз балық бұл суық хабарды лезде жеткізгенімен, кит патшалығының әскері дәл осы күні қаннен-қаперсіз демалып жатқан болатын. Тосыннан келген жауға әскерлер жүйелі қарсылық көрсете алмай қалады. Сарбаздары екі есе көп көрші елдің әскеріне барынша қарсылық көрсетіп баққанымен, жеңілуге мәжбүр болады. Мерейлері үстем болған көршілер орданың тас-талқанын шығарып, зәулім үйлерді қиратады. Ең өкініштісі, бұл соғыста кит патшаның қазаға ұшырауы еді. Кит патша өмірден озған соң, бұл патшалықтың берекесі кетіп, араздық орын алып, жаппай ұрыс-керіс көбейеді. Бірлігі кетіп, іргесі сөгілген патшалықтың хал-қадірін бағамдаған ақсақалдары ойласа келе бір ауыздан жарлық шығарады. «Әр балық қалаған жағына барсын», – деген бұйрық шығысымен, патшалықтың желбіреген туы құлатылып, халық жөн-жөніне кетеді. Қара суды қақ тілген сазандар, тұйық теңізде үнсіз жүзген акулалар, көлдің көркі майшабақтарға дейін өз бетімен тіршілік етуге кірісті.
Арада уақыт өте келе Балықтар патшалығының болғандығы ұмытылып, мүлдем айтылмай кетеді. Патшалықтың билік құрғанына куә су астындағы жартастар мен балдырлар, өзге де жәндіктер мен көлбақалар ғана еді.

Жаңа сабақты түсіндіру. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе? Оқушылар балық аулайды. Мұғалім әр балықтың атын атайды. Оқушылар аулаған балықтарын ұстап тұрады.

-Балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Суда.
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп.
Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Сопақша.
- Балықтардың мынау несі?
- Басы.
- Басында желбезегі болады.
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?
- Қабыршақтары.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Құйрығы.
- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.

1. Балықтар денесі ұзын, сүйір болып келеді және сусымалы қабыршықтан тұрады. Балықтар құйрығы арқылы алға қозғалады. Жүзбе қанаттарымен тепе-теңдікті сақтап бағытын анықтай алады.
(слайдпен түсіндіру)
Сергіту сәті: «Бақа» әнін орындау.

Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.

Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ
Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.

Бақа, бақа, балпақ,
Аяғың неге талтақ
Су ішінде көп жүзіп
Аяғым содан талтақ.

2. Қосмекенділер құрлықта да, суда да мекендей алады. Екінші атауы-амфибия. Қосмекенділердің көбісінің екі жұп аяғы бар. Құйрықсыз құрбақа мен көлбақаның артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда жақсы дамыған.

Дәптермен жұмыс

- Балалар енді назарымызды «Қосымша деректер» айдарына берейік.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың атаулары: бекіре, шортан, сазан, алабұға, жайын, қарабалық, майқап, торта балық.
Балықтардың айырмашылығы, олар тек суда жузеді.
Ең үлкен балық кит акуласы. Оның ұзындығы 18 м.

Есіңде сақта! Бақа өсімдікке зиян келтіретін бунақденелілермен
қоректену арқылы пайда келтіреді. Сондықтан оларды қорғау керек.

Қосмекенділерге бақалар жатады. Олардың 4000 түрі бар. Айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Кейбір бақалар жер астында тіршілік етіп, жаңбыр жауғанда ғана шығады. Бақашабақтар ересектерінен 3 есе үлкен болады. Олар есейген сайын, кішірейеді.

Сабақты қорытындылау

Уылдырық – нелердің жұмыртқасы?
А) Кесіртке мен жыланның;
Ә) Балық пен бақаның.

Қайсысы дұрыс?
А) Есіңде болсын! Бақа, кесіртке, жылан өсімдікке зиян келтіретін бунақденелілерді құртып, пайда келтіреді. Оларды қорғау керек;
Ә) Көктемде уылдырық шашқанда балықтарды көптеп аулау керек.

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Балықтар, Қосмекенділер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 327 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar