Меню
Назад » » »
Басқұр ою-өрнегі
загрузка...

загрузка...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қалалық білім беру бөлімі
Технология пәні мұғалімдерінің қалалық семинары
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Басқұр ою-өрнегі
Орындаған: №68 жалпы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Аблаева Зина
Шымкент-2013ж

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Басқұр ою-өрнектері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: ою-өрнектер туралы түсінік беру,ою-өрнектердің ою әдістерін үйрету.
ә) дамытушылық: оқушылардың байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын шығармашылық бағытта дамыту.
Б) тәрбиелік: оқушыларға ою-өрнекті бұйымға үйлесімді, қонымды етіп пайдалана білуге үйрете отырып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ұлттық киім үлгілері, қоржын, тест, сұрақтары, ою-өрнек үлгілері.
Қажетті құралдар: мата түрлері, түсті ағаздар, қарындаш, қайшы, желім, жапсырма клей қағазы.
Пәнаралық байланысы: бейнелеу, әдебиет, биология, саз, тарих және т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
І І. Жаңа сабақ
Оюлар ой тастайды.
Ою-өрнек ата – бабамыздан келе жатқан асыл мұра. Бір өрнекке салып,қиып алған үлгіні ою дейді. Ал өрнек деп әр түрлі ою бедерлеп, күйдіріп жалатқан әшекейді айтамыз.
Киіз үйдің ішкі және сыртқы жабдықтары.
Киіз үйдің төрінде түрлі-түсті жібек жіптермен кестеленген түс-киіз төселген оюлы сырмақ, текемет, кілемдермен қатар ерекше көзге түсетін басқа да жабдықтар бар. Ол – өрнектеліп тоқылған басқұр мен баулар. Басқұр жасалуына орай ақ басқұр және ала басқұр деп екі түрге бөлінеді. Екеуінің де тоқылу мәнері өрмек әдісімен (алаша) жасалады.
Ақ басқұрдың тоқылуы мен өрнектелуінде ала басқұрдан үлкен айырмашылығы болады. Біріншіден, өру, есу, жұмыстарын екінші шетінің тұйығының көзінен жел баудың бір жібін өткізіп жалғап алып ,әрі қарайөре береді. Келесі шашақты да осылай жалғайды. Әршашақтың арасы 25-30 см болады.
Бас бау- туырлықтың, үзіктің жүннен есіп жасалған жоғары баулары.
Иін бау-киіз есіктің екі жақ иініне ілінетін өрнектеп тоқылатын құр бау.
Аяқ бау-кйіз үй ішінде сәндік үшін уақыттың иінінен төрт жерден байланатын,шашақталып жасалған бау. Аяқ бауды салма бау деп те атайды. Әрбір бау үш-үштен алты шашақ етіп,есіліп өрілген соң түрлі ілмектертүйіліп дайындалады. Дайындау жолы жел бауға ұқсайды.
Уық бау- керегенің бастарына уықтың аяғына бекітетін бау.
Түрлі түстен жүннен есіліп, өріліп жасалады.
Уық шалғыш бау-уықтардың арасын қашыртпау үшін уықтың иілген иығынан таңып байлайтын бау. Кейде бұл бауды иық бау деп те атайды.
Таңғыш- екі керегенің қанатының қосылған жерінің жігін біріктіріп байлайтын термелеп тоқылған жіңішке құр.
Босаға таңғыш-киіз үйдің есігінің екі босағасын керегемен біріктіріп таңатын жіңішке құр. Киіз үй ішіндегі негізгі жабдықтар ақ, қызыл, ала басқұр, түрлі баулармен қатар өрнектеліп тоқылған құрдан біріктіріп жасалған қоржындар, сандыққап, аяққап,қолдорбалар, жүк жапқыштар киіз үйдің ішкі сәнділігі мен әдемілігіне үлкен ажар береді. Сондай-ақ олар тұтынуға да төзімді бұйымдар.
Доба, түс қап, кір салғыш (кір қап) бұйымдары үй тұрмысында киім-кешек, уақ-түйек заттар салуға пайдаланылады. Бұл бұйымдардың астыңғы жағы тегіс болғандықтан өрнектелмейді, ал оң (үстіңгі беті) жағы терме өрнектермен әсемделеді. Шеттері шашақталып, кесте тігіліп, бау тағылады да осы баумен керегеге іліп қояды.
Әбдіре жапқыш (сандыққап) – ақ киізден ою-өрнекті жиектеп салып, кейде мауытыдан, барқыттан кестелеп тігіледі. Бұл бұйым көшіп-қону үстінде сандықтың ою-өрнегін, жаққан бояуларын сақтау үшін пайдаланылған. Сонымен қатар әсемдік жағы да басқа бұйымдардан қалыспайды.
Желі керме-киізден, өрнекті, түкті, түксіз алашалардың құрынан жасалады. Көлемі 50х100 см. Екі жағыда шашақтар салынады, түбінің ұзыны бойына кесте тігіледі. Ал, жоғарғы жағында өрілген екі бауы болады, осы баумен киіз үйдің керегесіне байлап қояды. Желіні тұрмыста қолданылатын жұмсақ заттар, күнделікті ұсталмайтын кішкентай кілемшелер, ішкі сыртқы киімдерді салуға пайдаланады.
Қоржын – өрмек құрып, тоқылатын бұйым.
Ұзындығы 120 см, ені 50см болады. Ең әуелі қоржынның ұзындығына қарап астын тоқиды, сонан соң шетінің үстіне өрнектелген төрт бұрышты екі ою-көлемі 50х50 см бөлек тоқылған, салынып тігіледі.
Сонда қоржынның екі шетінде қалталар пайда болады.
Тоқылу әдістеріне байланысты қоржындар түкті және түксіз тақырболып екі түрге бөлінеді. Кілем, терме алашалардың өрнектері түсірілген қоржындар жиі кездеседі. Қоржынды жайлауға шыққанда, күнделікті тұрмыста көлікпен және тамақ алып жүруге пайдаланады.
Аяққап- киізден шашақтап, әшекейлеп жасалған ыдыс-аяқ салатын дорба. Мал шаруасында қазан басында ұсталатын аяқ-табақты жинақтап, таза ұстау үшін жасалған аяққап көшпелі халықтың үй мүлкінің бірі болып саналған. Аяққаптың жасалуы әр жерде әр түрлі болады. Ою- өрнегі көбіне алаша, кілем, текемет өрнектеріне ұқсас.
Аяққап, кір салғыш, қолдорба-терме алашадай өрмек құрылып, тоқылып дайындалмаған. Бұл заттарды кішкене кілем, алашалардың өрнекті тұсын ойып алып,сонан жасай берген.
Шаруашылыққа керекті заттың қайсысына болса да әр шебер өз тарапынан түрлі жаңалық енгізіп, тоқу,байытып отырған. Сонымен бірге шеберлер ою салуда кең таралған мүйіз тектес және өсімдік өрнектерімен қатар, геометриялық тұмарша, сүйір, балмақ, ирек шынжыр өрнектерін де жиі-жиі қолданған.
Кесеқап – дөңгелек формалы, жоғары жағында шашақталған қақпағы, қабырғасында өріп жасалған бауы бар, күнделікті тұрмыста, көшіп-қонуда ыдыс-аяқ сақтауға арналған бұйым. Кесеқаптың биіктігі 30-35 см, түбінің диаметрі 10-15 см болады. Көлік үстінде алып жүруге ыңғайлы. Кейде бұл былғарыдан да жасалған, бірақ көбіне оны шеберлер ақ киізден өрнек салып, кейде құрақтан шыққан тұрмыс қажетінен туған бұйымдар әсемдігімен көз тартып, киіз үй ішіне айрықша сәндік әкеледі.
Шәйнекқап – шай қайнататын шәугімнің қабы. Кесеқаптан кішілеу, төбесінде шашғы, кестелеген екі бауы болады. Бұл бұйымдар ыдыстарды сындырмай сақауға арналған. Кесеқап пен шәйнекқапптар.
Сабақты қорытындылау
-Тест сұрақтарын тарату.
- Өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап алу.

Оқушыларды бағалау:

Жұмыс орнын жинастыру:

Үйге тапсырма: Басқұр өрнегін аяқтау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Басқұр ою-өрнегі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 324 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar