Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ  ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ -

БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1468 | Размер: | Автор: гость
. СамбетоваГулданаАхметовна
"Қазығұрт" ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШТА ОҚЫТУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ

Бүгінгі таңда оқыту бағдарламасы заман талабына сай өз бағытын жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдауды талап етеді. Бүгінгі заманда өркениетті елдердің көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Біліктілікті арттыру курсында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін меңгере отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін деңгейлеп оқыту бағдарламасын оқып үйреніп, практика кезінде бұл оқудың артықшылықтарына көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда білімді өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде бұл оқу бағдарламасының алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы–әлемнің түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымның бір ерекшелігі–баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу.
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды интербелсенді оқыту сабақтары деп білеміз.
Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл – ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Интербелсенді оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс – әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Мысалы, сауат ашу кезіндегі сабақтар оқушының дыбыс пен әріпті меңгерумен қатар сөздік қорын арттырады. Тілін дамыту да сабақ барысында жүгізіледі. Сабақта диалогты сөйлеуге үйрету, түрлі тапсырмалар беру, оқушының ой – өрісін арттырады. Әрбір сұрақ оқушының ойын дамытуға лайықтанып берілуі тиіс. Мысалы: «Мына заттың аты не?», «Бұл заттың атынан қандай жаңа дыбыс естіп тұрсың?», «Қалай ойлайсың?», «Бұл қандай дыбыс?». Оқушылар жауап бергенде бірін – бірі толықтырып, ойланып, түзетіп отыру арқылы есте сақтау, іздену және зерттеу қабілеттерін дамытады. Жазуды ауада жазып, кеспе әріптермен жазып үйренеді. Ол оқумен қатар меңгеріледі, текшелер арқылы қателеспей дыбыстық талдау жасауға үйренеді, буындап оқи отырып, буындарды жазуға, тұтас сөзді оқи отырып, тұтас сөзді жазуға үйренеді. Психолог Л.С.Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой – өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Интербелсенді оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой – пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады» – деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім – тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығармашылық ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін қажымай – талмай еңбектену қажет. Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсауы керек.
Біз оқушылардың білім – білік дағдыларын дамыту үшін, оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру үшін не істеуіміз керек? Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан. Сабақ дегеніміз – оқытуды ұйымдастырудың басты формасы. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді.Оқушыларды қажеттілікте оқу күшін жұмыолдырып, танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық – танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістерінің мазмұны специфика-лық интеллектуальды құрал болып табылады. Сондықтан да, бастауыш класта оқушылардың оқу – әрекетін жедел басқаруды ұйымдастыру құралы ретінде, сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігі бар екендігін айтқым келеді.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау керек. Оқушылар оқу әрекеті барысында жаңа техникаға жақын болып, оны пайдалана білулері керек. Бастауыш класс оқушысының құлшынысы мен белсенділігі өте жоғары болғандықтан, пәндер арқылы баланың жан – жақты дамуын қамтамасыз етемін. Тақырып мазмұнына байланысты сабақ үрдісін басқару мен түрлендіріп өткізуге назар аударамын. Неге? Неліктен? деген проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушыларды ізденіске бағыттап, дәлелдетіп, өз ойын жинақтауға бағыттаймын. Оқушыны қорытынды жасауға өзгеше бір тың пікір айтуға жетелеу, ой қайшылығын тудырып, дұрыс ой қорытуға дағдыландыруға көп көңіл бөлемін. Математика сабақтарының бүкіл құрылымы проблемдік сипатта болғандықтан, оқушылардың есеп шығаруы кезінде, кесте, өрнек бойынша есеп құрастыруда, кері есеп құрастыру арқылы оқушылардың ой – өрісін дамытып,өздігінен жұмыс істеуге машықтандырамын. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушының сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл – ой белсенділігін, шығармашылық іс – әрекетін дамыту мәселесі тұр.Оқушылардың шығармашылық іс – әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатын мүмкіндіктер өте көп екендігіне тәжірибемде көз жеткіздім. Оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруы мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс – әрекетке талпынысын туғызатынын байқадым. Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі жағдайда дамитындығына көзім жетті:
1. Кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды. Білім, білік, дағдыны қабылдайды.
2. Кез келген оқушы шығармашылық әркеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы:ол баланың өзін – өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс – тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпынады.

Мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі. В.А. Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет – бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» – дегендей оқушыларды Ұлы адамдар үлгісінде тәрбиелеп, белсенділігін арттырып, танымдық қабілетін дамытудағы бұл класс сағатының алатын орны ерекше дегім келеді.
Қорыта келе, мынаны атап өткім келеді: мектептегі білм беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу – тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа көзқарас мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, көкейтесті тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс – тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек. Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру педагог – ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім келеді. Бастауыш класс оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым – қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне, оқу – тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып, оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ.

Пайдаланғанәдебиеттер:

1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері. Алматы – 2013ж.

2. Жалпыбілімберетімектептіңоқубағдарламалары. Бастауышсаты (1- 4 сыныптар) Алматы, 1995
3. ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңхалқынажолдауы. 2014ж
4. Кембридж университетібағдарламасыныңнегізіндетренерлердіңтәжірибеалмасу мастер – кластары Алматы – 2014жыл
5. Нағашыбаева А. Компьтерменоқыту-уақытталабы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.