Меню
Назад » » »
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Умарова Макпал Ибрагимовна

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ

Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі, қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. «Неге оқыту керек?», «қалай оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», нәтижелі қалай оқыту керек?», — деген сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар оқыту үдерісін «технологиялық» жолмен жүруге әрекет жасады. Оқытуды нәтижесінде кепілдемесі бар өндірістік технологиялық процеске айналдыру, осыған байланысты педагогикалық технологиялар бағыты пайда болды. Педагогикалық әдебиеттерде «технология» түсінігі әр түрлі сөз тіркестерінде қолданылады: педагогикалық технология, ақпараттық технология, компютерлік технология, білім беру технологиясы, тәрбиелеу технологиясы, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы, оқытудың дәстүрлі технологиясы және т.б олардың даму динамикасы сол құбылыстың эволюциясында көрініс табады. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалану қазақ тілінен беріліп отырған білімді аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектесті. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысты. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызып отырды.
азақ тілі сабағында жаңа материалды оқушылардың көңіліне мықтап ұялатып, саналы түсінік беру үшін оларды сабаққа қызықтыра білу аса маңызды. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында өзара коммуникативтік қарым-қатынас жасау үшін міндетті түрде әр сабақта М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша жүргізілетін оқыта – үйрету ойындарын қолданамын. Оған «Өз жартыңды тап», «Мені түсін», «Сандарды есте сақтау», «Сиқырлы сандықша», «Сөз жарысы», «Білімпаздар» ойындары жатады. «Шеңбер бойынша әңгімелеп беру» ойынын қақақ тілі сабақтарында тиімді қолдануға болады.. Ойынның мазмұны: бастаушы оқушы көзін жауып ортада тұрады. Орнынан айналып кез келген адамды көрсетеді. Көрсеткен адам мәтінді әңгімелей бастайды. Бұл ойын әсіресе бастауыш сынып пен орта сыныптарда қызықты өтеді. Жас ерекшеліктеріне байланысты осы сынып оқушылары өздерінің білімдерін көрсетуге құмарлықтары артады. Жалғасын сағат бойынша басқа оқушылар жалғастырады. Осы ойын оқушының есте сақтау қабілетін, тілін, ел алдында сөйлеу қабілеттерін арттырады. Сабақтарда қолданылатын тағы бір ойын «Даналық ағаш» деп аталады.Ойынның шарты: оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрып, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықшы болуы тиіс. Соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.Бұл ойын оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралып есте сақтауына,басқалармен қарым-қатынас жасау,басқаларды тындауға, кезкелген жауапқа сыйластық, түсінікпен қарауға мүмкіндік береді.
Модульдің 3-ші бөлімі қорытынды бақылау бөлімі. Қортынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың бірнеше түрлері ұйымдастырылады.Олар:
1. Тест
2. Диктант, мазмұндама, шығарма
3. Нәтиже сабақтары (Сайыс, әр түрлі интеллектуалды ойындар).
Бастауыш сынып –оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуының басты баспалдағы. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.
Сабақ беруде пәндерді оқыту технологиясынын жан-жақты қолдану- ұстаз білігі мен шеберлігі. Яғни, тәуелсіз елдің талапты ұрпағын тәрбиелеудегі жауапкершілік.
Ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалануым – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылды. Сондай-ақ ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланып отырдым.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Мұндай ойындарды ұйымдастыру төмендегідей екі мақсатты көздейді:
-танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
-тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құруда мына негіздерге сүйендім:
1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.
2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Я.А.Каменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде ойынды айтуға болады. Өзім сабақта жиі қолданатын ойындары назарларыңызға ұсынып отырмын.
Ойын – саяхат. Бұл әртүрлі танымдық материалды қарастырады. Әртүрлі іс-әрекетімен ашық бейнелермен қызықтырады. Ойындар арнайы дайындықты қажет етпейді. Ойын-саяхат табиғат мезгілдері, табиғат құбылыстары «ауыл», «қала», «көлік» сияқты ұғымдар туралы белгілерін бекітіп, ертегілер мен мультфильмдерге қызығушылықтарын дамытады.
Бұл этюдтерде балалар тәтті жемісті, нанды, ғажайып ағашты кезіктіреді. Педагог балалардың қабылдауын қалыптастырып сөздерін іс-қимылмен байланыстыра білуге үйретеді. Балалар шыршаны әшекейлеп, торт пісіреді. Бұл тұрмыстағы этюдтерді әртүрлі сабақтарда пайдаланамыз.
Ойын - әңгіме. Бұнда бала жанды немесе жансыз затқа айналады. Осы образда әртүрлі мәселе жағдайларды шешіп, кеңес беріп, айналадағы орта туралы сұрайды. Ойын арқылы еске сақтау қабілеттері диалогтік сөйлеу және ойлау қабілеттері дамып, мұқият болуға үйретеді. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Мектеп журналы №08. 2009 жыл №3.2012 жыл
2. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.
3. Дамыта оқыту технологиялары.
4. Бастауыш мектеп журналы. №4.2004 жыл
5. Дидактикалық ойындар
6. Артықова Т., Жақанбаева А., Төлеуова М.Алматы: Атамұра, 2006
7. М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 жыл Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 512 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar