Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СЫНЫПТАН  ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РОЛІ. -

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РОЛІ.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2354 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы, №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Мырзагельдиева Айгуль

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РОЛІ.


Бастауыш сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.
Себебі ол баланың ізденуіне, тіл байлығының, сөздік қорының дамуына, өз қатарластарымен еркін араласуына, ойын ашық жеткізе білуіне көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыс дегеніміз сабақтан тыс уақытта,арнайы пәндік мазмұны болмайтын , дәстүрден тыс жұмыс түрі. Ол мектеп ішінде немесе
мектептен тыс жерде жиналыс, сынып сағаты, салтанатты кеш,саяхат,серуен, шығармашылық кеш т.б. түрде өткізіледі.Ол жұмысты бастауыш сыныпта сынып жетекшісі басқарып отырады.Осы жұмыстардың қалай ұйымдас- тырылғанынан мұғалімнің шеберлігін байқауға болады.
Сыныптан тыс жұмыстың басты мақсаты ұжымдық қарым қатынасты
нығайту. Балалардың бір бірімен тіл табыса алуы, өзін өзі басқаруы да басты мақсаты мен міндеті болады. Ол тәрби берудің бір құралы десек те болады.
Ұлтық құндылықтарды сақтау, мәдени мұраларды құрметтеу,үлкен мен кішіні сыйлау,кітап сүйгіштікке баулу т.б. осының барлығы сыныптан тыс
жұмыстарды жүргізу кезінде жүзеге асады.
Сыныптан тыс жұмыстады өткізу жауапкершілігі мол кезең. Ол өткізетін іс шараның түріне байланысты көп дайындықты ,әсіресе төменгі сыныптырда қажет етеді.Бастауышта көбіне кішігірім көріністер барлық сынып сағаттарында,ашық сабақтарда қолданылып жатады. Сол кездегі әр баланың өз рольін ойнауы, кейіпкерінің рольіне кіруі, сөзін жаттанды түрде емес өз сөзімен жеткізе алуы бала бойындағы дарындылықты, мұғалімнің еңбегін көрсетеді.Осы жұмыстар жүзеге асып жатқанда әр балаға кейіпкеріне байланысты киім табу,сахналық декорациялар дайындау,дайындық кезінде
бір –біріне көмектесу ,осының бәрі баланың қызығушылығын арттырады.
Сыныптан тыс жұмыстарды төменгі сыныптарда сынып жетекшісі жетекшілік етсе,төртінші сыныптан бастап оқушылардың өздері жүргізе алады,тек оларға тақырыбы мен бағытын көрсетіп берсе болды.Осы тапсырма берілгеннен бастап балалар өздері сценари құрып, берілген тапсырманы қай түрде өтетіндерін өздері шешеді,қай бала қай рольде
ойнайтынын да өздері бөледі.Сахнаға декарация ойлап табу,кейіпкерлердің
рольіне сай киім киюі де балалардың өздерінің шешімі болады.
Осы жұмыс берілгеннен бастап балаларды бақылып отырсаңыз
көптеген қызықтарды көресіз,сыныптағы сіз ең тұйық деп ойлаған оқушыңыз
нағыз актёр,сөзге жүйрік шешен болып шығады да, ал көп сөйлейтін бұзығыңыз нағыз ұялшақтың өзі болады. Үлгерімі төмен оқушыңыз
нағыз режиссёр, ал озат оқушыңыз сахнаға шығудан қорқатын болуыда
мүмкін болып шығады.
Сыныптан тыс жұмыстардың ата анамен,мұғалімге пайдасы баланың мектептен тыс бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі,баланың қараусыз қалмауы,жеке қабілетін дамыту болып табылады.
Қазіргі заман талабы бойынша сабақтан соң бала өз уақытын компьютер мен ойын автоматтарының алдында емес, осындай мектеп ішілік сыныптан тыс іс шаралармен айналысса, бала миы тынық, ойы ширақ,кез келген сұраққа өз ойын нақты жауаппен қайыра алатын шешен болар еді.
Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»
деген сөзімен ойымды қорытып, білім мен тәрбиені бір арнамен алып келе жатқан мұғалімдер мен баласының бос уақытын тиімді,пайдалы өткізуін
қолдайтын ата аналар сыныптан тыс жұмыстардың бала тәрбиесіндегі
маңызы зор екенін ұмытпаңыздар демекпін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.