Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш сынып бойынша қазақ тілінен жазба жұмыстарының кестесі -

Бастауыш сынып бойынша қазақ тілінен жазба жұмыстарының кестесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4691 | Размер: | Автор: гость
. Бастауыш сынып бойынша қазақ тілінен жазба жұмыстарының кестесі

Сыныптар Жазба жұмыстар түрлері Оқу тоқсандары Барлығы
I II III IY

2 Диктант 3 3 3 3 12
Мазмұндама 1 1 1 1 4
Шығарма 1 1 1 1 4
Барлығы : 5 5 5 5 20
3 Диктант 3 3 3 3 12
Мазмұндама 1 1 1 1 4
Шығарма 1 1 1 1 4
Барлығы: 5 5 5 5 20

4 Диктант 3 3 3 3 12
Мазмұндама 1 1 1 1 4
Шығарма 1 1 1 1 4
Барлығы: 5 5 5 5 20
Жалпы саны: 15 15 15 15 20

Қазақ тілі 2 «Ә» сыныбы
Тексеру түрі Тақырыбы Мерзімі коррекция
I

№1.Бастапқы бақылау диктанты
№1.Мазмұндама
№1.Шығарма
№2.Диктант
№3.Бақылау диктанты «Аққу»

«Жалқау мысық»
«Алтын күз»
«Көмек»
«Қауын» 14.09.2015

25.09.2015
02. 10.2015
19.10.2015
30.10.2015

II

№2.Шығарма
№2.Мазмұндама
№4.Диктант
№5.Диктант
№6.Диктант «Менің Отаным»
«Қызғаныш»
«Ақсары»
«Саршұнақ»
«Кеш» 14.11.2015
21.11.2015
28.11.2015
07. 12.2015
24.12.2015
III

№7.Диктант
№3.Мазмұндама
№8.Диктант
№3.Шығарма
№9.Бақылау диктанты «Тұңғыш ұстаз»
«Ұшқыш кілем»
«Ішік»
«Әдепті бала-арлы бала»
«Көрегенді бала» 29.01.2016
13.02.2016
26.02.2016
05.03.2016
12.03.2016


IV

№4.Шығарма
№10.Диктант
№4.Мазмұндама
№11.Диктант
№12.Бақылау диктанты «Көктем келді»
«Менің досым»
«Еліктің лағы»
«Алып кит»
«Алматы-Шымкент автобусы»
08.04.2016
22.04.2016
28.04.2016
06.05.2016
16.05.2016




Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:17.09.2010ж
Тақырыбы: Ауа
Мақсаты:Оқушылардың 1- сыныпта меңгерілген білімдерін зерттеп , бақылау

Ауа
Адам ауамен дем алады.Ауасыз өмір жоқ. Ауа таза болу керек. Сынып, бөлме ауасын үнемі тазартып тұру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы да жақсы болады. Ауа адам өміріне үнемі қажет.

Тапсырмалар:
1.Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Бөлме
2.Денсаулығы сөзін тасымалдау

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:21.12.2010ж
Тақырыбы: Шахтада

Мақсаты: Сауатты жазуға төсілдіру

Шахтада
Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын.Бір күні шахтаны көргім келеді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында, тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған қол шамды алып, тура шахтаға тарттым.

Тапсырмалар:

1- нұсқа 2-нұсқа
1.Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Шахтада Шахтаны
2.Лепті сөйлем жаз.

3. Сөз ішінен сөз құра.
Қасында Сыйлаған

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы,2009 жыл
М.Қ. Солтанғазина,Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні: 3.12.2010ж
Тақырыбы: Тұмау

Мақсаты: Сауатты жазуға төсілдіру.Сөйлем түрлері туралы алған білімдерін тексеру

Тұмау
Тұмау- жұқпалы аурулардың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып табылады. Вирустар арнайы құралмен ғана көрінеді. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Тапсырмалар:

1- нұсқа 2-нұсқа
1.Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Тұмау Вирус
2. Сұраулы сөйлем құрап жаз.

3. Денсаулық туралы мақал- мәтел құрап жаз.

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы,2009 жыл
М.Қ. Солтанғазина,Ф.С.Лекерова
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:21.01.2011ж
Тақырыбы: Ормандағы ағаштар

Мақсаты: Сауатты жазуға төсілдіру. Сөз және оның мағынасы туралы алған білімдерін тексеру.
Ормандағы ағаштар
Орманның басты байлығы-ағаштар. Олардан тақтайлар, үй жиһаздары жасалынады. Егер ағаш болмаса, қағаз да болмас еді. Кесілген ағаштың орнына ағаш өсіруге ондаған жылдар кетеді. Жыл сайын ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
Тапсырмалар:
1-нұсқа 2-нұсқа
1.Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Ағаш Орман

2.Жұмсақ - әдемі,
Алыс - достық,
Түн батыр
Кәрі

3. Еңбек туралы мақал-мәтел құрап жаз.

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:25.10.2010ж
Тақырыбы: Бидай

Мақсаты: Оқушылардың дыбыс және әріп тарауы бойынша білім, білік дағдыларын зерттеу
Диктант
Бидай
Диқандар бітік егін өсірді. Тау-тау астық қырманда үйіліп жатыр. Айнаш астық тасып жүр. Бидайды егінжайдан қырманға жеткізеді. Қайтадан бригадаға асығады. Күз айында комбайндар жүр. Трактор танаптың басына келді. Алдында бір шоқ бидай орылмай қалыпты. Айнаш тракторын тоқтатты.

Тапсырмалар:
1. «Бидай»сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2. й, и дыбысы жазылған сөздердің астын сыз.
3. «Диқандар» сөзін тасымалдау





Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:14.04.2011ж
Тақырыбы: Табиғат

Мақсаты: Сауатты жазуға төсілдіру. Оқушылардың меңгерілген біліктілік дағдыларын арттыру.
Диктант
Табиғат
Табиғат-бәріміздің ортақ мекеніміз. Мұнда адамдар, өсімдіктер, жануарлар өмір сүреді. Табиғат бізге таза ауа, жарық, жылу, мөлдір су, құнарлы жер сыйлады. Сондықтан табиғатқа ізгі ниетпен қараған дұрыс.Табиғаттың байлығын ысырап етпей,оның дамуына кедергі жасамауымыз керек.

Тапсырмалар:
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Өсімдік Жануар

2. Сөз құрамына талда
Табиғаттың адамдар
Өнерпаз байлық
3. Табиғатқа байланысты мақал-мәтел жаз.

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні: 9.05.2011ж
Тақырыбы: Кішкентай көмекші

Мақсаты: Сауатты жазуға төселдеру.

Кішкентай көмекші
Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы- бағбан. Бау-бақша жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта жүреді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады. Атасына бақшаны уақытында суғаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі кішкентай көмекшінің еңбегіне риза.

Тапсырмалар:

1-нұсқа 2-нұсқа
1. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Бағбан кілем
2. Мәтін ішінен бір сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
3. Мағанасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Артық- тұйық-
Бұзақы- терең-

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:17.05.2011ж
Тақырыбы: Жайлау

Мақсаты: Жыл бойы меңгерілген білімдерін зерттеп бақылау.

Жайлау
Жайлау-қыстаудан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынады. Адамдар да сергіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп.

Тапсырмалар:

1-нұсқа 2-нұсқа
1. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Көже құрт
2. Мәтін ішінен сын есімдерді теріп жаз.
3. Сөйлем құра: тоқтайды, қозы, түбіне, теректің


Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:10.03.2011ж
Тақырыбы: Зерлі шапан

Мақсаты: Сауатты жазуға төселдіру. Сөз таптарына берілген теориялық білімді бақылау және бағалау.

Зерлі шапан

Зерлі шапан-сырт киім. Ол қымбат матадан тігіледі. Оның жағасы мен өңіріне зер салынады. Арқасы,етегі мен жеңі оқалы жіппен өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан мен сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.

Тапсырмалар:
1-нұсқа 2-нұсқа
1. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Шапан сұлтан
2. Сөйлем құра
Жалқы есімге Жалпы есімге
3. Мәтіннен етістіктерді тауып, астын сыз.


Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:30.09.2010ж
Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Көркем жазу талаптарын орындауын қадағалау. Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

Алтын күз

Күз түсті. Күн де суыта бастады. Жан-жануарлар қысқы дайындық жасады. Құмырсқалар індеріне дән тасып жүр. Құмырсқа еңбекқор жәндік. Олар қысқы азығын жаз бойы жинайды.

Сұрақтары:
1. Қандай мезгіл?
2. Қандай жәндік еңбекқор?
3. Олар қай кезде азықтарын жинайды?

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл
М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:19.11.2010ж
Тақырыбы: Гауһар
Мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

Мазмұндама
Гауһар

Гауһар шанасын сүйретіп, сыртқа шықты. Аспан ап-ашық. Ауада шым-шым аяз бар. Батуға айналған күн қызарып көрінді. Гауһардың екі беті қып-қызыл. Жағасы қырау-қырау. Қас қарайды. Аспаннан жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үйге кірді. Әжесі немересін бауырына басып, басынан сипады. Гауһар әжесіне риза болып жатып, әп-сәтте ұйықтап кетті.

Сұрақтар:
1. Гауһар қайда шықты?
2. Қысқы дала қалай суреттеліп жазылған?
3. Гауһар үйге қай уақытта кірді?
4. Әжесі немересін қалай қарсы алды?

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні: 25.02.2011ж
Тақырыбы: Ат пен есек

Мақсаты: Оқушылардың тілін,ой-өрісін,шығармашылығын дамыту.Сауатты жазуға дағдыландыру.

Мазмұндама
Ат пен есек
Бір кісі атымен есегіне жүк артып,қалаға келе жатты.Есек жолда шаршап, атқа:
-Жолдасым, менен азырақ жүк алшы.мен көтере алмай өлейін деп келемін,-деді.
Бірақ ат жәрдем етпеді.Жолшыбай есектің халі бітіп,жығылып өлді.Сонан соң иесі есектің барлық жүгін және терісін сыпырып алып атқа артты.Сонда ат : «Өз обалым өзіме,егер есектен азырақ жүк алсам, бұл оқиға болмас еді.Енді,міне,сорлап есектің барлық жүгін және терісін арқалап келе жатырмын»,-деп ойлады.

Жоспар:
1.Ат пен есекке жүк арту
2.Есектің аттан көмек сұрауы
3.Аттың өкініші

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні: 29.04.2011ж
Тақырыбы: Көк шыбық

Мақсаты: Оқушылардың ойын,шығармашылығын және тіл байлығын дамыту.
Сауатты ,таза жазуға үйрету.

Мазмұндама
Еркін мен Жарас есік алдына алты шыбық отырғызды.су алыс, шелектеп тасып құйды.
Арада он шақты күн өтті. Шыбық бүршік жарып келе жатты.Екеуі қайта-қайта барып көреді.
-Мынау , менің ағашым,-деді Жарас.
-Анау,менікі ,-деді Еркін.
Шыбықтарды әлдеқашан екеуі меншіктеп алған.әкесі де дән риза.

Тапсырмалар:
1.Оыс мәтінге өз жандарынан сөйлемдер қосқызып,кеңейтіп жазғызу.
2.мына сөздерді пайдалануға беру:жапырақ жайды,көлеңкесі, демалды, құстар сайрады,жайқалып өсті.

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «Ә»
Күні: 21.05.2011ж
Тақырыбы: Жануарларға құйрық неге керек?

Мақсаты: Оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, тілін дамыту.


Мазмұндама
Жануарларға құйрық неге керек?
Қасқыр ,түлкі және ит тоңғанда тұмсығын құйрығымен орап алып ұйықтайды.
Олардың құйрығы жүгіргенде тез және жалт бұрылуына көмектеседі.Тиін болса,құйрығының көмегімен секіріп бара жатып та бұрылады. Жаздыгүні сиыр мен жылқыға шыбын-шіркей соналар қонып,оларға маза бермейді. Олардан құйрықтарымен соғып қорғанады.

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «Ә»
Күні:16.11.2010ж
Тақырыбы: Піл

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін ,шығармашылығын дамыту.


Мазмұндама
Піл
Піл ыстық жақта болады.Ол ағаш арасында жүреді.өзі үлкен, сирақтары жуан болады. Пілдің ұзын тұмсығы бар.Сол тұмсығымен ол үлкен ағаштарды қопарып тастай алады.Адам оның күшін пайдалану үшін асырайды.Оған ауыр жүктер артады.Ерте заманда пілдерді соғыс көлігі ретін де пайдаланған.Піл жас ағаштардың жапырақтарын, түрлі жемістерді жейді.

Жоспары:
1.Пілдің мекені
2.Пілдің адамдарға пайдасы
3.Пілдің қорегі

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «Ә»
Күні: 21.12.2010ж
Тақырыбы: Жаман жолдас

Мақсаты: Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту, Сауатты таза жазуға дағдыландыру.


Мазмұндама
Жаман жолдас
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті.олардың біреуі әлсіз,ауру екен.Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды.Ол жерде етпетінен түсіп,өлген кісідей демалмастан жата қалады.Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен.Аю жатқан адамның қасына келіп,иіскелеп дыбысы білінбеген соң жөніне кетеді.
Аю кеткен соң ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп, ауру досынан:
-Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?-депті.
-«Басыңа қиыншылық түскенде,сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді»,-деп досы жауап беріпті.

Жоспар:
1.Екі достың аюмен кездесуі
2.Сау баланың әрекеті
3.Ауру баланың айласы
4.Досына берген жауабы

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «Ә»
Күні:26.01.2011ж
Тақырыбы: Тауық

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту


Мазмұндама
Тауық
Ернұрдың әжесінің тауықтары көп еді.Әжесі күнделікті оларға жем-суын беріп тұратын.Жемін шашқанда тез жиналып,дәнді шоқи жөнеледі.
Бірде аулада олардың қимылын қызықтап тұрған Ернұр:
-Ой ,әжемнің тауықтары тәртіпті сақтай біледі екен.жемді жинап , ауланы тазартып жатыр,-деді мәз болып.

Сұрақтары:
1.Әжей не өсіреді?
2.Жемді көрген тауықтар қайтеді?
3.Елнұр неге мәз болды?
Жоспары:
1.Әжейдің тауықтары
2.Тауықтардың іс-әрекеттері
3.Тәртіпті тауықтар

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «Ә»
Күні:12.02.2011ж
Тақырыбы: Балалық шақ

Мақсаты: Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту, Сауатты таза жазуға дағдыландыру.


Мазмұндама
Балалық шақ
Абайдың жасы он үшке толған еді.басқа балалардай емес,үйден көп шықпайды.
Ол әжесі Зере мен шешесі Ұлжанныңқызық әңгімелерін тыңдайды.Абай әңгіме ,ертегі аңыздарды жалықпай ,ынтыға тыңдауға бар.Оның әжесі шебер әңгімеші еді.Әңгімесін қызықтырып айтады.
Абай әжесі шаршаған кезде шешесіне әңгіме айтқызатын.Анасы Ұлжан ұзақ жырларды,айтыстарды,өсиет,әзілдерді жатқа айтатын.
Сұрақтар;
1.Абай он үш жасында қандай болған?
2.Зере әжесі әңгімені қалай айтатын?
3.Ұлжан анасы қандай әңгімелердіайтушы еді?

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «Ә»
Күні:7.09.2010ж
Тақырыбы: Менің елім

Мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын ,байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.


Мазмұндама
Менің елім
Осы кең байтақ үлкен жерде әрбір адамның туған жері-өзінің ауылы,көшесі, үйі бар.Ол-оның кішкентай Отаны.Осындай кішкентай туған жерлерден үлкен Отан құралады.Сен осы жердің қай бұрышында тусаң да,бүкіл жер-сенің Отаның ,туған елің.Сен оны мақтанышпен :
-Бұл менің елім-Қазақстан Республикасы !-дейсің.

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова

Пән: Қазақ тілі
Сынып: 2 «Ә»
Күні:17.09.2010ж
Тақырыбы: Ауа
Мақсаты:Оқушылардың 1- сыныпта меңгерілген білімдерін зерттеп , бақылау

Ауа
Адам ауамен дем алады.Ауасыз өмір жоқ. Ауа таза болу керек. Сынып, бөлме ауасын үнемі тазартып тұру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы да жақсы болады. Ауа адам өміріне үнемі қажет.

Тапсырмалар:
1.Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Бөлме
2.Денсаулығы сөзін тасымалдау

Қолданылған әдебиет:
Қазақ тілі диктанттар мен мазмұндамалар жинағы «Алматыкітап» баспасы, 2009 жыл . М.Қ. Солтанғазина, Ф.С.Лекерова
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.