Меню
Назад » » »
Баскетбол ойынында допты алу және қағып жіберу тәсілдері.
загрузка...

загрузка...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

№76 Р. Мырзашев атындағы негізгі орта мектебі

4-сынып
Орындаған: «дене шынықтыру» пәнінің мұғалімі
Тағыбаев Ержан Ілесбайұлы


Сабақ. тақырыбы: Баскетбол ойынында допты алу және қағып жіберу тәсілдері.
Сабақ. мақсаты:
1. білімділік: оқушылардың өз денсаулығы өз қолында екендігі жайлы мағлұмат беру
2. дамытушылық: ойын барысында допты қарсыласынан алып қою тәсілдерін уйрету
3. тәрбиелік: оқушының тәртібін, өзін-өзі ұстауы, ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту
Сабақ. өтіл. орын: Спорт алаңы.
Қолд. құрал-жабд: Баскетбол добы, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Сабақ. өтіл. уақыт: 14 50

№ Сабақтың мазмұны

Уақыт
мөлшері Әдістемелік
нұсқаулар
І Дайындық бөлім.
15 мин

Сапқа тұру, рапорт қабылдау, сәлемдесу, оқушыларды
түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру.
Бір орнындағы бұрылыстар (оңға, солға, кері бұрылу),
саппен жүру,
аяқтың ұшында, өкшеде, табанның сыртқы және ішкі
жағында жүру.
Бірқалыпты жеңіл жүгіріспен жүгіру.
Тізені көтере жүгіру,
аяқты артқа қарай көтере жүгіру.
Оң және сол иықпен алға жүгіру,
аяқты алға созып секіре жүгіру.
Бірқалыпты жүгіру.
Жүріске ауыс. Оң қол жоғары сол қол төменде,
әр қадам сайын қолдың қалпын өзгерт.
Қолды белге қойып, аяқты жартылай бугіп жүру.
Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.


5 мин

5 мин

5 мин

Спорт
киімдерін
қадағалау

Жүгіріс сол аяқтан басталады
ІІ Негізгі бөлім.
25 мин

1

2

3


Түзел! Тік тұр! 1-2-ге санақтал! 1-ші топ 4 қадам
алға шық! Артқа бұрыл!
Осы бұйрықтарды орындағаннан кейін оқушылар
баскетбол добымен әр-түрлі лақтыру жаттығуларын
жасайды.
Допты бір орнында тұрып екі қолмен лақтыру.
Оқушылар допты кеуде тұсынан екі қолымен бір-біріне
кезек-кезек лақтырып береді.
Бір орнында тұрып допты бір қолмен иықтан лақтыру
арқылы бір-біріне береді.
Допты кеуде тұсынан қарсыласына жерге ұру арқылы
береді.
Сапқа тұр!- бұйрығы беріледі. Сонан соң оқушылар
кезегімен белгіге дейін допты оң қолымен алып жүреді де,
кері қайтқанда сол қолымен алып жүреді. 2-ші рет допты
екі қолмен алма- кезек алып жүреді. Осы жаттығулар
кезегімен орындала береді.
Допты қарсыласынан тартып алу.
Бұл тәсіл допты жұлып алу және қағып жіберуден тұрады.
Олар қарсылық көрсету тәсілдеріне жатады. Егер
қарсыласың бір орнында допты ұстап тұрса, онда өзіңе
қарай екі қолыңмен жұлып алуға болады. Қолдан қағып
жіберу жоғарыдан не төменнен допты қолдың қырымен
ұрып жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Осы жаттығулар орындалып болғаннан кейін оқушылар
екі топқа бөлініп баскетбол ойыны ойналады.


2 мин

3-рет

3-рет

3-рет

13 мин

10 мин
Қауіпсіздік
ережесін
сақтау

Лақтыру әдістерін дұрыс орындауын
қадағалау

Оқушыларға
допты қарсыласынан
тартып алу тәсілдерін жете түсіндіру
ІІІ Қорытынды бөлім.
5 мин

Оқушыларды саппен жүргізіп, терең тыныс алу, дем
алуын реттеу жаттығуларын жасау. Қатарға тұрғызып,
сабақты қорытындылау.
Оқушылардың қабілеті мен талабына қарап баға қою.
Үйге тапсырма --- доппен әр-түрлі жаттығулар жасау.
Оқушылармен қоштасу.

Шымкент. 2015ж. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Баскетбол ойынында допты алу және қағып жіберу тәсілдері. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 355 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar