Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауышым- балбұлағым. -

Бастауышым- балбұлағым.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1501 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы:Бастауышым- балбұлағым.
1-жүргізуші: Оқу елге керек пе,
Керексіз бе:
Болды дау...
Жар сап әлемге
Соғылды бір қоңырау .
Ол Ыбырай атаның
Қоңырауы болатын.
Жарық етті әлемді,
Қараңғы еді дала тым.
Жырын жаттап жатамыз
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз-
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге, «Кел балалар оқылық !»
Деген сөзін көңілге
«Ықыласпен тоқылық!»
2-жүргізуші: Азамат жүрегін дер еткізер осмектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті. Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да , жаны шуақ та, нұрлы жүрегі, жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз.Ол ұстаз! Ендеше ортаға ұстазымыз Күлаш апайымызды шақырамыз.
Мұғалім сөйлейді.
3 - жүргізуші:
Армысыздар, ағайын!
Армысыздар мұғалімдер, аяулы жандар, білім іздеп инемен құдық қазғандар, құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2 - жүргізуші:
Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
3 - жүргізуші:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстаздарымызға.
Хормен: «Мың алғыс!»
1 - жүргізуші
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын.
2 - жүргізуші
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Хор : Ұстазым
3 - жүргізуші: Қасым Аманжолов ағамыз«Мектеп - кеме, білім - теңіз» деп тектен - текке айтпаған - ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
1 - жүргізуші:
Білім алды балалар.
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар.
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді.
Оқушылармен таныстырып өтейік

2-Жүргізуші:
Біліммен үлгі болған сыныпқа ,
Отырмайды ойланбастан, тыныпта
Миржан біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.

3-Жүргізуші:
Мынау менің сезгенім,
Ол- сыныптың данасы,
Өзгенінде өзінінң
Әсел болар панасы.

1-Жүргізуші:
Сынып намысын ақтаған ,
Жүрекке жыр жаттағанг
Сапарғали мектепұясын
Жан-тәнімен сақтаған

2-Жүргізуші:
Мен дәрігерболамын
Үлкенніңде баланың
Деп жүр біздің Жансая
Өзім емдеп жазамын.

3-Жүргізуші:Бастауыштың түлегі,
Ел депсоққан жүрегі.
«ГАИ қызметкері болам»-деп
Жасұлан біздің жүреді.

1-жүргізуші
Қай кезде де ол анық
Қайғырмайды өзі үшін
Марина біздің қуанып
Қызарады біз үшін.

2-Жүргізуші:Бойында алаулаған жалын
Жақсылық толағандырып жаннын
Руслан біздің қайтпай үйге
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын

3-Жүргізуші:
Мен үлкейіп толамын
Сіздей ұстаз боламын
Деп жүр біздің Аяжан
Үлгісі кіші баланың.

1-Жүргізуші:
Мен инженер боламын
Жерден алтын табамын
Деп жүрбіздің Мерей
Алтыннан мектеп саламын

2-Жүргізуші:
Келеді сонау қашықтан
Мектепке әркез асыққан
Томирис біздің ақ көңіл
Көңілді дария тасытқан.

3-Жүргізуші:
Ертеңгі күнді ойлайтын
Бес алам деп қалмайтын
Аршыл біздің Асылжан
Жалқаулыққа бармайтын

1-Жүргізуші:
Ал мен ақынболамын
Сусылдаған қаламым
Дейді біздің Мұхтар
«Таудан асқан талабым»
2-Жүргізуші:
Күні бойы тынбаған
Үлкендерді сыйлаған
Сабырлы біздің Құдайберген
Ұқыптылыққа бойлаған.
3-Жүргізуші:
Жыр оқып тарихын ол танытқан
Кітап оқып білімінде дамытқан
Сымбат сыныбымыздың озаты
Білімін ол болаттай ғып қорытқан
1-Жүргізуші:
Әдепті ол сақтайды,
Әділетті жақтайды
Нұрдаулетті біздің апайлар
Тәртіпті деп мақтайды.
2-Жүргізуші:
Би билейді талмайды,
Әсем әнін арнайды.
Біздің нәзік Назкенді
Барлық бала тыңдайды
3-Жүргізуші:
Әзілді жаны сүйеді
Армансыз ол күледі
Медеу біздің әрқашан
Жып-жинақы жүреді.
1-Жүргізуші:
Сыйлап сәлем береді
Үлкендерді көргенде
Әсемді біздің сыныпта
Ізетті деп біледі.
2-Жүргізуші:
Өнер қуған жасынан
Сөз асырмас басынан
Намысқой біздің Тоқтар
Табылар дос қасынан
3-Жүргізуші:
Білімді, алғыр,жан-жақты,
Қыздарымыз сымбатты
Бибіфатима біздің әрқашан
Досымыз болар қымбатты
1-Жүргізуші:
Кішкентайы сыныптың
Тентек емес жуас тым
Мирас біздің сыпайы
Досқа адал шынайы.
2-Жүргізуші:
Ана тілін ұнатады
Қыздарды кейде жылатады
Сұлтанбек біздің әрқашан
Күлдіреді және қуантады.
Ән: Жаншы-Жаншы
2-Жүргізуші:Ұстаз сөзі күн нұрына пара пар
Шәкірт оның әр сөзіненнәр алар
Ізгілік пен мейірімге толы ол
Шуақ болып жүректерге таралар

3-Жүргізуші:
Ұрпақ пен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алда әлі.
Ән шашу әсем әуен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
1-оқушы:
Мұғалім бұл адамның ардақты аты
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталаады осы жаннан
Сүйеді сондықтанда жақын-жаты
Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін
2-оқушы
Ұстаз деген қасиетті адам бар
Біле білсең, сенің екі анаң бар.
Бірі – сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң – ұстаз деген данаң бар.
Туған анаң болмаса ойнама сең , күлмес ең
Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең
Ұстаз ана болмаса сен өмірдің
Мәні менен мағынасын білмес ең
3-оқушы
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.
4-оқушы
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім
5-оқушы
Басса бұрыс жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен аға әкедейсің
Болашақтың көптеген жас шыбығын
Бағбанындай аялап мәпелейсің

Ән : хормен айту
1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақын да ,тегеріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер да егін салып малбағып, тер төккен шаруа да, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.
6-оқушы
Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым,
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым,
Қамқорым деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын,
Жарқынсың сен мұғалім
7- оқушы
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстатың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті
8- оқушы
Қоссаңдар бірді екіге үш болады
Деуші едің Білімменен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылменен істесеңіз іс болады
Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап

9- оқушы
Бастауышым –балбұлағым
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып білім алып
Рахметімді жаудырамын

10-оқушы
Өтті сенде қызықшағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне
Қимастықпен қол бұлғаймын

2-Жүргізуші
Мектеп сенсің адалдықты үйреткен
Мектеп сенсің жамандықтан жиреткен
Мектеп-сенсің жақсылықты ұран қып
Мектеп сенсің мені жұртқа сыйлы еткен

3-жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: -Ұстаздың көрсеткен жолы
-Ата-ананың ақылы
Болашаққа деген сенім

1- Жүргізуші
Құрметті ұстаздар біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз.Сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз.Жан-жақты білім бергені үшін әрбірпән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

2-жүргізуші
Арманым боп ансаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтам
Ардақтап сізді өтем деп.

Ұстаздарға арнау

Жұмыста ылғи қайсарды
Көрмейміз мұндай жайсанды
Ұжымның мықты ұстазы
Бастауыш сынып оқу бөлім меңгерушісі
Айгул апайды айтсаңшы


Күләш апай тәрбиелілікке оқытқан
Санамызға қырын-сырын тоқытқан
Ізгілік пен ізеттілікке жетелеп
Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан.

Мирас:
Гүлжихан апай да шебер ақ
Үйреткен әні жып жинақ
Шәкірттері молайып
Жемісін ылғи берер ақ

Алтын апай орыс тілін танытқан
Ойландырып ой –сананы дамытқан
Баршаңызға тілеріміз- жақсылық
Арналады өлең атты шабыттан
Жаттығулар не түрлі-
Жансаулықтың кепілі.
Кім білмейді біздің Севара апайды
Спорт десе жоқтан ол бар жасайды.
Қашанда спотзалдан табылатын
Жұрт оны «денсаулыққа жаршы» атайды

Томирис
Бояу сырын үйреткен
Шын көңілмен жүрекпен
Камшат апай керемет
Сабақ берген суреттен
Медеу
Ақылшым асыл ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың
Жалықпай үйреттің де балаларды
Өмірге тарту еттің даналарды
Ізгілікке жол ашып көрсетумен
Қара шашың қыраулап ағарады
Руслан
Мектеп үйім ұстаздарым –ата-анам
Сенен өсіп сенен ғана нәр аламын
Саяң ыстық сен мәуелі байтерек
Тамырланып сан тарапқа тараған
Ақыл білім көп бердің
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім
Сенсің – өмір көктемім
2-жүргізуші
Мектеп кеме білім теңіз
Барар жолға тез жетеміз
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда
1- Жүргізуші
Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік балалар
Бәрін бәрін білесің
Оқи білесің кітапты
Балалар біз кітаптан үйрендік ?

Жасұлан
Оқуды жазуды есп шығаруды ән айтып би билеуді.
Құдайберген
Жерімізге елімізге жақсылық жасауды үйрендік
Көрініс: 2 оқушына
1-Жүргізуші
Ана десем алғыс алам қалқым
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әзілдікті ұғамын
2-жүргізуші
Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімен мәңгі бірге боласын
Сен асқарсың сен аспансың биіксің
Сен дархансың сен жомартсың данасын
Ән: «Асыл ана » Асель
3-жүргізуші
Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы деген екен Расул Гамзатов ағамыз Олай болса ортаға жарық дүние сыйлаған аналарымзды шақырайық
1-Жүргізуші
Ата-аналар мен оқушыларды қатыстыра отырып ойын өткізейік, ата-аналар ымыз сұрақтарға жауап беріңіздер
Злиха апай - балаңыздың туған күнін ең жақын досын оқитын газет журналдарын атап беріңіз
Гүлзира апай - Балаға үлгі болатын кім?
Үй үшіндегі татулық кімге байланысты?
Балаңыздың арманын білесіз бе?
Айгүл апай -Балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?
Сізден айырмашылығын атаңыз
Үйде бала тірбиесіне кім көп көңіл бөледі?
2-жүргізуші
Енді ата-аналарымызбен мақалдың жалғасын тап ойынын жүргізейік.Мен мақалды бастаймын сіз жалғастырып айтуыңыз керек
1.Атаға қарап....
Анаға қарап.......
2.Ананың көңілі.....
3.Ата-ананың қадірін....
1. Атаңның баласы болма...
2.Жақсы сөз.....
3.Баланың жақсысы қызық.......
1.Ұяда не көрсең.....
2.Балалы үй базар....
3.Бала тілі.....
3-жүргізушіді
Енді балалар іс қимылмен жасырады, ата-аналар соңы табуы керек
1.Маған ілгішімді тігіп берші
2.Мен көйлеегімді кірлетіп тастадым, жуып берші
3.Мен ыдыстарды жуамын сен маған балмұздаққа ақша берші
4. Мен сабақ оқуым керек , сондықтан үй жинамаймын
5.Менің көйлегім үтектелмеген соны үтектеп берші
1- жүргізуші
Ардақты да ұғымтал аналарымызға көптен көп рахмет( балалар аналарға гул береді)
Би: қазак биі Ақкөгершін
2-жүргізуші
Балалар біз нені сүйеміз?
1- Оқушы Отанды, Ата ананы, халқымызды, достарымызды табиғатты
3-жүргізуші Біз нені ажырата білеміз?
1-оқушы Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты,ақ пен қараны.
1-жүргізуші Біз кім боламыз?
1-оқушы Адал азамат, оқымысты ғалым, елді жерді сүйетін нағыз адам боламыз.
Тақпақ баға туралы
Оқымап ем бір алдым
Киіп алды мұғалім
Алып едім екілік
Шықты анам жекіріп
Үш алғанда байқадым
Папам басын шайқады
Бес деп едім бүгін кеп
Қалды бәрі күлімдеп
1-жүргізуші
Құрбыласпыз тұрғыласпыз барлығымыз бір сыныптаспыз
Талаптымыз, таланттымыз
Жақсы оқимыз сабақты біз.
Мұғалім
Сынып оқушылар мен сендермен 1қыркүйекте осындай шаттық шенберінде өздеріңмен танысқан болатынмын.Енді міне ос ы шаттық шеңберінде сендерге ақ жол тілеп орта буынға шығарып салып тұрмын.Осы қоштаса сәтте «жақсы сөз- жарым ырыс» деп бір-бірімізге жақсы тілек айтайық
Хормен: Берген білім, ерен күш, ұстаздарға мың алғыс.
Ант беру рәсімі
Біз 4 «Ә» сынып қыздары мен ұлдары ұстаздар мен ата аналарымыздың алдында бұдан былай да мейрімді, тәртіпті, шыншыл болуға , бүгінге дейін білімізді одан әрі толықтыруға өзімзге білім берген ұстаздарымызды ұмыстпуға,өз отанымызды сүюге,
Хормен : Ант етеміз , ант етеміз, ант етеміз.
1- Жүргізуші: Сөз кезегінбастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісыне береміз.

Біз төрт жыл бойы бәріміз бірге оқыдық.Бізбен бірге ата-аналарымыз да балалыққа талай сапар шеккен болатын.Олар бізге қиын есептерді шешуді, шығарма жазуды, картадан һзендер мен көлдерді табуды болысты. Бір сөзбен айтқанда ата-аналарға РАХМЕТ (барлығы бірге)
(Ата-аналарға алғыс хат тапсыру)
2-жүргізуші
Бітіруші түлектер
Жүктелер бар аманат
Айтылды ізгі тілектер
Болмасын еш жаман ат
3-жүргізуші
Алдында ұзақ жолың бар
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман-есен болыңдар!



.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.