Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау -

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3886 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
Абай атындағы № 4 лицей мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Назарбекова Аяжан Тлеукабыловна

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау

Бастауыш - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз - жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бағдарламасы негізінде құрылған курстан оқып келген әріптестерімнің жеті модуль бойынша өткізген сабақтарынан осы курстың маңызды екенін , оқушы өзін еркін ұстап ойын жеткізе алатын сын тұрғысынан ойлайтын, оқушы қалыптасуына ықпалын тигізетінін байқадым.
Мектеп –үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Ізденімпаз, шығармашыл, білімді, жаңашыл ұстаз ғана, жеке тұлғаның жүрегінен жол таба біледі деп түсінемін. Жақсы ұстаз өзінің алдына мақсат қойғанда ғана соған жетудің жолдарын іздейді. Мен де ұстаз ретінде, алдыма мақсат қойдым. Білімімді жетілдіріп, жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта пайдаланып, жаңашылдыққа ұмтылу - менің де арманым болды. Осы мақсатта мен білімімді жетілдіру үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында үш ай курста оқып, білімімді жетілдірдім. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс - әрекеттер жоспарланған. Бағдарламның негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқудағы өзгерістер, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, туралы айтылған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтыды.
Бұл бағдарламада оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлға қалыптасады. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. (Мұғалімге арналған нұқаулық 9- бет)
Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында жеті модульді оқып үйрендім. Осы жеті модульді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Тәжірибемде оқытуды жаңаша ұйымдастырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізіп келемін. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс- тәсілдердің маңызды екеніне көзім жетті. Курста алған алған теориялық білімімді пайдалана отырып оқытудағы жаңа өзгерістерді, әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибемде пайдаланудамын.
Осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін өзгерттім. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал енді қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше тұлға екеніне мән беруім керек болды. Осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап, ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыда ойлай алатын бірін- бірі бағалай алатын тұлға болып қалыптасады. Себебі бұл әдіс- тәсілдер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге , жүйелі білім алуға жетелейді. Конфуцийдің «Естігенімді ұмытармын, көргенімді есіме сақтармын, ал өз қолыммен жасағанда түсінемін» деген ой-тұжырымын басты ұстанымым ете отырып, бағдарламаның 7 модулінің бір «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауға » тоқталғым келеді.
Оқытудағы бұл өзгеріс бағалау әрекетіне оқушылардың өздерінің қатынасуы. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып не істегенін немесе өзін – өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тіртібін мұқият бақылауы болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 105 – б) Бұл модуль мұғалімдерге: бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге, бағалау түрлерінің бара - бар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге, бағалаудың формалды емес жүйелерін анықтауға немесе бағалауға, әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын немесе жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет .
Бұрын дәстүрлі оқытуда оқушыларды тек мұғалім ғана бағалайтын. Тіпті оқушыларды мадақтауымызда аз болды. Ал қазір оқушылардың жетістіктерін бүгінігі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі орын алды.
Осы курсқа келмей тұрғанда ,бұрынғы дәстүрлі оқытуда оқушыларды өзім бағалайтынмын. Осы курстан кейін , бір айғы іс-тәжірибеде сабақ беру кезінде оқушыларға бағалау жайында түсінік бере отырып, сабақ барысында бірін- бірі бағалауға үйреттім. Формативті бағалауды қолдана отырып оқу үрдісін жақсартуға болатындығын көз жеткіздім. Формативті бағалау оқушының сабақтағы іс –әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігін, өз ойын еркін білдіре алуы, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы ( топтық ,жұптық) оған баға беруі. Сабақ барысында формативті бағалаудың мынандай түрлерін қолданамын:
- Мақтау , мадақтау
- Жылы шырай таныту
- Қолдау көрсету
- Ынталандыру
Ал формативті бағалауда: жоспарлау, оқыту және бағалау - біртұтас үдеріс, бағалау идеялары айқын болады, оқушыларды өзін – өзі және өзара бағалауға қатыстыру, оқушылардың жастарына қарай тақырыпты меңгерту деңгейін бағалау, кері байланыс орнату, оқушылар өздігінен оқу нәтижесін жақсартуға ықпалының маңызды екенін түсінеді. Алғашқыда оқушылардың бірін-бірі бағалауы сәтті шықпады. Себебі оқушылар топ ішінде артық бағалап, бір- бірінің көңіліне қарады. Бағалау барысында баланы мақтап, мадақтап, көтермелеп отырудың да маңызы зор екенін түсіндім. Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап, сол мақтауға лайық болуға тырысады деп ойлаймын. Сондықтан баланы мақтап, содан соң жасаған жұмысының дұрыс жерлеріне бірінші тоқталып және атап көрсетіп, соңынан қателік кеткен тұстарына ұсыныс арқылы балаға жеткізіп отырсақ, онда балалардың сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігін түсіндім. Мен оқушылардың жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегенін бағдаршам арқылы бағалауды қолданған ыңғайлы деп таптым. Әр оқушыда үш түс болады. Мұғалім оқушының түсінгенін, не түсінбегенін осы түстермен көрсетуді сұрайды. Түсіндім-жасыл, сенімді емеспін – сары, түсінбедім – қызыл белгілерімен көрсетіледі. Осыдан оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінбеген оқушылардан «сендерге не түсініксіз болды? Енді оны қалай түсініп аласың?»- деп жетелеу сұрақтарын қою арқылы оқушылардың алға қарай жылжуына ықпал жасадым. Бағдаршам арқылы бағалауда оқушы бойына сенімділік ұялатады және әр сабақта белсенді, ықыласпен қатысады деп ойлаймын. Өткізген сабақтарымда күнделікті қорытынды бағалау немесе мадақтау арқылы және сабақ соңында жиынтық бағалау үрдісі жүріп отырды. Сабақта өз –өздерін , жұптық , топтық бағалау түрлерін пайдалана отырып отырып, түйгенім әр оқушының оқуға деген қарым қатынасын тек қана бағамен ғана шектемей, үнемі ынталандырып отыру керек екен. Сабақтарда өз білімдерін бағалауда олардан басқа әділ сарапшы кездеспейді екен. Өзін- өзі бағалауда адамның өзін –өзі жүйелеп, ісін ретке келтірінің құралы болып табылады. Өзін- өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесін сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастыратынын байқадым. Білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, бірін- бірі бағалау әдістерін пайдаланамын. Сонымен бірге әр сабағымда әр топ бір- бірінің жұмысына екі жетістік , бір ұсыныс айту арқылы формативті баға береді. Талпынғандар ғана білім алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да , өзекті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 106 – б)
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес , ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытов мұғалімге білім мен тәрбие берудің тиімді жолын қарастыруды негіздеп отыр. Сондықтан мен алдағы уақыттарда өз білімімімді жетілдіріп, жаңа технологиялардың тиімді жолдарын біліп, жұмыс істеймін. Бағдарламаның 7 модулі негізінде жүйелі жұмысты жалғастырамын. Себебі мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін жаңа бағытта дамытудағы негізгі тұлға – мұғалім.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.