Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту. -

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3497 | Размер: | Автор: гость
. Өтініш

Тегі, аты-жөні: Азимова Дильфуза Нуритдиновна
Қызметі: Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ғылыми дәрежесі, атағы: Жоғары санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі
Жұмыс орны: ОҚО, Түркістан қаласы, № 20 жалпы орта мектеп
Телефоны: +7776-600-23-24/ +7775-600-23-24
E-mail: [email protected]
Баяндама тақырыбы: Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.
Қатысу түрі:

ОҚО, Түркістан қаласы,
№ 20 жалпы орта мектеп,
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Азимова Дильфуза Нуритдиновна
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.
Жан- жақты дамыған өзін- өзі басқара алатын тұлғаны қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі және осы күрделі міндет ұстаздар үлесіне түсіп тұр.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын және ойлау қабілетін қалыптастыруда ойынның маңыздылығы туралы айтпас бұрын, баланың дамуы кезеңіндегі заңдылықтарды бір қарап шығуды дұрыс деп есептедім.
Адам рухының органикалық бірлігін есепке ала отырып, бала даму кезеңдерінің сатылы деңгейіндегі ерекшеліктерін атап айтқанда: ой сананың , зейіннің, сөздік қорының, сөйлеу тілін дамытудың, байқампаздығының, ынта- назарының, белсенді есте сақтау, логикалық ойлау қабілетінің және мінез құлқының қалыптасуына әсер ететін кезендерді нәсілге қарағанда бала дамуына қоршаған ортаның, тәлім тәрбиенің, әлеуметтік мәдениеттің, қоғамдық қарым қатынастың, түрлі әдіс тәсілдердің әсері күштірек екені анықталған.
Бала психикасының түрлі кезеңдерде түрліше жылдамдықпен дамуының қалыптасуының ерекшелігін зерттеген ресей психологі Л.С. Выготский өз еңбектерінде бала дамуындағы ең басты рольді ойлау қабілетінің алатынын және оның түрлі даму кезеңдерінде басқа психикалық функциялармен бірлікте түрліше дамитынын анықтаған. Дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытудың негізін қалаған Л.С. Выготский сыни тұрғыдан ойлау үдерісі заттардың ұқсастығын, олардың айырмашылығын, заттың тереңде жатқан ішкі құрылысын анықтауда баланың ілгері жинақтаған білімдерінен пайдалана отырып, өзінше зерттейтінін жаңа идеялармен толықтыра сұрыптап қабылдайтынын анықтаған. Әсіресе баланың шашыраңқы ойлау қабілеті мен байланыстырып, оның күрделі ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді деп есептеген. Сол мәселелер мен тереңірек айналысқан психолог ғалымдар Л.В.Эльконин, В.В. Давидов, Л.В.Занковтар өз еңбектерінде білім берудегі проблемаларды шешуде ойлауға үйрету әдісі жетекші роль ойнайтынын, ойын әдісінен тиімді пайдалануда деп түйген. Л.С. Выготский психикалық функциялардың бала дамуы кезеңінде түрліше жедел дамитын кезеңдері болатынын оның баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін анықтаған. Мысалы: сәби кезінде жылдам дамитын қабылдау функциясы болса, 1,5 жастан 5 жасқа дейін сөйлеу қабілетінің үстемдік ала дамитынын, мектепке берар кезеңде ойлау қабілетінің белсенді дамуы ерекшеленетінін айтқан . Осы кезеңде баланың жинақтаған білімдерін елеп- екшеп қабылдауы, жинақтауы, белсенді есте сақтауы, сөйлеу тілінің, зейінінің дамуына ойлау қабілетінінің үстемділігі үлкен әсер етеді екен. Сөйлеу тілінің дамуы, есте сақтаудың дамуы, тікелей ойлау қабілеті мен байланысты, өйткені әр бір сөз заттармен, іс-әрекеттермен салыстырылады , ойлаумен қортындыланады, және іс-әрекетпен белгіленеді. Осы кезеңде ойынның маңызы өте жоғары сатыға көтеріледі, бала ойыншығын шашып, ішін ашып, оның қалай құрылғанын анықтауға тырысады, өзінше зерттейді, қайта құрастыруға талпынады. Ойында рольдерге кіріп ойын ойнауға кіріседі. Өз кезегінде ойлау қабілетінің дамуы сөз қорының көбеюіне, сөйлеу тілінің, зейіннің дамуына септігін тигізеді.
Дәл мектепке барар кезеңде балада көптеген сұрақтар туындайды, бұл өз кезегінде оның қызығушылығының артуын, ізденімпаздық себеп айырамшылықтарды салыстыру дағдыларының пайда болуын көрсетеді. Осының өзі ой жинақтаудың басталуы, кейінгі кезеңдерде үлкен роль атқаратын саналы ойлау қабілетінің қалыптасуы болып табылады.
Бала өмірінде ойынның орны ерекше. Ойын барысында адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, дамиды. Қоғамдағы ойын іс-әрекеттің маңыздылығы бала даму кезеңінде шеберлікті, қоршаған ортаға бейімделуді, әлеуметтік өмірге дайындалуды, қиялын, логикалық ойлау қабілетінің ұшқырлығын реттейді. Ұлы орыс педагогі А. С. Макаренко:"Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адамдар үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса , бала үшін ойынның маңызы сондай. Бала ойынды қалай ойнаса, өскенде жұмысты , қызметті солай атқарады" деген.
Осы кезеңде балада өзін өзі бағалау, сыни тұрғыдан бағалау элементтері көріне бастайды, өзіне айтылған мақтау сөздерге сынмен қарайды, лайық болу үшін өз мінез құлқын өзгертуге тырысады. Берілген ескертулерге бағынады. Мектепте оқыған кезеңде баланың жоғарғы психикалық фунциялары жылдам жетіле бастайды, Логикалық есте сақтау, әдейілеп зейін қойып назар аудару, пікірін жинақтап тапсырмаларды орындау, жұмысын аяқтауға дағдылану сияқты ойлар оның күрделі ойлау қабілетінің бастапқы фазасы болып табылады.
Ұстаздың негізгі міндеті бастауыш сынып оқушысының ағылшын тілі сабағында ағылшынша сөйлеу тілін дамыту, сөз қорын арттыру, ойлау, белсенді есте сақтау қабілетін дамыту болғандықтан, ағылшын тілін оқытуда балалардың үйреншікті ойын әдістерінен пайдаланған мақсатқа жетудің тиімділігін арттырады.
1. Ағылшын алфавитін меңгерту.
2. Орфография сауаттылығын ашып оқыту.
3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
4. Заттарды жинақтау, сандарды, түстерді ажырату, оларды ағылшынша сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге үйрету.
5. Оқушыны ойын арқылы қатесіз жазуға, дұрыс айтуға дағдыландыру.
6. Сөздік қорын ойын және таныстырылымдар арқылы дамыту.
7. Грамматиканың жеңіл түрлерімен таныстыру.
Ағылшын тілі сабағына ойын түрлерін дұрыс таңдау, ғарыштық жылдамдықпен дамып кележатқан техниканы меңгеру, қоғамда өмір сүруге икемді білімді жеке тұлғаны қалыптастыру, оның кәсіби бағдарын анықтауына игі ықпал етіп, заман талабына сай саналы іс- әрекеттер жасауға дағдыландыру болып табылады.
- Алфавитті меңгертуде әріптерді ағылшынша әнмен айтылған бейнетаспадан пайдаланамын. Әр сабақта сергіту минуттарында әріптермен қосыла би билеп, сөздерді қайталап, ағылшынша сөздерді оқушылар тез жаттап алады. Сөздерге қарай әріптерді де есінде тұрақты сақтап қалады. Ойыншықтар сабағында мысалы:
- A bear with a doll
A doll with a bear
They are dancing together
La-la-la
A bear with a doll
A doll with a bear
They are clapping together
La-la-la өленнің сөздерін ағылшынша айтып, билеп, ұлдар аюды қолдарына алып аю болып, қыздар қуыршақты қоладарына алып қуыршақ болып билейді. Ойында оқушыларды топтарға бөліп, ағылшынша тапсырмалар беріп отырамын.
- Жеміс-жидектерді/ Fruits and vegatables өткенде "сиқырлы қапшық" "magic box" ойынын ойнап, қапшықтан затты көрмей тұрып таңдап алады, ұстап көріп, не екенін табу керек.
Мысалы: Қапшықтан жемісті алмай тұрып оны сипаттайды .( describing) Лимон, жұмсақ, сопақша. Алып иіскеп көріп, иісін айтып, түсі сары, дәмі қышқыл, цитрус жемісіне жататынын айтады. (A lemon is soft, oval, sour , citrus)
Екінші топтар қаптан алманы алады. Алма қатты , домалақ, дәмі тәтті, жасыл, қызыл сары түсті екенін айтады. (An apple is round, sweet, green, red, )
- Мамандықтар / Proffessions тақырыбын откен кезде "What do you want to be?" ойынында оқушы өзі қалаған мамандықтың арнайы киімін киіп, ағылшынша "I want to be a pilot" , аспаздың алжапқышын, қалпағын киіп, " I want to be a cook", ақ қалпақ киіп , фонендоскоп ұстап , "I want to be a doctor", кеншінің темір қалпағын киіп, "I want to be a miner", қолына жеміс-көкөніс тола поднос ұстап, "I want to be a gardener" деп айтады. Содан соң рольдерге кіріп, сахналық көрініс көрсетеді. Бұл ойын түрі баланың белсенді есте сақтау қабілетін қалыптастыруға, келешекте мамандық таңдауына септігін тигізеді.
Логикалық ойлау қабілетін дамытуда қолданатын ойын түрлері.
- Зат неден тұрады? / What was it made?
Стакан- шыныдан- A glass from glass.
Шкаф- ағаштан. A shelf from wood.
Үй- кірпіштен. A house from bricks.
Етік - теріден. A shoe from leather.
- Hеден істелінген? / What was it made of?
қуыршақ- пластмассадан. A doll was made of plastic materials
Кубик- картоннан. A cube was made of cardboard
Дәптер- қағаздан істелінген. A copy-book was made of paper.
Заттың атын ата./ Say the name.
Шыныдан не жасалынған? - ваза, стакан, аквариум, айна, лaмпа.
What do we do from glass?- a vase, a glass, an aquarium, a mirror, a lamp
Былғары теріден не жасалған?- етік, куртка, туфли, колғап, кресло.
What kind of things are made of leather?- boots, anorak, shoes, glovers, armchair.
Ағаштан не жасалған?- жиһаздар, стол, орындық, шкаф, текше.
What kind of things are made of wood? -furniture, a table, a chair, a shelf, a cupboard.
Кімге не керек?/ Who needs what?
Зағып адамға- көзілдірік. A blind man needs glasses
Мейірбекеге- шприц. A nurse needs injection.
Сүретшіге- қалам мен бояу, холст. An artist needs brush and paper
Кім не жұмыс істейді?/What does he do?
Сүретші- сүрет салады. A painter paints pictures.
жазушы- кітап жазады. A write writes books.
құрушы-үй салады. A builder builds houses.
тігінші- көйлек тігеді. A sewer sews dresses.
Кім қай жерде жұмыс істейді?/ Where does he work?
сатушы-дүкенде. a seller works at the shop.
Мұғалім- мектепте. A teacher works at school.
Инженер-заводда. An engineer works in a factory.
Дәрігер-ауруханада. A doctor works in the a hospital.
Заттарды жинақта./ Collect things.
Алма, өрік, алмұрт- жеміс. An apple, an apricot, a plum- fruits
Пияз, картоп, қияр- көкөніс. An onion, a potato, a cucumber- vegetables
Автобус, метро, поезд- көлік. A bus, an underground, a train- transport
Тостақ, кострюль, пышақ, қасық - ыдыс. A bowl, a saucepan, a knife, a spoon- dishes
Кім көп нәрсе байқады? /Who can remember a lot?
Түрлі түсті материалдан заттарды үстелге қоямыз. Оқушылар 1 минуттың ішінде жақсылап көріп болғаннан кейін. Заттарды газетпен жауып тастап, кім не көргенін сұраймыз.
Кім қызыл зат көрді? Who saw red things?
Мен қызыл доп көрдім. I saw a red ball .
Мен қызыл киімді қуыршақ көрдім. I saw a doll with red cloth.
Кім ағаштан жасалған затты айта алады? Who can say the things which were made of woods?
Мен ағаштан жасалған кубик көрдім. I saw a cube which was made of woods.
Кім үшбұрыштар жасалған затты айта алады? Who was a triangle thing?
Мен үшбұрышты пирамида көрдім. I saw a triangle pyramid.
Кімге не керек?/ What do they need?
Тамақ алдында балаға- қасық. A baby needs spoon at the table
Аспазға-қазан мен шөміш керек. A cook needs saucepan and ladle
Тұрасын тап. / Find the similar words.
Күннің уақыттыры ата. Берілген сөздер:
жыл, күн, апта, таң (таң мен күн)
year, day, week, morning (day and morning)
aй, кеш, таулік, түн, ақшам (түн, кеш)
month, evening, day, night, evening (night and evening)
Бір сағатта не істеуге болады? What can we do in an hour?
Қол орамал жуыға, үй құруға, үй еденін жууға. (еден жуыға болады)
Wash a handkerchief, build a house, wash the floor. (wash the floor)
Жыл мезгілдерін тап. Берілген сөздер: What season is it now? Қыркүйек, сенбі, күз, тал түс (күз) September, Sunday, autumn, afternoon (autumn)
Артығын тап./ Odd one out.
Қызғалдақ, раушангүл, бақбақ, ноқат. (ноқат)
a tulip, a rose, a dandelion, beans (beans)
Өзен, теңіз, көл, көпір, бұлақ (көпір)
river, lake, sea, bridge, pond (bridge)
қуыршақ, секіргіш, құм, доп, зырылдауық. (құм)
a doll, a skipping rope, sand, a ball, whirligig (sand)
стол, шкаф, кілем, теледидар, орындық. (теледидар)
a table, a shelf, a carpet, a TV-set, a chair. (a TV-set)
Сөз немен байланысты?/ Find the related words.
Қыс - суық, қырау, қар, мұз, тон, шанғы, аққала.
Winter- cold, freeze, snow, ski, ice, coat, skate, snowman
Шие- ағаш, бау, тосап, жеміс, шырын.
Cherry- tree, garden, jam, fruits, juice.
Ағаш- орман, бұтақ, қабық, жапырақ.
Tree- forest, branches, peels, leaves.
құс- жұмыртқа, әуен, қанат, қауырсын, бұлбұл, ұшу.
Birds - egg, song, wings, hackle nightingale, fly.
Көз- көру, жылау, көз қысу, кірпік.
Eyes- see, cry, blink, lashes.
Қайық- дария, өзең, жаз, мотор.
A boat- river, sea, summer, motor.
Қаңтар- қыс, суық, жылдың бірінші айы, жыл басы, қыстың ортасы.
January- winter, cold, the first month of the year, the beginning month of the year, the middle of winter
Қарсы сөзді тап (писталетпен ату)/ Find the opposite
ұзын-қысқа long- short
жуан-жіңішке thin- thick
Ащы- түщщі salt- sweet
Биік-аласа high- short
Кең-тар wide- narrow
Іс-әрекеттегі қарсы сөзді тап.
Құру- бұзу build- break
жағу-өшіру turn on- turn off
кию-шешу wear- take off
көтеру- төмен түсіру up- down
үндемеу- сөйлеу be silent- talkative
Ойымды аяқта. / Continue my thought.
Алмұрт тәтті, ал лимон? (қышқыл) A plum is sweet, but lemon? (sour)
Қар аппақ, көмір? (қап қара) Snow is white, but coal? (black)
Қыста суық, ал жазда? (ыстық) It is cold in winter, but in summer? (hot)
Айтқан жерден ізде. (Постерге жапыстыру)/Where are the things? (stick the pictures on the poster)
Аяқ киім диванның астында. Shoes are under the sofa.
Көпшік диванның үстінде . A pillow is on the bed.
Орындық диванның қасында. A chair is near the sofa.
Кілем диванның арқасында. А Carpet is behind the sofa.
Теледидар диванның қарсысында . A TV-set is opposite the sofa.
Қазақстан Республикасының тіл саясатында мемлекет тілін толық еркін меңгерту, шет тілін меңгертуден мақсат оқушылардың білім сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру және шет ел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу болып табылады. Сондықтан, ағылшын тілін ерте жастан оқытуда бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес ойындар таңдап алуды ұйғардым. Бастауыш сыныптарда білім беруді ойын тәсілімен ұштастыру мақсатында ойын- сабақ, ойын- жаттығу, ойын-сергіту, дидактик ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, ойындарды карточкалар тарату арқылы оқыту үрдісіне ендіріп жіберуді дұрыс көрдім. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту міндеттері дидактик ойындар , диалогтік оқыту әдісін , топтық жұмыстарда сөздік қорын. коммуникативтік қарым- қатынасын, лексикалық біліктерін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және жеңіл грамматикалық тапсырмаларды орындауда көп қолданылды. Жаңа технологиялар ұрдісін ойындармен ұштастырып, ауызша ағылшынша сөйлеу дағдасын қалыптастыруға әрекет істедім және жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Ойын көңіл күйді көтеретін тәсіл болғандықтан оның оқытумен тұтасып кетуі, мәтіндерді ойын тәрізді өткеруге мүмкіншілік берді. Оқушылардың осы кезеңде өте қозғалмалылығын есепке ала отырып, ойындарды өлеңдер, билер, ырғақ , рольдік сахналық ойындармен дайындадым. Ережесін, жүргізілу тәртібін, әдімілеп түсіндіріп, пысықтап алып отырдым. Ойын үстінде сыныптағы оқушылардың түгел белсенді қатысуын қадағалай отырып, олардың өздігінше шешім қабылдауына, ойланып дұрыс айтуларына мүмкіншілік бердім. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мән- мазмұнына сәйкес алынуын қадағаладым, оның танымдық, тәрбиелік маңызын ашып беруді үнемі бақылап отырдым. Сабақтың тартымды, қызықты өтуіне әр сабақта жаңалықтар ендіру мен шығармашылық жанасу мен іс шеберлігімді нығайтумен жеттім. Ойынның түріде көп. Оның балалар сүйіп ойнайтындарын деталдармен жаңартып, "Кім алда?", "Көп білгіш", "Жалғасын тап", "Қай сөз артық?", "Доппен сұрақ лақтырып, жауап алу", "Түстерін ата", "Заттың орнын тап", "Сөз, сөйлемнен үй құру" деп өзгертіп отырдым. Оқушылардың ілгері алған білімінен сабақ үстінде тиімді пайдалану үшін сұрақтар беріп, бұрынғы білімдеріне жаңа идеялар қосуын ұсынып, өздігінше шешім қабылдауына басқалардың пікірімен санасуларына қолқабыс еттім. Кей бір белсенді ойнайтын оқушылардың қасына баяу қимылдайтын сыныптастарын қосып қойдым. Топ болып ойнаған кезде бірін бірі қолдауына , барлығы үшін кейде бір бала жауап беретінін түсіндірдім.
Ойлау мен ой оңалар... дегендей, жауаптарын ойында ойлап айтуларын, келесі жауапты басқа сөздермен ауыстырып айтуларын ұсындам (синоним сөздермен) . Ойлау арқылы кейде балалар ойынға жаңа элементтер кіріктіріп айтатын болды.
Ойын мен ой оралар ... демекші әр бір ойында оқушылардың шығармашылық қабілеттері арта түсті, саналы ойлау қабілеттері қалыптаса бастады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуіне ойындар таңдап алынды. Ойын үстінде қиялдарын қосып сөйлемдер құрастыруға үйренді. Нәтижеде тыңдау, сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттері арта түсті.

ІV. Әдебиеттер тізімі.
1. Т.А. Власова, М.С. Певзнер 1973 "О детях с отклонениями в развитии"
Москва "Просвешение" (6-16 стр)
2. М. И. Лозбякова ,2003 "Учимся правильно и четко говорить"
Москва "Вентана-Граф" (270-280стр)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.