Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш  сыныптарда заманауи  білім беруді енгізу. -

Бастауыш сыныптарда заманауи білім беруді енгізу.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1230 | Размер: | Автор: гость
. Бастауыш сыныптарда заманауи білім беруді енгізу.

Еліміздің білім беру жүйесін жаңартуға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев «Әлеуметтік-экономиялық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше көңіл бөлді. Білім беру жүйесін жаңарту шараларының бірегейі: оқу үрдісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе –білім беру,ғылымды дамыту.Өркениет өзегі- білім,ғылым .Осы орайда білім ордасының жаны ұстаз екендігі баршамызға белгілі.
Бастуыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,қиын да, қадірлі жұмыс.Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай,оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу,оқу,қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу,жағдайларды объективті түрде бақылап,талдау жасауға үйрету,дұрыс айтуға,дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді..
Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді кіршіксіз,пәк.Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті- баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету,оның қабілеттерін анықтау және дамыту,білімдерін ашу,дұрыс түсінік қалыптастыру.
Мұғалімнің басты міндеті- баланың танымдық көзқарасын байыту,ақыл – ой қабілеттерін жетілдіру,өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру- мұғалімнің шеберлігіне,шығармашылық қызметіне байланысты.Осы орайда білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы -оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану.Жаңа қалыптастыра отырып,мүмкіндік деңгейге жеткізу.
Сабақта жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасау.Ол үшін оқушыларды топқа бөліп,топ ережесімен жасап,түсіндіру.Өз сабақтарымда ойын технологиясын жиі қолданамын.Тиімді қолданылған ойын түрлері түсіндіріп отырған материалды оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап,жемісті,сапалы меңгеруіне сенімді қөмекші бола алады.Ойын барысында оқушылардың белсенділігі,шығармашылығы ,ынтасы дамиды.Ойын элементтерін тиімді пайдалану 1-4 сыныптарда өте қажет,себебі,тез жазу,оқу,мамұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады,ал ойын технологиясы пәнді сүюге,қызығуға ықпал жасайды.
Сонымен қатар,мен өз тәжірибемде басқа да көптеген технологияларды қолданып жүрмін.Ол іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы –топтық жұмыс,пікірталас тудыру тренигі,нәтижені қорғау,рөлдерге бөлу,талдау жасау, бағалау,ұсыныстар беру.Проблемалық оқыту технологиясы- проблемалық ситуация туғызу.Дамыта оқыту технологиясы.Бұл технология әдістерді пайдалану оқушылардың ойлана білу қабілеттерін дамытады.Сын тұрғысын ойлау технологиясы,Ақпараттық техноло гия- интерактивті тақталар,компьютер, ноутбук,флипчарт және т,б,қолдану арқылы сабақ өткізу,
Қорыта келгенде:
1.Кәсіби деңгейі жоғары,инновациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдерді терең ме ңгерген, жан-жақты біліммен қаруланған мұғалім сапалы білімге жаңа қадам жасайды.
2.Интеллуктуалды әрі шығармашылық әлеуеті бай, инновациялық технологияларды толық меңгерген,өз жұмысына үнемі пайдалана алатын мұғалім- бүгінгі күннің сұранысына ие. Осындай ұстаздардан тәлім алған оқушыларымыз ертеңгі күні бәсекеге қабілетті,әлемді аузына қарататын, еліміздің болашақ азаматтары болып жетілетіне сеніміміз мол.
Заманауи технологияны талапқа сай қолданып,оқушыларымыздың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу –біздің міндетіміз деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. – 2013ж.,
30 қыркүйек, орал қаласы.
2. «БҚМУ жаршысы», ғылыми журнал. – 2012\1 ж. Орал қаласы.

Қостанай қаласы, Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Оразмагамбетова Анара Жумашевна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.