Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ЛОГИКАЛЫҚ  ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ -

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1911 | Размер: | Автор: гость
. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Бастауыш сынып мұғалімі: Алтаева Ж.А.
Астана қаласы №60 мектеп-лицей


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында оқушы жастарға білім беру мен тәрбиелеу үшін, біздің көз қарасымызша, бағдар Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы Заң, сондай-ақ таяу уақыттағы және болашақтағы жастарға білім беру мен тәрбиелеудің проблемалардың шешудің жолдары белгіленген, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жыл даму стратегиясы болып табылады»-деген.
Жастар біздің болашағымыз болғандықтан, мемлекеттің сонымен қатар қазіргі мектептің қойып отырған талабы терең ойлай алатын өздігінен шешім қабылдай білетін,белсенді тапқыр,шығармашыл жеткіншектер тәрбиелу.
Баланың физиологиалық тұргыдан дамуын ескерген жөн. Баланың физиологиялық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өсіп жатады.Ал оның психикасының жекелігінің дамуы ше? Санасының дамуы оқутудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе?
Бұл сұрақ жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды. Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге баланың психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерінін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның, ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта окытудың ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара-қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріні, ақылының қасиеттеріне,мінез-құлық ерекшеліктеріне сүене отырып,оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуге қойған.
XVI-ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақык-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып,лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоции баланың ақыл-ойын,барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту меселеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған. Осылай бола тұрған мен «дамыта оқыту»деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі «дамыта оқыту» ұгымына берілген түсініктер әртүрлі және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылады.
«Дамыта оқыту»деген термин психология ғылымының қойнауында туып,баланың дамуын қарастырған /Ж.Пиаже/, ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін және басқа да психиканың функциясын зерттеген және т. б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып,оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов,ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту.
Бастауыш сынып оқушыларын математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға тәрбиелеу.
Бүгінгі оқушы– ертеңгі азамат – қоғам иесі. Бастауыш сынып оқушыларына ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Балаларға білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу, керек жерде жоқ әдісті табу дегендей сабақты түрлендіріп, қызықты ойындар, өлең есептер, логикалық жаттығу есептерін қолдана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргіземін.
Оқушылардың логикалық ойлау қабылеттерін дамыту дегеніміз – бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамыту.
Логикалық жаттығулардың өзі балалардың өйлау қабылеттерін қалыптастырудың бір тәсілі болып есептеледі. Логикалық жаттығуларды жүргізуге математикалық объектілерді салыстыруды, жай түрлерін қорынтындылап орындауды, туыстық және аралас қатынас түрлері туралы түсінік алады.
Логикалық есептер кеңірек ойлауды қажет етеді,сонымен қатар сабақта қолданған кезде тақырыпқа байланысты алган жөн.
Мысалы: «Теңдеу» тақырыбына байланысты математикалық өлең есеп арқылы теңдеу құруды талап етемін.
Барлығы қанша қарға
Келді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демеу қиын
Болмаңыздар әбігер
Табылар ебі бәрі бір
Айтар есіп шартын кім,
Теңдеу құру тәртібін. (Жауабы:2*х=50)
Математика-кең өрісті ғылым. Математиканы өмірден тиісті түрде байланыстырмай,көрнекілікті пайдаланбай оқыту логикалық ойлаудың дамуына бөгет жасайды, оқушы жастардың математикалық дайындық деңгейін төмендетеді.
Білім беру жүйесінде математиканың атқаратын рөлі айрықша.сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру,пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің аса маңызды міндеті.
Математикадан логикалық ойлау жаттығу жұмыстары бүкіл оқу барысының құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Оқушылардың жалпы білімін,байқағыштық,құрастыру қабылеттерін дамытады. Логикалық тапсырма мазмұны жөнінен сабақ тақырыбына жүргізіп жатқан тапсырмамен тығыс байланысын табуы тиіс.
Ең басты бастауыш сыныптарда оқушыларға таныстырылатын ұғымдардың барлығы да көзбен көріп қабылдау үшін көрнекілікнегізінде енгізіледі.


Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері.
1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Бастауыш сыныптарда математика сабағында оқушылардың ойлау қабылеттерін дамыту, балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Математика сабақтарында. өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Келесі бір жұмыс формасы- «сандар мен ойындар».
1.Санмен ойындар түрліше болуы мүмкін. Мысалы: Сыныпқа толық немесе топқа, тіпті жеке оқушыға сандар үлестіріп беруге болады. Оқушы немесе топ ішінен әзірлеген оқушы өзіндегі санды басқаларға жұмбақтап жеткізеді. Бұл ойынға «Мендегі санды тап» деуге болады.
2.Әр түрлі заттармен ойын жүргізу. Мысалы: доппен ойнау немесе ойыншықтарды сатып алу, тиындарды ұсақтау т.б.
3.Фокустар шешу, топологиялық ойындар, басқатырғылар балаларды қызықты әрекеттерге әкеледі. Іскерлік ойындардың жиі қолданылғандары: сиқырлы квадраттар, математикалық сөзжұмбақ, қызықты есептер. Оқушылар сабақта тапсырмаларды тез, дәл орындап, қызықты есептерді шешуге құлшынып отырады. Дұрыс, бұрысын өздері ажыратып, үй тапсырмасын бағалауға үйренеді.
«Түлкі келді қонаққа». Сыныпқа мысалдар мен есептерді ертегілердің әр түрлі кейіпкерлерді алып келеді. Мұндай тапсырмаларды орындау оқушы үшін қызық та тартымды.
Топтық, ұжымдық жұмыс қорытындысын шығаруға, көрші сынып оқушыларымен жақын қарым-қатынас орнатуға, тез жауап қайтаруға үйретеді.
• Демонстрациялық құралдар арқылы мұғалім түс індірмесіне сай қимылдау үшін қорапшаға салынған түрлі заттар жиынтығы пайдаланылады.
«Математикалық домино» ойындары жиі қолданылады..
Адамдарды үйге орналастыру ойынында шатырдағы сан көбейтінді не қосынды ретінде беріледі. «Шыршаға ойыншықтар ілеміз» ойынында да шырша жұлдызшасындағы сан көбейтінді не қосынды түрінде беріледі.
Ойын арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға , ұстамдылыққа, тапқырлыққа тәрбиеленеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.