Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауышым - балбұлағым -

Бастауышым - балбұлағым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1233 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: «Бастауышым - балбұлағым».
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде
өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын
арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни , білім
ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу,
тәрбиелеу. Ақыл ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен ,
білімнің алғаш ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы
сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып ,
сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілігі: жазылған сөздер.
1.«Бастауышым- балбұлағым».
2. «Білім кілті- бастауышта».
3.«Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді».
4. «Оқусыз- білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ».
5.«Оқу- білім бұлағы
Білім өмір шырағы».
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Сіздер «Бастауышым - балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп – кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарыңа нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Төртінші сыныпты ортамызға.
1- бастаушы.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-бастаушы.
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз , өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне,бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер.
Бастаушылар қосыла: Қош келіпсіз құрметті қонақтар!
Хормен: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
1- бастаушы:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық. ( шашу шашылады).
1-оқушы:
Есімде ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен , кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы:
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.

3-оқушы.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кеппес мәңгілік,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
4-оқушы.
Жүзің жылы құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
5-оқушы:
Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім,
Биікке самғап ұшармын.
2- бастаушы: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.»Жақсы мұғалім- мектептің жүрегі» деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
1- оқушы: Оқыңдар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете ұстазға!
Ән: «Ұстазым».
Ұстаздарға тілек айту: (сабақ берген ұстаздарға арналады.)
Би : «Қара көйлек киген аппақ қыз».
7-оқушы.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз , қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едің, - біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол.
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еді бізге айтып өлең , тақпақ
Танысып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жыртпай өмір бойы жүрем сақтап.
- Балалар, 1- сыныпта жазған дәптерлеріңді сақтап қойған болатынмын, соны өздеріңе ұсынуға рұқсат етіңіздер. 1 – сыныпта жазуларың қандай болғанын көріп, тамашалаңдар.

8-оқушы:
Дайындық топта оқытқан.
Есімі бізге қымбатты.
Ұмытпаймыз Зарина әпкейді,
Тал бойы әсем , сымбатты.
Би: «Сыған серенадасы».
Ән: «Ақ жаңбыр».

9-оқушы:
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен «Әліппені » алғаным.
Санай ашып әліппенің парағын,
Әріптерге ұзақ үнсіз қарадым.
10-оқушы:
Мектеп, мектеп - ашық жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп - шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп – әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп – жан анам боп көріндің.
11-оқушы:
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Шәкірттің асыл қырағы.
12-оқушы:
Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
13-оқушы:
Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті осында қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: «Мектебім».
Тамашадан үзінді: «Қазіргі алфавит».
Шаншар әзіл сықақ–театрдан үзінді: « Жолда».
Би: өзбек биі «Назар-назар.».
Куй тарту: « Қос алқа».
1- бастаушы:
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
Би: Ұлдардың орындауында өзбек биі «Полка.»
2- бастаушы:
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.

Мұғалім сөзі: Оқушылар мен сендерге өз портфолиоларыңды ұсынамын, мұны жоғалтпай 5-ші сыныпқа дейін сақтаңдар.

Ата – аналарға сөз:
1- бастаушы:
Қағылды міне әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы япыр – ау!

Соңғы қоңырау соғылады.
Қорытынды: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Келгендеріңізге көптен – көп рахмет.
Қош сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.