Меню
Назад » » »
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
загрузка...

загрузка...
Алтаева Жанар Алмабайқызы
№ 60 мектеп лицей
Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту»,- делінген Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында. Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді көптеген педагогтарымыз (С. Рахметова, Ж. Адамбаева). Бастауыш мектеп-бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.
В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша, бала өз күшіне деген сенімін ешқашанда жоғалтпауы, өзінің қолынан еш нәрсе келмейтінін сезінбейтін болуы тәрбиешінің педагогтық көрегендігі болып табылады. Әр жұмыс оқушы үшін аз да болса алға қарай ілгерілеу болуы қажет. «Баланың білместігін құрметтей біліңдер»,-деген поляк педагогы Януш Корчактың осынау сөздерінің мұғалім үшін маңызы зор.
Оқушыларға қазақ тілі білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. Сондықтан, қазақ тілінің қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу. Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті деген не?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Өзім 22 жылдан бері бастауыш сыныпта сабақ беремін. Қала балалары орыс тілді болып келеді.Сондықтан жазба жұмыстарында қазақ қазақ тіліне тән дыбыстарды қолдану қиындығы (әріптерді тастау, қатар келген дауыссыз дыбыстардың біреуін жазбай кету сияқты қателер( үнемі кездесіп отырады.
Қазақ тілі сабағында мына сөйлемдегі сөздер қай ережемен сәйкеседі? Сөйлемді оқып қатесіз жаз. Сөйлемдегі қатеңді түзет. Жаңа сабақты бекіту кезінде түрлі топтамалар, суреттер, дидактикалық материалдар арқылы өз бетінше жұмыстар істеледі, өтілген материалдарды пысықтау кезінде ойын элементтері қолданылады, диктант жазғаннан кейін, қатемен жұмыстар болады. Бірақ сол қателер кейде қайталана береді.
«Нәтиже неліктен жоқ?», «Әлі де не істеу жетіспейді» деген санаулы сұрақтарыма жаңа технологиялармен терең танысқаннан кейін жауап тапқан сияқтымын. Сөйтіп мен өзімнің осы бағыттағы ескермей жүргендерім деп мыналарды есептеймін:
1. Даму жан-жақты емес, сынар жақ бағытта жүргізіледі.
2. Тапсырма жалпы беріледі.
3. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.
4. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек тек мәлімет алмасу жүргізіледі.
5. Басты мақсат-адам тәрбиелеу емес, жоспарды орындау ғана.
Бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білім қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі балалар, адам танымастай өзгереді. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер екені даусыз, өзіне жоғары талап қойып, сәтсіздік себебін өзінен іздейтіндер артты.

Сөйтіп, өзекті мәселе арқылы атқаруға тиісті жұмыстар нақтыланды.

Диктантты жүргізгеннен кейін, алдарына «Өзіңді өзің тексер» жаднамасын беріп, сол бойынша жұмыс істеу.
«Өзіңді өзің тексер» жаднамасы.
1. Әрбір сөйлемді мұқият оқы.
2. Сөйлем соңынан нүкте қойдың ба, қадағала.
3. Әріп тастаған жоқсың ба, қадағала.
4. Жалпы, жалқы есімдердің жазылуына назар аудар.
5. Дауысты (о-ө, ы-і, ұ-ү, е-і), дауыссыз (н-ң, т-д, п-б, с-з) дыбыстарының емлесінің жазылуына назар аудар.
6. Тасымалға назар аудар.
7. Қатар келген дауыссыз дыбысқаназар аудар.

Оқушылардың диктант жұмыстарын тексеру барысында жазба жұмысынан жіберілген қателерді жинақтадым.

Дауысты дыбыс емлесі Дауыссыз дыбыс емлесі Бас әріптің жазылуы Әріп тастау Тасымал Қос сөздер Қатар келген дауыссыз дыбыс Тапсырма Қаратпа сөз
о - ө ы - і ү - ұ е - і н - ң т - д п - б с - з
2 1 5 3 1

Жіберген қателер бойынша әрбір оқушымен жеке жұмыстандық:
Жұмыстану жоспары Тапсырмаларды жинақтау
Сөздік диктант «Ң» дыбыстарының астын сызу
Көру диктант «Ң» дыбыстары бар сөздерді есте сақтап жазу
Шығармашылық диктант Көп нүктенің орнына «н», «ң» дыбыстарын қойып жазу
Терме диктант Журнал, кітаптардан «ң» дыбыстары бар сөздерді жинақтау
Бақылау диктант «Ң» әрпі бар сөздерді жазғызу

Дауыссыз дыбыс емлесі бойынша «Н-?» жіберген қателері 20/04/, 20/05 күндері жүргізілген жұмыстардың қорытындысы:
Аты Төмен Орташа Жақсы Өте жақсы
Аян -------------- ------------------

Арузат ------------------------------------------------------------ ----------------------
Арсен ------------------------------------------------------------ ----------------------
Ажар
Ренат
Жалғас
Жанель
Жансая
Нұрсая
Әнел
Иманғали
Шахмардан
Кітап оқу арқылы сауаттылығын арттыру тәжірибемнен. Кітап балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. «Жақсы оқи білу» дегеннің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап оқудың қарапайым ісін білу, игеру болып табылады. Мен жекелей оқу баланың рухани қажеттілігінен туындауына тырыстым. Бірінші және екінші сыныптарды әрбір бір-екі аптада оқушы кітапханадан кітап алып оны дауыстап оқыды. Мұнсыз жүгірте оқи білудің және оқығанын түсінудің берік, тұрақты біліктерін тәрбиелеп шығару мүмкін емес.
Екінші сыныптың өзінде-ақ әрбір оқушыда жазу кітапшасы «Сөз қобдишасы» болды. «Сөз қобдишасы» жазу кітапшасы.
Сыныптар Тақырыптары Оқушының әзірлігі
2 сынып Қызықты немесе түсініксіз сөздер
3 сынып Ұнаған сөз тіркестері
4 сынып 1. Сөйлемдер 2. Ережелер
Сыныптан тыс уақытта оқушылардың өз бетінше кітап оқуын ұйымдастырамыз. Себебі неғұрлым бала кітапты көбірек оқыса, солғұрлым сауаттылығы артады. Әр оқушыда оқыған кітабы туралы өзінің пікірін жазатын дәптері болады. Дәптерге оқыған кітабының авторын, кейіпкерлерін жазады. Сонан кейін оқыған кітапры бойынша сурет салады, кейде ермексазбен кейіпкерлер жасаймыз. Оқушыға қандай кітап оқу керектігін дұрыс таңдап ала білу – тәрбиешінің, мұғалімнің ерекше маңызды міндеті. Әрбір оқушы оқыған кітаптары бойынша төмендегі кесте бойынша талдау жасап тұрады.
Не ұнайды? Неге ұнайды? Қандай жауап таптың?

Өзімнің іс-тәжірибемді қорыта келе, осы жұмыстар бойынша алған нәтижелерді, қалай бағалауға болады деген сұрақтарға жауап беріп көрейін:
1. Диктант жұмысын жүргізгеннен кейін «Өз өзіңді тексер» жаднамасын пайдалану барысында, оқушы сауатты, әдемі жазуға тырысады.
2. Жазба жұмысынан кейін, жіберген қателерді жинақтап, әрбір оқушының жіберген қатесі бойынша жұмыс істесек, келесіде қате болмай, «орташа» жазатын оқушылар болмайды.
3. «Сөз қобдишасы» жазу кітапшасын әрбір оқушыға бастатып, оған сөз тіркесі, сөйлемдер, ережелер жазғыза отырып қорытындылаймыз.
4. Өз бетінше кітап оқуын ұйымдастырсақ, оқушылардың оқу жылдамдығы, сауаттылығы арта түседі. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 302 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar