Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Баскетбол. Жекелеп, топтанып командалық айла тәсілдермен -

Баскетбол. Жекелеп, топтанып командалық айла тәсілдермен

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2397 | Размер: | Автор: гость
. Дюсембаев Бақыт Ермешұлы
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Үлкеншыған орта мектебі
Панфилов ауданы Алматы облысы

Тақырыбы: Баскетбол. Жекелеп, топтанып командалық айла тәсілдермен
шабуылға шығу, қорғану.
Мақсаты: 1) Оқушыларға баскетболдың айла тәсілдерін үйрету
2) Оқушылардың алған білімдерін дамыта отырып, ептілік,
жылдамдық қабілеттерін арттыру.
3) Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт зал
Көрнекі құрал: Баскетбол добы, ысқырық, секундомер.

№ Сабақтың мазмұны уақыты ескерту
1 Кіріспе бөлімі 15 мин.
Қатарға тұрғызу, рапорт алу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Жүру, жүгіру, оң, сол жақпен тіркеме адыммен жүгіру.
Жәй жүгіру, белгі бойынша қатты жүгіру.
Жоғары жылдамдықпен орында жүгіріп, қозғалып кету.
Стартық жылдамдықпен 5-10 м жүгіру.
Әр түрлі жағдайда, алдымен, артымен, жанымен белгі бойынша жүгіру.
Бірінші қатар екіншіден 1-1,5 м алда. Мақсат: белгі бойынша біріншілерді қуып жету.
Диагнал бойымен жүгіріп келе жатқан оқушының алдына шығу.
Сапта тұрып допты жоғары биік лақтырып, жерге түсірмей
4-5 м жерден ұстап алу.
Б.т.н.т. қолдың, белдің, аяқтың, иықтың буындарына жаттығулар
2'
1'

4-5 рет

3-4 рет

2'

3'

2'

Орнынан тез қозғалуды қадағалау

Оқушы соғылмау керек.

Буындарды жақсылап қыздыру.
2 Негізгі бөлім 25 мин.
Жеке допсыз, шабуылдау, допты алуға ыңғайлы орын табу
Ойынға допты тез қосу, доп беру финт жасау, шабуылдау.
Командамен шабуылдау:
Тез шабуылдау, екі-үш доп беру арқылы шабуылдау. Әсіресе допты қағып алғанда жасалады.
Эшалондалған шабуыл-барлық ойыншы арқылы алаңның барлық жерінде екі-үш толқынмен жасалады.
Позициалық шабуыл-орталық ойыншы және ойыншысыз жасалады. Бұл шабуыл қорғанып үлгерген команданың осал жерін табу арқылы жасалады.
Ойыншыны бүркемелеу арқылы шабуылдау.
Қорғану. Жекелей қорғану кезінде ойыншыға доп алғызбау, доппен оның қозғалуын байлау, допты лақтыртпау.
Доппен, допсыз ойыншыншыларды ұстау.
Топпен қимылдау. Екі ойыншының қимылы, бір-біріне көмектесу, сытылып кету, ауысу.
Үш ойыншының әрекеті, қаңғыған допқа күресу жатады.
Командалық қорғанудың үш түрі:
Концентрленген қорғану кезінде жекелей және зоналық қорғануға болады.
Қозғалмалы қорғану (прессинг)
Аралас қорғаныс

Жаттығу кезінде доп ұстау, алып жүру, беру, себетке салуды дұрыс орындау.

Қорғануды дұрыс орындау, епті ойыншыларды жеклей ұстау
3 Қорытынды бөлім 5 мин
Сапта жүріп тыныс алу жаттығулары.
Баға қою, үйге тапсырма беру.








1. Сырттан жабу. Шығу және құтылып кету үшін қолданады.
2. Ертіп апарып жабу.
3. Қиып жабу. Қорғаушылар қимыл кезінде қақтығысып шабуылдаушыға сытылып шығуына мүмкіндік беруі мүмкін.
4. Үштік. Ойыншы саны тепе-тең кезінде қолданады.
5. Қиып шығу. Қорғаушылар соқтығысып шабуылдаушыларға мүмкіндік береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.